Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

12 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
4 класс
(«Математика - ғылымдардың патшасы» атты математика онкүндігінде өткізілген ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
1. Үш таңбалы санға жазбаша бөлуді меңгерту. Есептер шығару.
2. Тарихи ғимараттарды біліп, оларды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Шапшаңдық танытып, озық болуға, тапқырлыққа тәрбиелеу.
3. Танымдық, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Әлемнің 7 кереметі слайд, логикалық тапсырмалар

Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру бөлімі:
ІІ Мұғалім сөзі: Балалар біз бүгінгі сабағымызда үш таңбалы санға бөлу туралы алған білімдерімізді пысықтай отырып, әлемнің 7 кереметімен танысамыз. Әлемнің 7 кереметімен танысқыларың келе ма? Ендеше мында қарай қояйық.
(слайд көрсетіледі)
Бұл балалар ежелгі Вавилон қаласы. Вавилон қаласында үлкен мереке болады. Навуходоносор хан персиялық керемет ханшайым Аметиске үйлену тойы. Бірақ көп ұзамай жас ханшайым өзінің туған жерін, үйін сағынады. Навуходоносор ханшайымын жұбату үшін бақтарды салуға бұйрық береді. Аметиске өзінің туған жерін келтіру үшін персиялық таулар салғызды. Навуходоносор баққа түрлі ағаштар мен гүлдер отырғызуды талап етті. Алыстан аспандағы аспалы бақтар боп көрінді. Сөйтіп Вавилонда аспалы Семирамида бағы пайда болды. Бұл әлемнің 1 кереметі.

1 - тапсырма: Балалар біздің де Аметис ханшайым сияқты әрқайсысымыздың өз үйіміз бар. Біздер де бір жерге кетсек үйімізді сағынамыз. Бізге үйімізден орындап келуге қандай тапсырма беріліп еді? Үйімізге деген сағынышымызды басып, үйге берілген тапсырманы тексерейік.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
50 бет №2 (б 3 - 4 бағаны), №4 есеп
(Интерактивті тақтада үй тапсырмасының дұрыс жауабы көрінеді. Оқушылар өз - өздерін тексереді.)
Ал енді Турцияға аттанайық. Турцияданың Эфес қаласында Артемида храмы салынды. Храмды арыстандар күзетеді.

2 - тапсырма: Біз арыстандар торына барып, оларды құлыппен бекітіп тастауымыз керек. Құлыптың кілттері бар. Тақтада кілттер ілінген. Әр кілтте сандар жазылған. Сол сандарды көркем жазамыз, жазып болған соң, жазған сандарымызды оқимыз.
2458790 20054016 58045701 5640002 2011000 45670900 2000009
Келесі танысатын әлемнің 3 кереметі Галикарнас кесенесі. Персияда бір патша тұрыпты. Оның аты Мавсол екен. Өлгеннен кейін, адамдар есте сақтасын деп керемет үлкен табыт салуды бұйырады. Бұл табыт патшаның атымен мавзолей деп аталған. Бұл кесене әр түрлі қымбат мәр - мәр тастармен әшекейленген. Қазіргі тапсырмамыз сол мәр - мәр тастардағы үш таңбалы санға бөлуге берілген есептерді шығарамыз. Ол біздің оқулығымыздағы 51 беттегі №2 есеп
1206: 134
1188: 132
2528: 316
1960: 245
2097: 233
1107: 123

4 - тапсырма: Ал енді бізге келесі тапсырмамызды орындау үшін Родос аралының сатушылары көмектеседі деген үміттемін, себебі: Эгей теңізінде кішкентай арал болған. Аралда Родос қаласының тұрғындары азат сатушы болуды қалаған. Олар ешкіммен соғыспай бейбіт өмір сүруді талап еткен. Бірақ гректер оларды жеңіп алуды шешкен. Соғыс 1жылға созылған, бірақ кішкентай аралдың тұрғындары берілмеген. Сонда грек сарбаздары артқа шегініп, қару - жарақтарын тастап кеткен. Родос тұрғындары ол көмек көрсетті деп Күн құдайы Гелиосқа алғыстарын білдіруді шешті. Олар гректердің тастап кеткен қару - жарақтарын сатып, Гелиос мүсінін салды. Осы аралда әлемнің 4 кереметі орналасқан. Ол Күн құдайы Гермес мүсіні. Осы мүсінді салған сатушылар аса ұйымшылдық танытқан. Біз де ендеше ұйымшылдық танытып, берілген амалды бірігіп орындаймыз. Бір оқушы шығып амалдың орындалу ретін жазады, келесі оқушы 1амалды, әр оқушы әрі қарай амалдарды орындайды
(806*450+430*180): 1310 - 565020: 657)

