Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


V тарауда алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу

30 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Математика
«V тарауды қайталауға арналған жаттығулар»
Қолданылған технология: деңгейлеп оқыту
(«Брейн - ринг» оқыта үйрету ойынының элементті)
(5А сынып)
Сабақтың мақсаты: V тарауда алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу.
Cабақ №:
Күні:
Сынып:
Сабақтың мақсаты: V тарауда алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу.
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: пысықтау
Сабақтың типі: ойын - сабақ
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, оқулық, жұмыс дәптері, бағалау парағы, бағалау жетондары.
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, информатика.
Сабақтың құрал – жабдықтары: ИТ, тест, слайд.
Оқыту формалары: Топтық және ұжымдық.

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (3 - тапсырма)
ІІІ. Кім жылдам?
ІV. «Мозайка жинау».
V. Сергіту сәті. Логикалық тапсырмалар
VI. Бекіту. Тест
VІI. Үйге тапсырма
VIІI. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
● Оқушылармен сәлемдесу;
● Оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу;
● Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Бүгін сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Сыныбымыз үш топқа бөлінген.
Топтарға топ жетекшілерін сайлап аламыз.

ІІ. Өткенді еске түсірейік.
1. Мен - саған, сен - маған:
1. Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?
2. Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңба деп аталады?
3. Ондық бөлшектің, мысалы, 52, 3142 ондық бөлшегінің, бөлшек бөлігінің разрядтарын атаңдар.
4. Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
5. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?
6. Ондық бөлшектер разряд бойынша қалай салыстырылады?
7. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
8. Ондық бөлшектерді қалай азайтады?
2. Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қойыңдар:
1 - топ: 43+1, 7=6 2 - топ: 37+586=9, 56 3 - топ: 9, 95 - 195=8
5+999=14, 99 83 - 0, 38=7, 92 64 - 4=2, 4

3. Тақтаға 3 есеп ілінеді. Қатесін түзеу керек:
2, 06+ 1, 3=
2, 06
1, 3
________
3, 09

61 - 7, 64=
61
7, 64
________
54, 64

21, 7+0, 613=
21, 7
0, 613
________
21, 1313

ІІІ. Кім жылдам?
Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. №1019 (1 - 8)
ІІ деңгей. №1025
ІІІ деңгей. 1029 (1, 3)

ІV. «Мозайка жинау»
Сендер мозайка жинауды жақсы көресіңдер. Біз осы мозайканы дұрыс құрастыруымыз керек. Бұл жай мозайка емес сиқырлы. Себебі олардың әрбіреуінің артында есептер жазылған. Сендер сол есептерді шешіп, жауабы дұрыс жазылған беттерге сәйкестендіріп қойсаңдар өздерің тұратын жерлерде кездесетін аңдар - құстар, жануарлардың суретін құрастырып аласыңдар.

1 - топ. Амалдарды орындаңдар:
9, 4+7, 3=16, 7
3, 54+1, 44=4, 98
4, 2+8, 36=12, 56
8, 34 - 3, 26=5, 08
13, 321 - 10, 41=2, 911
2, 3 - 0, 5=1, 8

2 - топ. Амалдарды орындаңдар:
4, 6 - 2, 85=1, 75
6 - 3, 82=2, 18
8, 314 - 1, 203=7, 111
24, 541+1, 9=26, 441
18, 2+3, 832=22, 032
21, 612+7, 39=29, 002

3 - топ. Амалдарды орындаңдар:
23, 5+4, 15=27, 65
0, 73+2, 27=3
5, 451+6, 129=11, 58
2, 9 - 1, 42=1, 48
25, 45 - 15, 56=9, 89
12, 3 - 0, 545=11, 755

V. Сергіту сәті. Логикалық тапсырмалар.
1. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5)
2. Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90 - ақ минут ұшты, неге? (тең)
3. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (2)
4. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
5. Бір тонна мақта ауыр ма, бір тонна темір ауыр ма? (тең)

VІ. Бекіту.
Енді әрбір оқушыға 5 сұрақтан құралған тест беремін.
1. Сандар тізімінің ішіндегі ең үлкен сан мен ең кіші санның қосындысын табыңдар:
2, 3; 0, 57; 8, 3; 18, 1; 1, 57; 0, 54
а) 18, 67
b) 8, 84
c) 18, 64
d) 19, 64
2. Берілген тізімдегі сандардың қосындысын табыңдар: 4, 3; 0, 87; 5, 7
а) 10, 87
b) 99, 7
c) 9, 97
d) 1, 087
3. Базарға сатуға үйрек мен қазды әкелді. Үйректің салмағы 3, 35кг, ал қаздың салмағы одан 2, 475кг ауыр. Үйрек пен қаздың жалпы салмағы қанша?
а) 4, 225кг
b) 3, 35кг
c) 9, 175кг
d) 0, 875кг
4. Берілген тізімдегі сандардың қосындысын табыңдар: 3, 4; 0, 87; 2, 9
а) 6, 17
b) 6
c) 7, 17
d) 7
5. Сандар тізімінің ішіндегі ең үлкен сан мен ең кішісінің айырмасын табыңдар:
3, 9; 15, 11; 3, 09; 15, 01
а) 11, 92
b) 12, 02
c) 11, 21
d) 11, 11

Жауаптары:
1 ---2 ---3 ---4 ---5
c ---a ---c ----c ---a

Бағалау. Оқушыларды бағалау жинаған фишкаларымен қойылады.
Көк түс «5», жасыл түс «4», сары «3».
Үйге тапсырма: №1024
Қорытынды
2 961
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын пайдаланып есептер шығару, өз білімдерін толықтыруға үйрету. Өз ойын жеткізе білуге, математикалық шешендік тілін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Жай бөлшекті қосуға есептер шығару
Жай бөлшекті қосуға есептер шығару
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана алу. оқушылардың білімі мен біліктілігін жүйелеуге дамыту
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты санның п - ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару
Нақты сандардан алынған түбірлер мен оның қасиеттері туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, осы қасиеттерді есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, есептеу дағдыларын арттыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру.
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×