Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ой - жұмбақтар әлемі

12 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Ой - жұмбақтар әлемі»

Мақсаты:
Білімділік: Оқушының бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, оқушының белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру.
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушының математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Топтарды орындарды отырғызу.
ІІІ. Сабақты қажетті материалдарды орналастыру.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметте көрермен
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде қанат жайып кемелден

2 - жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырына түсінбей, кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математиканы әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұңдасып қалу үшін өткізгелі отырған ойын - сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - жүргізуші: Міне, залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Ойын - сайысымызды бастаймыз.

2 - жүргізуші: Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күш жеңімпазы болады

1 - жүргізуші: Есептен жарысады төрт тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
(музыкамен командалар шығады, өз столдарына жайғасады)

2 - жүргізуші: Шеберлікті білімді,
Сараптап сендер көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер - дей отырып әділ қазылар алқасын бүгінгі мектеп қонақтары екендігін ескертейік.

1 - жүргізуші: Сол жақта қызыл столда
«Төртбұрыш» атты батырлар
Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейді
Уақытты өткізбей
Лезде шешіп тастайды (5 сынып)

Команда мүшелері хормен ұрандарын айтады:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста
алғырлықпен аламыз

2 - жүргізуші: Ал біздің жасыл столда
«Квадрат» атты білгіштер
Мәселенің түйінін
Мазмұнынан біледі
Ізделінді нәрсені
Тез тауып береді (6 сынып) Команда мүшелері ұрандарын айтады:

Қандай сынақ болса дағы беріске Әрқашан да үміткерміз жеңіске

1 - жүргізуші: Көк столда «Үшбұрыштар»
Командада зеректер
Орындауға дайын отыр
Тапсырмаңды бере - бер (7а сынып)
Команда мүшелері ұрандарын айтады:

Шақырамыз, келіңдер жарысуға
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Ал кәне, кім шығады жарысуға

2 - жүргізуші: Мұнда сары столда
Шеңбер атып
Күші тасып бойына сыймай отыр.
Күрделі де қиын тапсырмаңыз
Оңай жолын тапқалы отыр (7ә сынып)

Команда ұрандарын айтады:
Біз дайынбыз бұл жарысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

1 - жүргізуші: Ал, қанекей бастасақ, бастайық
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жалын болсын
Білімдірек шәкірт озар,

1. Сұрақтары қиын болсын,- дей отырып, ойынымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын 1 - бөлімін бастаймыз.
2. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы тұп бойында (сызғыш)
3. Алды - артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле мен кесінді
Шыққан тегін білсін де (түзу)

4. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан - жағына қарамай (натурал)

5. Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап (икс)

6. Сұр тырнамыз сабағына
Ұшып келді отыз тырна
Олардан тек он бесі
Дайындалған сабағына
Неше жалқау тырналар

Дайын емес сабаққа? (15)

7. Күлдіргі жұмбақ:
Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан троллейбусте кондуктормен шоферден басқа 23 адам болды. Көпір жолында одан 7 адам шығып, 4 адам кірді, кинотеатр жолында 5 адам шығып, 3 адам кірді, келесі 9 рет тоқтағанда 17 адам шығып, 19 адам кірді, вокзал жанында барлық адам түгел шықты және бір адамның билетсіз мінгені анықталды. Троллейбус неше рет тоқтады? (1+1+9+1=12)

8. Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақшы болып, ұрылар келеді.
Кемпір: Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен оларды алдайын сапырып отырып мынадай өлең айтады: Сапырып - сапырып Сарманға бер Құйып - құйып Құрманға бер
Есіктегі екеуге бер
Өзің іш те маған бер.
Мұны естіген ұрылар: қой мұнымыз жарамас, бекер екен. Бұл үй толы кісі екен, әрі біреуі бізден артық екен деп кетіп құлыпты
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу?
(6; 5)

Фокус
1 - жүргізуші: Айыра біл, жақсы менен жаманды
Айыра біл карандаш пен қаламды
Айыра біл соқпағын да өмірдің
Айыра біл тапсырмаңды алдағы.

Келесі сайысымыз «кім қыран?» сайысы (30сек. Беріледі, төмендегі сөздерді көрген соң, есте сақтап жазу)
Шеңбер апта математика ана
Су тас перпендикуляр теңдеу
Компьютер радиус периметр мектеп
Градус сынақ ұя ауыл

Практикалық есеп: (лентадан көз мөлшерімен 20 см кесіп алу, кім дәлдеу, жақындау кессе сол жеңеді).

2 - жүргізуші: Математиканың өмірдегі қасиеттігі
Математика - көрегендік қалалық
Космос кезген кометалар дәл бүгін
Ешкімге де таңсау емес жаңалық

«Математика әні» орындалады.

1 - жүргізуші: Мықты болсаң – арт жағына жеткізбе
Мықты болсаң - шақалаққа сүрінбе
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт
Мықты болсаң - заманыңды көктеп өт
Келесі сайыс капитандар сайысы

1 - жүргізуші: Санаңды сенің толтырып
Есептану пәні бар
Сабағыңды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар
Қадірін білсең егер сен
Қол уысын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де
Сүрінбейсің өмірде

Келесі сайыс - есеп эстафетасы
Геометриялық фигуралар көрінісі (Сағадат, Айдар, Нұрсұлтан)
«Жаңылыспа» Топ басшылар сайысы, Тез сана!

2 - жүргізуші: Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес есептеріңіз түсулі
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

1 - жүргізуші: Математика қызықты талайға
Саяхат жасалды «Математика» атты сарайға
«Құпиялы сандықша» ашылды
Білімнің уағы шашылды,- дей келіп, білім сіздерді шуағына ала берсін, жос достар, деп кешімізді аяқтаймыз.

«Дос болайық бәріміз» әні орындалады.
Қорытындылау: сайыс соңында жеңімпаз оқушылар анықталып, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады
11 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша оқушыларда білім қалыптастыру. Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін арттыра отырып, өзін бақылауға, бағалауға дағдыландыру.
Зерделілер мен Зейінділер
Зерделілер мен Зейінділер
Жасымда ғылым бар деп ескермедім Пайдасын көре тұра тексермедім Ер жеткен соң түспеді уысыма Қолымды мезгілінен кеш сермедім,
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Нақты ғылымдар кеші
Нақты ғылымдар кеші
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. В. Гоголь орта мектебі Дайындаған: математика пәнінің мұғалімі – Хайруллина Г. Б., математика – физика пәнінің мұғалімі – Жамишева А. С.
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің математика пән мұғалімі Рсаева Айман
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Картбаева Нурсая Айбатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×