Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар

23 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Математика
«Тапқыр достар» атты сайыс
Оқушылардың білімдерін жетілдіру, логикалық есептерді шешуге дағдыландыру, шығармашылық ізденістерін ұштау мақсатында өткен «Тапқыр достар» атты сабағы оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау. Сондай – ақ тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Сабақтың барысында әділ – қазылар алқасын тағайындап, топтарды және сайыстың шартымен таныстырамыз.
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен көрермендер! Бүгінгі біздің «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Сайысымызды бастамастан бұрын әділ – қазылар алқасымен танысалық.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар:
І топ: «Арифметика»
ІІ топ: «Логика»
Сайыстың шарттары:
І. Танымдық сайыс
ІІ. «Сөз тапқанға...»
ІІІ. «Ойлан тап»
IV. «Мені түсін»
V. «Кім жылдам».

1 – жүргізуші: Сайысымыздың І бөлімі «Танымдық сайыс». Әр топқа жеке – жеке сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
І. «Танымдық сайыс»
«Арифметика»:
1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
2. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)
3. Диаметрдің жартысы? (радиус)
4. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар (құрама сандар)
5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек /Дұрыс бөлшек/
6. Санның ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз?
7. Оң және теріс сандарды қалай ажыратамыз?

«Логика»:
1. Санның 1/100 бөлігі? (пайыз)
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
3. Фигураның барлық қабырғаларының қосындысы? (периметр)
4. Масштаб дегеніміз не?
5. Санның ең үлкен ортақ бөлгішін қалай табамыз?
6. Қазақстандағы ғарыш кешені? (Байқоңыр)
7. Тәуліктің 1/24 бөлігі? (сағат)

ІІ. «Сөз тапқанға...»
«Арифметика»:
/ М, Б, Е әріптері/
1. «Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің» - деген пікірге не айтасыз?
2. Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
3. Сенің жақын құрбыңның жасы нешеде?
4. Дүкенге барған кезіңде неше теңгеге сауда жасайсың?
5. Сенің жан досыңның аты кім?
6. Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?
7. Сенің қанша досың бар?
«Логика»:
/Т, К, Ж әріптері/
1. «Матеатика – ғылымдар патшасы» дегенді қалай түсінесің?
2. Математикадағы қандай сандар туралы не ойлайсыз?
3. Геометриялық фигуралардың бірін ата.
4. Компьютерде жұмыс жасай аласыз ба?
5. Сенің ойыңша ең үлкен қай сан?
6. Математика ғылымы туралы өзіңіздің пікіріңіз қандай?
7. Математика ғылымы сені қызықтыра ма?

ІІІ. «Ойлан тап»
2 – жүргізуші: сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап». Бұл сайыста сіздер ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
1 – жүргізуші: Егер жауап бере алмай қалсаңыздар, қалған топтар жауап береді. Ұпай сол жауап берген топқа беріледі.
Математикалық жұмбақтар:
10 ұпай. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. /сызғыш/
30 ұпай. Дүниеге тұмсықсыз – ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. /Қарындаш/
50 ұпай. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ.
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /Қалам/
Ұлы математиктер.
10 ұпай. «Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей – ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)
30 ұпай. «Математика – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сандық арақатынасы мен кеңістік формалары туралы ғылым» - деп математикаға анықтама берген».... (Энгельс)
50 ұпай. «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі – математикамен шұғылдану, екіншісі одан сабақ беру» - деп айтқан кім? (Пуассон)
Әртүрлі (20ұпай)
Бейне сұрақ. Сіздерге кішкентай бүлдіршіндеріміз Гүлнұр, Қымбат сұрақ қояды.
1. Алманың жартысы неге ұқсас?
2. Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз.
3. Ұпай сіздікі.
IV. «Мені түсін»
1 – жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Мені түсін». Бұл бөлім бойынша сіздер өздеріңіз таңдап алған бетте жазылған сөздерді іс – қимыл арқылы бейнелеулеріңіз қажет.
/ сызғыш, циркуль, транспортир, шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, принтер, математика – 5, шар, дөңгелек, сан/.

V. «Кім жылдам».
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Кім жылдам». Экранда, өздеріңіз көріп отырғандай, әртүрлі сандар (1 – 52 дейінгі) жасырылған. Сіздердің міндеттеріңіз – осы жасырылған сандарды рет ретімен іздеп табу. 1 минуттың ішінде ізделінді сандарды рет – ретімен тауып, белгілеп шығады.
ІІІ. Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
6 575
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Шебер мұғалім - 2014
Шебер мұғалім - 2014
Елбасы президентінің жолдауын негізге ала отырып, мұғалімдердің шығармашылдығын анықтау, жас мамандарға жаңашаланған тұрғыдағы педтехнологиялардың үрдістерімен әдіс алмасу. Осындай тапқыр достар кез - келген де, Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
"Талапты да, талантты" интеллектуалды білім сайысы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Акерке Шамилқызы
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Екібастұз, №23 « Балауса» мектепке дейінгі гимназия Тәрбиешісі: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×