5 - тапсырма: Енді біз Грецияға аттанамыз. Онда Олимп қаласынан Зевс мүсінін көреміз. Біздің заманымызға дейін Vғасырда Олимпия тұрғындары Зевс храмын салуды шешкен. Храмда қымбат тастармен әшекейленген тақтада Зевс отыр. Оның биіктігі 13м, тіпті төбеге дейін жетеді. Зевс орнынан тұрса, тіпті төбені жұлып алады деген әсер туған. Қабырға бойына көрермендерге алаң жасалған, адамдар көтеріліп, құдайдың бетін көре алатындай мүмкіндік туғызған және ойындарға олимпиадалық ойындар атағы берілген. Ендеше олимпиадалық логикалық есептерге жауап беруге дайындалайық. Ойымызды сергітіп алайық.

1. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
2. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
3. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
4. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
5. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
6. 7 ағалы - інілердің бір - бірден қарындастары бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
7. Көшеде 1атасы, 2әкесі, 2баласы, 1немересі келе жатыр. Барлығы көшеде неше адам келе жатыр? (3)
8. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді. Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жындана жаздады. Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)

6 - тапсырма: Өте жақсы ендеше келесі 6 әлемнің кереметімен танысатын да уақыт жақындаған сияқты. Ол Мысырдағы Хеопс пирамидасы. Оны ауыр-ауыр тастардан салған. Бұл пирамиданың бір ерекшелігі қазіргі біздің заманымызға дейін жетіп сақталған 7 кереметтің біреуі. Ал осы Хеопс пирамидасына ұқсайтын біздің елімізде ғимарат бар ма? Әрине ол Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы. Ендеше оқулығымызға қарайық. Осы Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайына байланысты берілген 52 беттегі №6 есепке қарайық.
Астана қаласындағы пирамида пішінінде салынған Бейбітшілік және келісім сарайының биіктігі 62 м болса, ал «Бәйтерек»кешенінің биіктігі одан 350 дм артық. «Бәйтерек»кешенінің биіктігін тап.
Бейбітшілік және келісім сарайының биіктігі - 62 м
«Бәйтерек»кешенінің биіктігі -? одан 350 дм артық
Шешуі: 350дм=35м
62+35=97м
Жауабы: «Бәйтерек» кешенінің биіктігі 97метр

7 - тапсырма: Келесі танысатын 7 керемет ол Форос аралындағы Александрия маягы. Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 120 м болған. Оның үстінде жан жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен. Оның шырағы 50м қашықтықта көрінеді, бұл әлемдегі ең бірінші маяк, әр капитан оны білген. Енді әрқайсысың капитан боласыңдар, өз кемелеріңді тасқа соқпай аралдан өткізулерің керек. Сендерге деңгейлік тапсырмалар беріледі, онда 3 деңгейде теңдеулер берілген.
в*90=1890
76*а=38*50
(у - 4760)*568=81224

ІV Бекіту
Сонымен бүгінгі біз сабағымызда әлемнің 7 кереметімен таныса отырып, сандарды үш таңбалы санға бөлуге есептер шығардық. Әлемнің 7 кереметі есте қалу үшін атауларын тағы да бір рет қайталап өтейік.

V Сабақты қорыту
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында 5 сұрақтан тұратын тест өткізіледі.
1. Уақытты табу үшін не істейміз?
а) Қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз
б) Қашықтықты жылдамдыққа көбейтеміз
в) Қашықтық пен жылдамдықты аламыз
2. Р=4*а Бұл ненің формуласы?
а) Тіктөртбұрыштың периметрін табу
б) Үшбұрыштың периметрін табу
в) Шаршының периметрін табу
3. Параллепипедтің көлемін табу үшін не істейміз?
а) Қабырғасы мен енін көбейтеміз
б) Қабырғасы мен енін қосып екіге көбейтеміз
в) Қабырғасы, енін, биіктігін көбейтеміз
4. Белгісіз бөлінгішті табу үшін не істейміз?
а) Бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз
б) Бөліндінің мәнін бөлгішке бөлеміз
в) Бөлгішке бөліндінің мәнін көбейтеміз
5. 2тәул 3 сағатта қанша сағат бар?
а) 27сағат
б) 51сағат
в) 48 сағат

VІ Бағалау
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушылар бағаланады.
VІІ Үйге тапсырма
№3 есеп 52 бет
13 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау. Логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Не білу керек: бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлуді және көбейтуді білу; Не істей білу керек: есептеуде жазбаша тәсілдерді қолдана білу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×