Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Перпендикуляр және көлбеу

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр, көлбеу, көлбеудің проекциясы, нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық ұғымдарын біліп шығу, оларды есеп шығаруда тиімді қолдана білу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялы мен кеңістікті елестетуін, нақты, дәл және жалпылай ойлауын, түрлі байланыстарды (ұқсастық, ерекше - даралық, қарама - қарсылық, себеп - салдарлы) негізге алуын, олардың сөздік қорын молайту және күрделілендіру, өз ойын логикалы және жүйелі жеткізуін, таным белсенділіктерін, ізденімпаздығын дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушылардың нәтижеге бағытталған білімге деген жауапкершілігін, мақсатқа жету жолындағы табандылық, еңбекқорлық қасиеттерін, өзіне деген сенімділік, бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды беру сабағы
Сабақтың түрі: «Ой таным» топтық – сайыс сабағы
Сабақтың берілу әдісі: Сұрақ - жауап, диалогтық әдіс, көрнекі – иллюстративті
әдіс, СТО стратегияларының, «Үш өлшемді жүйе» әдістемесінің элементтерін қолдану

Сабақтағы қайталау: Нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр, көлбеу, нүктеден түзуге дейінгі қашықтық, түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы
Сабақтың көрнекілігі: «Ойлан, тап» тапсырмалары, сабақтың тақырыбы, мақсаты, №1 сурет, деңгейлік тапсырмалар, «Үй тапсырмасы, «бағалау мониторингі», модельдер: параллелепипед, куб, пирамида, каркасты үй шатырының, темірбетон конструкциялардың суреттері
Сабақтағы тех құралдар: Компьютер, проектор, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Сабағымызды топтық сайыс түрінде өткіземіз. Сондықтан үш топқа бөлініп, топтарға ұлы математиктер: Әл - Фараби, Пифагор, Декарт аттарын береміз.

(Пирамида суреті көрсетіледі. )

Б. э. д. І ғасырда өмір сүрген грек геометригі Фалес пирамиданың биіктігін тауып беріп, өзгелерді таң қалдырған. Ол «Мына таяқшаның көлеңкесі биіктігіне тең болғанда, пирамиданың биіктігі көлеңкесіне тең болады» деп шешкен.
(Экранда кеме)
Алыста якорьде тұрған кемеге дейінгі қашықтықты есептей алған.
Осы суреттер сіздерге қандай ұғымдарды, фигураларды еске түсіреді? (Перпендикуляр, көлбеу, үшбұрыш) Ендеше перпендикуляр мен көлбеудің өмірдегі маңызы зор екенін көріп отырмыз.
Бүгінгі сабағымыз мына стратегиялардан тұрады. (Тақтаға ілінеді)

1. Ой қозғау.
2. Ой таным.
3. Ой тоқтам.
4. Ой қуаты.

«Ой қозғау» кезеңінде «Ойлан, тап» тапсырмасын орындайық.
«Ойлан, тап!»
1. 2.
3. А нүктесінен ВС кесіндісіне дейінгі қашықтықты тап.
Сабақтың «Ой таным» кезеңінде жаңа сабақпен танысамыз.
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу
Сабақтың мақсаты: Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр, көлбеу, проекция, қашықтық ұғымдарын білу. «Көпір» тапсырмасы:
1. Түзу мен жазықтық өзара қалай орналасуы мүмкін?
2 Нүктенің түзуден қашықтығы дегеніміз нені?
3. Жазықтыққа перпендикуляр дегеніміз қандай түзу

1. Анықтама:
Берілген нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп осы нүктеден жазықтыққа жүргізілген перпендикулярдың осы нүкте мен жазықтық арасындағы кесіндісін айтады ( Экраннан, модельден, плакаттан көрсету)
2. Перпендикулярдың жазықтықтағы ұшы перпендикулярдың табаны деп аталады.
3. Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу деп бір ұшы жазықтықта жатқан, жазықтыққа перпендикуляр емес түзу кесіндісін айтады.
4. Көлбеудің жазықтықтағы ұшы көлбеудің табаны деп аталады.
5. Перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесінді көлбеудің осы жазықтықтағы проекциясы деп аталады.
6. А нүктесінен α жазықтығына дейінгі қашықтық қайсы?
(АС перпендикуляры)
7. Көлбеу мен перпендикулярды салыстыр?
(Темірбетон конструкциялы үй каркастары, үйдің шатыр каркасы, эскалатор, пирамидалар, параллелепипед, куб) Перпендикулярдың құрылыстағы рөлі ерекше, темірбетонды конструкциялар өзара перпендикуляр бекітіледі. Перпендикулярлықты «құрылыс геометриясының негіздері» деп атайды.

«Ой тоқтам» кезеңінде «Кім жылдам?» сайысын өткізелік. (Дауыстап оқу)
1. Жазықтықтағы кез - келген түзумен тік бұрыш жасай қиылысқан түзу.
(Перпендикуляр)
2. Жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр емес түзу. (Көлбеу)
4. Перпендикулярдың және көлбеудің жазықтықтағы табандарын қосатын кесінді. (Көлбеудің жазықтықтағы проекциясы
5. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығы (Қашықтық)
6. Перпендикуляр, көлбеу, проекция құрайтын үшбұрыш.(Тікбұрышты)
7. Перпендикуляр, көлбеу, проекцияны байланыстыратын теорема.(Пифагор)

«Ой қуаты» кезеңінде деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.(Тақтада көрсетіледі.)
А тапсырмасы
D нүктесінен АВ түзуіне дейінгі қашықтықты тап.
1.
Жауабы: 10 см
2.
Жауабы: 4, 5 см
B тапсырмасы
1. О нүктесінен α жазықтығына перпендикуляр және өзара тең екі көлбеу жүргізілген. Осы көлбеулердің проекцияларының тең екенін дәлелде.
Жауабы: 6, 5 см
C тапсырмасы
1. CD кесіндісін тап.
Шығармашылыққа тапсырма: №126 есеп.
М нүктесі дұрыс үшбұрыштың әрбір төбесінен см қашықтықта, ал әрбір қабырғасынан 2 см қашықтықта орналасқан. М нүктесінен үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтықты тап.

Үй тапсырмасы: §14. Өмірден мысалдар тауып келу.
Шығармашылыққа тапсырма: Мұнараның көріну бұрыштарының қосындысы 2700. Мұнараның биіктігін тап.
Қорытынды: Бағалау айтылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
45 721
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбын білу, жүйелеу. Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Айқас түзулардің арақашықтығы
Айқас түзулардің арақашықтығы
Кеңістіктегі екі нүкте, нүкте мен түзу, нүкте мен жазықтық, екі айқас түзулер арасындағы қашықтықты, параллель түзу мен жазықтық, параллель түзулер, параллель жазықтықтар арасындағы арақашықтықты анықтай алу.
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық
Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу
Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу
Қиылысқан түзулер туралы түсінік беру; перпендикуляр және көлбеу теоремасымен танысу, оны дәлелдей білуге үйрету; Сызбаларын сала білуге, теоремаларды есептер шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру;
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: * Планиметрия мен стреометрия арасындағы пәнаралық байланыс пен ұқсастықты қолданып, оқушылардың « тікбұрышты координаталар жүйесі» туралы түсінігін кеңейту;
Призма көлемі
Призма көлемі
ШҚО. Аягөз қаласы, №5 жалпы білім беретін орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі Фаткулина Гүлжанат Мұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×