Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпмүше және оларға амалдар қолдану

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Математика
Пәні: алгебра
Класс: 7
Сабақтың тақырыбы: Көпмүше және оларға амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Көпмүшелерге амалдар қолдана білу.
Міндеттер:
1. Көпмүшенің анықтамасын есептер шығаруда пайдалана білу;
2. Көпмүшеге байланысты есептерді шығара білуге дағдыландыру;
Математикалық тілде сауатты сөйлей
3. білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пайдаланылған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, салыстыру, сөздік, жеке ізденушілік, проблемалық.
Сабақ өткізу формалары: ұжымдық, жеке, жұптық, бірін - бірі тексеру, өзін - өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар, плакаттар, слайдтар, саралап оқыту, АКТ.
Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Біз қандай тарауды өтудеміз?
- Бірмүше мен көпмүше туралы білімдеріңді байқап көрейік.

Психологиялық дайындық.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Қызығушылық ояту сәті.
1. Бір кісі үйге кірді, ол үйде шам мен керосин лампысы тұр. Ол нені бірінші жағады?
Жауабы: шырпыны.
2. Отбасында 4 ұл бала бар. Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Отбасында неше бала бар?
Жауабы: 5 бала.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Бірмүше» және «Көпмүше» ұғымдарының арасында қандай байланыс бар?
2. Көпмүшенің дәреже көрсеткіші қалай анықталады?
3. Көпмүшелерді қосу, көбейту амалдары мен жақшаны ашу түрлендіруінің арасында қандай байланыс бар?
№ 103 (3, 4)
№ 104 (3, 4)
Интерактивті тақтадан дұрыс жауаптары бойынша өздері тексеру.

ІІІ. Есептер шығару.

№1. Жеке жұмыс.
Салыстыру әдісі.
- Мына берілген өрнектерді екі бағанға топтастырыңдар да қай мүшеге жататынын айтыңдар.
3х*(- 2) у; 5ав; 2ах2+ву+7; х+7; 9хz; 4х2+3у+а; - 7у; х+у+z; 6.
- Бірмүше мен көпмүшелер.
Бірмүшелер ---------------- көпмүшелер
3ху(- 2) у --------------------- 2ах2+ву+7
5ав; -------------------------- х+7
- 7у -------------------------- 4х2+3у+а
6 ---------------------------- х+у+z
9хz

№2. Жұптық жұмыс. Ізденушілік әдісі.
- Мына берілген өрнектерді ұқсас мүшелерді біріктіріп көпмүшенің дәрежесін анықта
5а2в - 5ав2 - ав - 2а2в+10ав2
3а2в+5ав2 - ав

Бұл көпмүшенің дәрежесі 3 - ке тең

№3.
- Көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана отырып, берілген өрнектерді теңбе-тең түрлендіргендегі алынған өрнектердің сәйкестігін тап.
Сәйкестік тест
3(2ах+5у+7) --------------- 5х2+15ху2
2а(4х+у) -------------------- 6ах+15у+21
5ху(х+3у) ------------------ 8ах+2ау

№4. Ұжымдық жұмыс. Проблемалық әдіс.
- Бірмүшелерді көбейту алгоритмін жаса:
- 3а2в4с2*6а3в2сd=- 18а5в6c3d
Алгоритмі:
1. Коэффициенттері көбейтіледі;
2. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады;
3. Көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалады;
4. Шыққан нәтижелер бір - біріне көбейтіледі.

Енді бірмүшені көп мүшеге көбейту алгоритмін жасайық
6ав(2а - 3в+4)=12а2в - 18ав2+24ав
Алгоритмі
1. Бірмүше көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіледі;
2. Шыққан көбейтінділер қосылады.

№5. Деңгейлік есептер шығару.
1 деңгей
№108
1) 6х*(2х - 1)- 7х=12х2 - 6х - 7х=12х2 - 13х;
2) 2(5х - 4у+1)- 3(3х - 3у - 1) =10х - 8у+2 - 9х+9у+3=х - 8у+5;
3) а+в+с -(а - в - с) =а+в+с - а+в+с=2в+2с;
4) 7(2а+5в)- 5(3в - 4а) =14а+35в - 15в+20а=34а+20в.

№109
(8х2+9у2+2ху - х)*(- 5у) = - 40 х2 у - 45у3 - 10ху2+5ху
2 деңгей
№116
3 деңгей
№123

№6. Шығармашылық жұмыс.
- Өздерің бірмүше мен көпмүшені көбейтуге өрнек құрастырып, жаңа мәліметті жобалаңдар.
- Жасалған жоба байынша қандай тұжырымдама жасар едіңдер?
- Бірмүшені көпмүшеге көбейтудің тірек сызбасы арқылы жобасын жаса
5х2у
2х2у2
+
- 3ху2
+
5хуz
+
- 9

10х4у3
+
- 15х3у3
+
25х3у2z
+
- 45х2у

Бірмүше -------- көпмүше --------- көпмүше
IV. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі өтілген тақырып несімен қызықты?
- Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар?
- Қандай тапсырма сенің шығармашылығыңды дамытты?
- Іздену тапсырмалары ұнай ма?
- Мақсаттарға жеттік пе, тексеріп көрейік?

V. Үйге тапсырма. 1 деңгей №111, 2 деңгей №119, 3 деңгей №124.
VII. Бағалау. Сабаққа қатысулары бойынша бағаланады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 300
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Сабақ тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану тақырыптарына дидактикалық материалдар
Көпмүшелерге амалдар қолдану тақырыптарына дидактикалық материалдар
Көпмүшелерге амалдар қолдану тақырыптарына дидактикалық материалдар
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Оқушылар көпмүшелерді қосады және азайтады. Көпмүшелерді стандарт түрге келтіре алады. Көпмүше дәрежесін анықтайды Көпмүшелерді қосады және азайтады. Көпмүшелерді стандарт түрге келтіре алады. Көпмүшені бірмүшеге көбейтеді.
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүше деп бірмүшелердің қосындысын айтамыз 2a ²- 3b ³; 7b ³- 4a - 2, 5.
Көпмүшеге амалдар қолдану
Көпмүшеге амалдар қолдану
Көпмүшелерді қосу, азайту, көбейту ережелерін пайдаланып есептер шығару арқылы білік дағдыларын қалыптастыру Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ерекшеліктерін қалыптастыру
Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісі және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісі және ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Есмурзаев Бауыржан Қуанышбайулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×