Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыруда математиканы оқыту мәселелері

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Математика
«Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыруда математиканы оқыту мәселелері.

«Қазақстан қазір жаңғырту кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», - деп атап көрсеткен болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Олай болса егеменді еліміздің өркендеп өсуіне бағыт беретін, басшы болатын «Қазақстан – 2050» стратегиясы.
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттығы жоғары елге айналуымыз керек», - деген болатын «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында.
Қоғамда жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен мазмұны, міндеті әлеуметтік деңгейге сәйкес келетін біліммен қаруланған оқушыларды дайындауды қажет етеді. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, өресі биік, өз Отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеудегі басты тұлға – ұстаз.
Қазіргі таңда жемісті еңбекпен, шығармашылық, ізденіспен ғана жаңару жолына шыға аламыз.
Қазіргі жаңа оқыту технологиясының алдына қойған мақсаты: бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасының білім беру арқылы дамуын қойып отыр.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалдарды оқып үйренуі олардың қалыптасқан біліміне, іскерлігіне және дағдыларына, математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға тікелей байланысты.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев жолдауда: «Сіздердің оқуларыңыз бен өсіп – өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым «Болашақ» бағдарламасын құрдым.
Сіздердің табыстарыңыз – ата – аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз бен туысқандарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарымыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы» деп жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға бағыт – бағдар бере отырып, үлкен сенім де артты.
Жаңа саяси және экономикалық бағыт тек білім арқылы ғана қалыптасатынын білуіміз керек.
«Маған жақсы мұғалім керек, өйткені – ол мектептің жүрегі», - деп Ы. Алтынсарин айтқандай қазіргі мектеп үшін жақсы мұғалім, ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл мұғалім ауадай қажет.
Мұғалім беделін қайтару мемлекет тарапынан ғана емес, өз тарапымыздан да көп жұмыстар жүргізілуді талап етеді.

Ұстаз өз ұлтына қызмет ете алатын ұлтжанды, өз пәнін терең меңгерумен бірге, оқушыларды да пәнге қызықтыра алатын шебер, үнемі ізденіс үстінде болатын жаңашыл болуы керек. Мұғалімнің кез – келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз. Ерекше қабілетті, дарынды оқушыларды іздендіру, байқау, зияткерлік сайыстар, олимпиадаларға дайындау тек кәсіптік деңгейі жоғары мұғалімдердің ғана қолынан келеді.

Математика пәнін оқыту жеңілден ауырға қарай сатылай түсіндіру сияқты әдістерді таңдау үшін мүмкіндігінше ізденістер қажет.
Оқушыларды сабақта, сабақтан тыс өткізілген кештерде, өнеге сағаттарында, ізденіс, шығармашылық жұмыстардың нәтижесі ғана олардың ойлау дағдысы қалыптасқан ел жанды, Отаншыл білімді ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың ұлттық санасына қозғау салып, кейбір тақырыптарды, әсіресе геометриялық ұғымдарды киіз үйді, оның жабдықтарын, қазақтың ұлттық қол өнер бұйымдарын сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып үйрету игілікті істердің бірі деп есептеймін.

«Математика жан – жақты қамтитын ғылым», - десек халқымыздың әдет – ғұрпы, ұлттық мінез, сезімдері, ойлары мақал – мәтелдерде көрініс тапқан.
Сандардың қанатты сөздерді қолдануы: «Жетіге келгенше жерден таяқ жейсің», «30 күн ойын, 40 күн тойын», «Жігітке жеті өнер де аз», т. б. «Сандар сыры», «Қазақша жыл атаулары», «Ой – жұмбақтар», киелі сандар бәрі бір әдет – ғұрыпқа байланысты.

«Натурал сандар» тарауында – қасиетті сандар, 41 құмалақ, 7 қазына, 3 және 7 сандарына байланысты халықтық ұғымдар, мүшел жас есептеу, «Шеңбер» тақырыбында киіз үйдің шаңырағы, «Бұрыштар», «Параллель түзулер» тақырыбындағы – кереге, кереге көздері арасындағы бұрыштар, «Төртбұрыштар» тарауында – керегедегі геометриялық фигуралардың ауданын табуға әртүрлі қанатты үйлердің ауданын есептеу жұмыстары т. б пайдалана отыру оқушыға сабақта меңгерумен бірге ұлттық салт – дәстүрімізді дәріптей отырып, ұлттық танымымызды қалыптастыру болып табылады.

Сабақ өту барысында сабақ жоспарының әр кезеңіне сай қанатты нақыл сөздерді өз орнымен пайдаланып отырса, оқушының сөз құдіретін тануымен мүмкіндік береді, танымын тереңдетеді.
«Білім іздеген өсер, Бүлік іздеген өшер», «Білімді мыңды жығады», «Жеңілгені жасымаған, жеңгені тасымаған ұрпақпыз», «Ескісіз жаңа болмайды, Есепсіз дана болмайды», «Еңбек пен мақсат егіз, ол – адамның қос қанаты». «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» - дей отырып оқушының зейінін арттыру, үй жұмысын тексеру кезінде «Ақыл азбайды, білім тозбайды», сабақты бекіту кезінде «Ақылды адам батпан – ақ, ақылсыз адам сасқалақ», фигураларды сызу кезінде «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген», «Көп ойлаған табар, көп үрлеген жағар» деп ойлай білуге дағдыландырамын. «Көп сөз күміс, аз сөз алтын» дей отырып математикада қысқа, дәл, нақты сөйлеуге үйретемін.

«Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру бағытында техникалық білімді дамыту үшін мектепте нақты ғылымдарды оқыту, жаңа буын оқулығы және жаңа буын оқыту мәселесі «Халық педагогикасы рухани уыз» екенін ескере отырып, оқушының ұлттық танымын қалыптастырумен қатар өріліп отырған жағдайда ғана оң шешімін тауып, уақыт үрдісінен шығады деп есептеймін.
Сонымен бірге бұл бағытты іске асыруда: техникалық бағыттағы білімді дамыту, жаңа буын оқулығы мәселесі және оқыту мәселелері, мектепте нақты ғылымдарды оқыту мәселесі, оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ғылыми жұмыстарға бағыттау мәселелері тұр.
«Оқу мен тәрбие егіз», олай болса оқушыларды Отаншылдық сезімге тәрбиелеу, мәселелерің ең басты назарға ұстауымыз қажет.

Ертеңгі келер күннің бүгінімен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға алып баратын құдірет күш тек – білім.
Білім теңіз, оның тереңіне бойлап, қыры мен сырын жетік білетін тұлғаларды дайындайтын – мұғалім.
Пәнді терең ұғындырудың жолдары – жаңа технология негіздерін пайдалану. Тиімді де орынды пайдаланған оқыту технологиясы – сапалы білім негізі болады.
3 373
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Бір ел – бір тағдыр» оқушыларға жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсаттарын түсіндіру арқылы «Мәңгілік ел» идеясының маңызын түсіну.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері
Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері
Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы, №201 орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Прманова Әйгерім
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық-бір ел, бір тағдыр
«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық-бір ел, бір тағдыр
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, "Благодарное орта мектебі" КММ, география пәні мұғалімі Чаганова Асем Каримхановна
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×