Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалдықпен бөлу

09 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Қалдықпен бөлу
Оқу мақсаты: 4. 1. 2. 10 көптаңбалы сандарды үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау;
Бағалау критерийлері көптаңбалы сандарды үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді түсінеді, орындайды.
Ғылыми тіл Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту, бөлу, көбейткіш, бөлінігіш, бөлгіш, қалдықпен бөлу
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.
Талқылау:
- Екі таңбалы санға бөлу кезінде қандай қалдықтар болуы мүмкін? Үш таңбалы санға?
- Екі таңбалы/үш таңбалы санға бөлу кезінде қалдық қандай жағдайда ең кіші болады? Ең үлкен? Қандай жағдайда қалдық болмайды?
- Қалдықпен бөлудің дұрыстығын қалайша тексеруге болады?
Құндылықтар Өмір бойына білім алу
Пәнаралық байланыс Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы меңгерілген білім көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді
Сабақ барысы:
Жоспарланған уақыт Оқушылардың жоспарланған іс - әрекеті Ресурстар
Сабақтың басы Ынталандыру
(Т. Ж) Көптаңбалы санды үш таңбалы санға қалдықпен бөлу мысалының бөліктері жазылған кеспеқағаздарды тарату. Оқушылар бөліктерден бұрыштап бөлу мысалын құрастырады, кеспеқағаздарды ватманға жапсырады. Барлық топтардың мысалы бірдей, сондықтан оларда бірдей жауап құрастырылуы керек. Дұрыс жауабын көрсетіп, жаттығуды қорытындылау. 76521: 367 = 208 (185 қалдық)
Сөздік бағалау жүргізу «Тамаша!», «Жарайсың!», «Жақсы!»
Сабақтың ортасы:
Киіз үй құру
(Т. Ж) Сызғыш пен Өшіргіш кең байтақ Отанымызға саяхатын жалғастырады. Оқушылардан қазақ халқының ертедегі үйі туралы не білетінін сұрау. Алдын ала бір оқушыға осы туралы тапсырма беру, оның қысқа баяндамасын тыңдау. Тапсырманы 4 адамнан тұратын шағын топта орындау. Көптаңбалы сандарды үш таңбалы сандарға қалдықпен бұрыштап бөледі. Тізімдегі артық мысалды табады. Оны қандай белгісі бойынша анықтағанын сұрау. Оқушылардың талқылауын бақылап, бағалау.
Тапсырма
Өшіргіш пен Сызғыш киіз үйді құратын болды. Оларға көмектес. Мысалдарды шығар. Артық мысалды тап. Сен не байқадың?
Жауабы:
4685: 213 = 21 (212 қалдық)
4686: 213 = 22
4687: 213 = 22 (1 қалдық)
4688: 213 = 22 (2 қалдық)
Бағдаршам түстері арқылы бағалау
Қой қора
(Т. Ж) Әдетте киіз үйді қайда тігетінін сұрау (Жайлауда). Тапсырмада бір сұрақтың екінші сұрақтан туындайтынын айту. Тапсырманы шетінен тізбектеп орындау. Үлгерімі төмен оқушылар тапсырманың тек өзіне түсініктілерін ғана шығарады. Үлгерімі жоғары оқушылар барлық мысалды түсіндіріп шығару. Оқушылардың мысалдарды дұрыс шығаруын қадағалау. Топтағы әрбір оқушының жұмысын бағалау.
Тапсырма
Киіз үйдің жанынан қой қора салу керек. Ені 42 метр, ал ұзындығы
263 метр болатын қораға неше метр қоршау керек?
а) Егер қоршау шарбағының ұзындығы 112 метр болса, осы аумақты қоршау үшін неше шарбақ сатып алу керек?
ә) Қораның ауданын тап.
б) Қораның 124 - тен бір бөлігін қозыларға арнап бөлді. Осы бөліктің ауданын тап. Барлық ауданның қанша бөлігі қойларға қалады?
Жауабы:
Р = (263 + 42) • 2 = 610 м
а) 610: 12 = 50 шарбақ (10 м қалдық – есікке)
ә) S = 263 • 42 = 11046 м²
б) 11046: 124 = 89 м² – қозыларға (10 қалдық)
(11046 – 89) +10 = 10967 м² – қойларға
Бағдаршам түстері арқылы бағалау
Өрнектердің мәнін тап
(Ө. Ж) Тапсырманы өз бетінше орындау. Үлгерімі төмен оқушылар алгоритмге жүгінеді. Оқушылар айнымалы шаманың мәнін қою арқылы үш өрнек алады. Соңында тақтадан дұрыс жауабын көріп, өзін - өзі бағалау.
