Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Виет теоремасы

21 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы
Сабақтың мақсаты:
1. Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын қайталау.
2. Оқушыларды квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын пайдалануға дағдыландыру.
3. Квадрат теңдеудің коэффициенттері тәуелділікпен таныстыру.
Тәрбиелік:
1. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өздігінен жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
1. Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру.
2. Белсенділігін көтеруге ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты қарама - қайшылықты байқауға дағдыландыру.
Сабақтың жүру әдісі:
1. Әңгіме
2. Сұхбат
3. Өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру (өз беттерімен)
3. Өткен тақырыпты қайталау. (Екі оқушы
тақтада жұмыс жасайды)
Тапсырма: кестедегі бос орынды толтыру
4. Жаңа сабақ түсіндіру.
Тапсырма: Теңдеуді шешу.
5. Қалған оқушылардың теориялық практикалық білімдерін пайдаланып крассворд шешу.
6. Тарихи дерек (математик Франсуа Виет туралы айту)
7. Бекіту. Есептер шығару. №148, №149 (1 - 6)
8. Кері теореманы түсіндіру.
9. Виет теоремасы қасиеттері (ауызша)
10. Үйге тапсырма. №150 - 154 есептер.
11. Қорытынды тест.
Кесте Квадрат теңдеудің түбірлері мен коэфициентері арасындағы байланысты көруге көмектесті ме? Өз ойларыңды болжамдарыңды айтыңдар (оқушылар қорытынды жасайды) Өздерің жасаған болжамды кітаптарыңда жазылған теоремамен салыстырыңдар.
ТЕОРЕМА:
Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама - қарсы таңбамен алынған оның екінші коэфициентіне тең, ал түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшесіне тең.

Дәлелдеуін сендердің көмектеріңмен келесі сабақта дәлелдейтін боламыз. Бұл теорема француз математигі Франсуа Виеттің атымен Виет теоремасы.
Қалған оқушылардың теориялық
практикалық білімдерін пайдаланып
крассворд шешу.
Сұрақтар:
1. ах2+вх+с=0 теңдеуі
қалай аталады?
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек.
3. Квадрат теңдеуде а, в қалай аталады?
4. Квадрат теңдеудің дербес түрі.
Біз бүгін сабақта квадрат теңдеудің коэффициенттерімен түбірлерінің арасындағы тәуелділікпен танысамыз. Квадрат теңдеуді шешу барысында оның түбірлері жөнінде ақпарат коэффициенттерінде жасырынғанын байқадыңдар.
Бұл балалар біздің жаңа сабағымыз. Виет теоремасы.
Виет теоремасы жүктеу
Виет теоремасы слайд жүктеу
2 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару.
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын оқып үйреніп, оларды квадрат теңдеуді шешуде қолдана білу.
Виет теоремасы
Виет теоремасы
Виет теоремасын және оған кері теореманы есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету, әртүрлі қиындықтағы есептерді шығара білу.
Квадрат теңдеулерді шешуді қайталау
Квадрат теңдеулерді шешуді қайталау
Анықтама ах ²+вх+с=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Синоним. Теңдеу.
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің Математика пән мұғалімі: Қанатова Талшын Иватқызы
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×