Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару

30 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Алгебра 8 сынып
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Ақпараттық құзыреттілік: Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету, әртүрлі қиындықтағы есептерді шығара білу;
Коммуникативтік құзыреттілік: Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама - қайшылықты байқауға дағдыландыру;
Проблемалық құзыреттілік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу, өздігінен жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша жүргізілетін жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ынтымақтастық, ұжымдық оқыту.
Көрнекілігі:
 Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формулалары;
 Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелер;
 «Сөре және мәре» ойынынан керекті анықтамалар, формулалар.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, казак тілі, әдебиет.
Сабақтың жүру барысы:
 1. Ұйымдастыру;
 2. Мақсат қою;
 Мағынаны ашу стратегиясы;
 Мағынаны ажырату стратегиясы;
 Кітаппен жұмыс;
 3. Сабақты қорытындылау;
 4. Үйге тапсырма;
 Бағалау;
 Рефлекция.

ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сыныпты 4 - 4 - тен топқа бөлемін, топқа кездейсоқ жағдаймен бөлемін. Топ басшылары сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі.
 “Қызығушылықты ояту” – кроссворд шешеді
Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.

1. ах 2 +вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір
астындағы өрнек? (дискриминант)
3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)
Тарихи дерек (Франсуа Виет) туралы ( оқушылар өз ойларымен бөліседі).
МАҒЫНАНЫ АШУ СТРАТЕГИЯСЫ
(жұбыңды тап)
Формулалар мен анықтамалар қиылып таратылады, басы бір топқа, соңы екінші топқа беріледі. Олар құрастырып оқиды.

Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару. жүктеу
5 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Виет теоремасы
Виет теоремасы
Оқушыларды квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын пайдалануға дағдыландыру.
Виет теоремасы
Виет теоремасы
Виет теоремасын және оған кері теореманы есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер
Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер
Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер. Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу алгоритмімен таныстыру, квадрат теңдеуге келтірілетін есептерді шығаруды үйрету.
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып есептер шығару
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып есептер шығару
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы
Виет теоремасы
Виет теоремасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарысай негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Жансүгірова Гүлшат Майлыбайқызы
Квадрат теңдеулерді шешу
Квадрат теңдеулерді шешу
Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу. Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын тиянақты жеткізе білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×