Оқушыларды бағалап, қорытынды жасау.
Жауабы:
а) 9635: 143 = 67 (54 қалдық)
9635: 262 = 36 (203 қалдық)
9635: 458 = 21 (17 қалдық)
ә) 625: 125 = 5
625: 250 = 2 (125 қалдық)
625: 621 = 1 (4 қалдық)
б) 4526: 623 = 7 (165 қалдық)
4526: 742 = 6 (74 қалдық)
4526: 836 = 5 (346 қалдық)
Смайлик арқылы бағалау
Шығарып көр
(Ж. Ж) Мәселе есепті шығару арқылы тақырыпты бекіту. Есепті талдап, екі амалмен шығатынын түсіндіру. Есепте не белгілі екенін сұрау. Нені табу керек екенін бағыттаушы сұрақтар қоя отырып анықтауға көмектесу.
Есепті екі тәсілмен шығару: бірінші – амалдар бойынша, екінші – өрнектің мәнін тізбектеп есептеу арқылы. Есепті алғашқы болып шығарған екі жұп есептің шешу жолын тақтада көрсетуді. Жауаптарын салыстырып, қорытынды жасау. Оқушылардың есепті дәптеріне дұрыс жазуын тексеру.
Жауабы:
а) 1) 947 + 834 = 1781 м
2) 1781: 112 = 15 (101 қалдық)
ә) 1) 1734: 140 = 12 (54 қалдық)
2) 140: 2 = 70
1734: 70 = 24 (54 қалдық)
Отшашу арқылы бағалау
Ойлан
(Т. Ж) Бұл тапсырма келесі тақырыпқа дайындау. Топтың құрамын аралас түрде (жақсы оқитын, орташа оқитын балалар) анықтау. Топтағы оқушылардың бірін - бірі үйретуін/оқытуын ұйымдастыру. Топтар тапсырманы орындап болған соң тақтаға үлгерімі орташа оқушыны шығарып, есебін сыныпқа түсіндіруін сұрау, бағалау.
Жауабы:
2772: 173 = 16 (4 қалдық)
4459: 218 = 20 (99 қалдық)
51862: 424 = 122 (134 қалдық)
Бағдаршам түстері арқылы бағалау
Қайтала
(Ж. Ж) Көптаңбалы сандармен амалдар орындауды қайталау. Жұптар арасында бірін - бірі бағалайды.
Жауабы:
а) 18 • 5 = 90 м²
ә) 90 • 20 = 1800 кг
Смайлик арқылы бағалау  Қалыптастырушы бағалау
Бөлу
(Ө. Ж) Тапсырма көптаңбалы санды үш таңбалы санға бұрыштап бөлу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушыларға тапсырманы орындау үшін алгоритмді пайдалану керек екенін айту. Бірнеше оқушының дәптерін тексеріп, кері байланыс ұсыну.
Жауабы:
14507: 186 = 77 (185 қалдық)
9861: 325 = 30 (111 қалдық)
300 428: 505 = 594 (458 қалдық)
49861: 367 = 135 (316 қалдық)
Дүкенде
(Ж. Ж) Оқушыларға алдымен кестедегі деректер бойынша есеп құрастыруға, содан кейін оны жұп болып шығаруға мүмкіндік беру.
- Осындай есептерді (заттың бағасы, саны, құны) қалай шығару керек?
- Қайтарым ақша деген не? (Қалдық)
Үлгерімі орташа оқушыларға есепті бір амал арқылы орындауды, ал үлгерімі жоғары оқушыларға сатып алынған заттардың құнын анықтауды қажет ететін қиындау есеп құрастыруды тапсыру.
Жауабы:
1) 2351: 121 = 19 (52 қалдық)
2) 3484: 213 = 16 (76 қалдық)
3) 4253: 324 = 13 (41 қалдық)
Қосымша тапсырмалар
Есепті шығар
113 контейнерде қосалқы бөлшектер салынған 113 жәшік болған. Оларды 213 техникалық қыз - мет көрсететін жердің барлығына бірдей бөліп таратты. Әр қызмет көрсететін жер неше қосалқы бөлшек алады? Қаншасы контейнерде қалады?
Жауабы:
1) 113 • 113 = 12769 (қосалқы бөлшек)
2) 12769: 213 = 59 (202 қалды) 3 - слайд

Қалдықпен бөлу жүктеп алу 
6 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу.
Қалдықпен бөлу 907: 2
Қалдықпен бөлу 907: 2
Қалдықпен бөлу, көбейту және бөлу бөлімі бойынша алған білімін пысықтау, қорыту;
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу туралы білім қалыптастырып, есептер шығара білуге жаттықтыру
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×