Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай және құрама сандар

31 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 1В Натурал сандардың бөлінгіштігі
5 сынып
Сабақ тақырыбы: Жай және құрама сандар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 1. 6. Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
Сабақ мақсаттары: Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
Натурал сандар туралы білімдерін кеңейту
Жетістік критерийлері - Жай және құрама сандарды анықтайды;
- Жай және құрама сандарды ажырата алады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану, талдау.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
- жай және құрама сандардың анықтамасын құрастырады;
- Жай және құрама сандардың бөлгіш және бөлінгіш анықтамаларын құрастырады.
- құрама сандардың бөлінгіштік белгілерін құрастырады
Пәнге тән лексика мен терминология:
- санның бөлгіші;
- жай сандар;
- құрама сандар;
- қзара жай сандар.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- натурал сандардың бөлінгіштігі деп....;
- натурал сандардың бөлгіші деп....;
-... сан жай сан, өйткені...
-... сан құрама сан, өйткені...

Құндылықтарды дарыту
- Жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы сыйластыққа, ынтымақтастыққа, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар - тарих пәні.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Бастапқы білім
Арифметикалық амалдардың компоненттері; натурал сандардың көбейтіндісі мен бөліндісі; жұп және тақ сандардың анықтамалары; санның бөлгіші.

Сабақтың басы
Бірлескен қоршаған ортаны жасау:
1. Оқушылармен амандасу: Сәлеметсіздер ме оқушылар, сендерді көргеніме ризамын. Жұмысқа дайындалайық. Бір - біріңе бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік. «Сәттілік шеңбері» әдісі.

2. Мақсат қою: Бүгінгі сабақтың эпиграфына назар аударайық «Әлемді сандар билейді!» Пифагор (Жаңа тақырыпты ашу)
Бұл сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер? Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жай және құрама сандар». Алдымен мақсатты қойып алайық. Жалпы мақсатты құрастыру.
3. Ауызша есептеу (Үй тапсырмасын тексеру).
Бағалау критерийлері:
оқушылар:
- Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады.
- Натурал сандардың бөлінгіштерін таба алады.

Слайдта тапсырмалар: (оқушылар тақтаға шығып тапсырманы орындайды)

Ауызша кері байланыс (бағыты: мұғалім - оқушы)
Сұрақтар:
- Тапсырмалардың қайсысы сендерге түсініксіз болды?
- Тапсырмалардың қайсысы сендерге жеңіл болды?
- Қалай ойлайсыздар, неліктен бұл тапсырмалар жеңіл болды?
- Қалай ойлайсыздар, неліктен бұл тапсырмалар қиын болды?

Сабақтың ортасы
Өткен тақырыпты қайталау (тапсырма презентацияда) Бәріне бірдей
1 тапсырма.
Мариям 20 тоқаш пісірді. Бәріне тең тоқаштан қалу үшін Мариям қанша досын қонаққа шақыра алады?
2 тапсырма.
Лейла 31 браслет тоқыды. Бәріне браслеттің тең саны шығу үшін Лейла қанша құрбыларына сыйлай алады?
3 тапсырма.
Барлық сандардың бөлгіштерін табыңыз: 50, 7, 829, 31, 24, 12, 23, 9, 100.
Шығару жолын талдау.
1тапсырманың шығару жолы. 20 санының барлық бөлгіштерін табу керек. Б (20) ={1, 2, 4, 5, 10, 20}
Жауабы: Мариям 1, 2, 4, 5, 10, 20 досын қонаққа шақыра алады.
ҚБ «Бағдаршам» (сигнал карталары әр оқушының партасында жатады ЖАСЫЛ – барлығы түсінікті; САРЫ – сұрақтарым бар; ҚЫЗЫЛ – түсінбедім) Кері байланысты «Бағдаршам» әдісімен өткіземіз.
Кері байланыс.
2 тапсырманың шығару жолы. 31 санының барлық бөлгіштерін табу керек. Б (31) ={1, 31}
Сұрақ туындайды: 31 санында тағы басқа бөлгіштер бар ма?
ҚБ «Бағдаршам»
Кері байланыс.
3 тапсырманың шығару жолы.
Б(50) ={1, 2, 5, 10, 25, 50}
Б(7) ={1, 7}
Б(829) = {1, 829}
Б(31) ={1, 31}
Б(24) ={1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24}
Б(12) ={1, 2, 3, 4, 6, 12}
Б(23) ={1, 23}
Б(9) ={1, 3, 9}
Б(100)= {1, 2, 4, 5, 10, 20, 25, 50, 100}
ҚБ «Бағдаршам»

Ауызша кері байланыс (бағыты: мұғалім - оқушы)
Бөлінгіштер санына қарай №3 тапсырмадан натурал сандарды қандай 2 топқа бөлуге болады?
Оқушылар ұсыныс береді: бірінші топ 2 бөлінгіші бар сандар, екінші топ 2 - ден көп бөлінгіштері бар сандар.
3. Гипотеза шығару. Диалогтық оқыту
Мұғалімнің сұрағы: әр топты қалай атауға болады?
Оқушылар өз ұсыныстарын береді.
Егер ұсыныстар дұрыс болса, мұғалім сұрақ қояды: «Топтың атауы дұрыс екендігін қалай тексеруге болады?», егер ұсыныстар болмаса мұғалім сұрайды: «Сандардың топтарының атауларын қалай білуге болады?». Қорытындылай келе оқулықпен жұмыс жасау керектігі туралы ой туғызады.

«Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Кужина С. У.

Жай және құрама сандар. жүктеу
3 857
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар мен құрама сандарды және құрама сандарды көбейткішке жіктеуді үйрету.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Натурал сандар туралы түсініктерін, тарихи ой - өрістерін кеңейту; Логикалық ойлау, зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру; пәнге деген белсенді танымдық қызығушылықты дамыту.
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×