Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі

11 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін үйрету, есептердің шығарылу тәсілдерін меңгерту, есептеу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Есеп, мысал, тапсырмаларды орындау арқылы математикалық тілде сөйлеуге және есте сақтау қабілеті мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, есептеу, тексеру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребус, кесте, слайд, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқу құралдарын түгендеу, сабаққа даярлығын тексру,
назарларын сабаққа аудару.
Ә) Психологиялық дайындық.
Әрбір адам? (туысың, досың, жұрағат)
Әрбір сабақ? (үйрену, ұғу, ұлағат)
Әрбір ісің? (тірлік, тірек, адамдық)
Әрбір сөзің? (шындық, бірлік, адалдық)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ
1. Тірек, білім дағдыларын қалыптастыру
І топ Биолог
4219 х 26 * 26 х 4219
4200: 70 * 4200 х 2
ІІ топ Эколог.
60 х 523 * 670 х 523
5480: 2 * 5480: 20
ІІ топ Сәулетші
3700 х 540 * 540 х 3600
2800 х 38 * 28 х 21800

2 тапсырма: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін түсіндіру. Жаңа материалмен жұмыс.

1072 - ні 134 - ке бөлу керек. Ол үшін 1072 - ні 100 - ге бөлемін, 10 шығады. 10 саны бөліндінің мәні бола алмайды, себебі разрядтағы ең үлкен бірлік – 9 саны.

9 - ды аламын. Тексеремін: 134 - ті 9 - ға көбейтемін, 1206 шығады. Бұл 1072 – ге қарағанда үлкен, сондықтан бөліндінің мәнінде 9 - дан кіші сан болу керек. 8 санын алып көремін. Тексеремін: 134 * 8 = 1072. Бөліндінің мәні 8 - ге тең.

І топ
1206: 734 =
1960: 245 =
ІІ топ
1188: 132 =
2097: 233 =

ІІІ топ.
2528: 316=
1107: 123 =

3 тапсырма. Өрнектің мәнін табу.
І топ
(13968 – 9756): 234 =
ІІ топ
7791: (10000 - 9629) =
ІІІ топ.
15953: 53 + 29080*18 - 490076=

4 есеп. І топ. Биологтар.
«Ақсу - Жабағылы» қорығына саяхат.
1 қайыңның жапырағы – 67 литр суды буландырады.
1 - ші сая жолдa – 19 қайың қанша литр суды буландырады?
2 – ші сая жолда – 35қайың.
Шешуі:
Жауабы:

5 есеп. ІІ топ.
Экологтар. Каспий теңізіне саяхат.
5 гр мұнай - судың 50 жерде жайылады.
Мұнай дақтары – 10 жерді алып жатса
Қанша мұнай өнімі су бетіне төгілді?
Шешуі:
Жауабы:

6 есеп. ІІІ. Топ Сәулетшілер.
Астана қаласына саяхат.

А) Бәйтеректің диаметрі = 22м - ге тең
Диаметрін см - мен және дм – мен өрнектеу.

Ә) Пирамиданың биіктігі 62м
Бәйтеректің биіктігі -?, бірақ 350дм артық.
Бәйтеректің биіктігі қанша метр?
Шешуі:
Жауабы:

4 сынып жетекшісі: Жунусбекова Нарайым
Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі жүктеу
2 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері. Қайталау.
Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×