Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хор

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Хор
Музыка сауаты: Капелла, хормейстер, аралас хор.
Құрманғазы. «Ақбай» Хорға өңдеген Б. Байқадамов - тыңдау.
Сабақтың мақсаты:
1) Музыкалық - көркемдік талғамын ашу. Өнерге бейімдеу.
2) Баланың шығармашылық қабілетін жетілдіру. Ән айту шеберлігін дамыту.
3) Әсемдікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Хор - вокалдық музыканы орындаушы әншілер тобы. Хорда айтудың өз ерекшеліктері бар. Ол - музыканы тыңдай білу, ән әуенін сазына келтіре орындау, ұжыммен қосылып ән айту.
Мектеп оқушыларының хормен ән айту кезінде, әнді қосылып айту бір мезгілде бастап, бірге аяқтау, бір мезетте тыныс алу, ән мәтінін ұқыпты жаттап, дауыстарын жаттықтырып үзбей жүйелі түрде өткізіп отыруы қажет. Қазақтың хор өнері кеш дамыған. Ерте дәуірлерде, ата - бабаларымыздың тұрмысында хор түрлерімен ән айту болған. Бірақ оны қазіргі хор өнерімен салыстыруға болмайды. «Жар - жар», «Беташар», «Жоқтау» сияқты әндер хормен айтылған, ал қазіргі заманда бұл әндер басқа сипатқа ие. 20 ғасырда 30 - жылдарында Қазақстанда хор бөлімі ашылып, 1935 жылы құрылған мемлекеттік филармония құрамына енді. Көркемдік жетекшісі Д. Д. Мацуцин. Көп кешікпей мемлекеттік хор ұйымдастырылып, 1939 жылы ақпан айында Қазақ мемлекеттік филармониясының құрамына енеді. Капелланың алғашқы ұйымдастырушы және көркемдік жетекшісі Б. В. Лебедев.

Оқулықпен жұмыс: Хор, аралас хор, хормейстер, капелла туралы ережелер оқытылады.
Б. Байқадамов (1917 - 1977)- Торғай облысында дүниеге келген. Жас кезінде өнерге бейім болған. Математикаға қабілетті басым бола тұра, біржола өнер жолына түседі. Б. Байқадамов Қазақстанда көп дауысты хор мен сүйемелсіз айтатын а сапелла хорын ұйымдастырушылардың бірі болды. (Хор туралы бейне баян көрсетіледі) Поэтикалық мәтіннің орнына «дың, дығы - дың», «гәк - ку», ха - ла - лау, ли - ла»Буындарын келтіріп, шығарманы ерекше көркемдеп, әсерлендіре түседі. Үлттық нақышта халық әндері мен күйлерінің ерекше бояуын көрсете білді. Мысалы, «Су тасушы қыз», «16 қыз», «Илигай», «шалқыма» т. б әндерін, «Ақбай», «Айжан қыз» күйлерін хорға арнап өңдеді.

Музыка тыңдау: Хорды тыңдамас бұрын «Ақбай» күйінің домбырада орындалуын тыңдалса, баланың қызығушылығы артып, музыканы қабылдауы, түсінуі жоғары болады. Құрманғазының «Ақбай» күйі: сергек, қатқыл үнмен орташа екпінде бас пен альттар партиясы бастайды. Хор партияларында шиеленісуі, ашу - ыза адам бақыты үшін күрес ерлікке бостандыққа шақыру сарыны бар, соңы сақтыққа, салмақтылыққа шақырған үнмен аяқталады
Ән тыңдау: Дауыс жаттығуын «Ақбай» күйінің алғашқы 4 тактысына жасатуға болады.

(Сергіту сәті) «Айгөлек» әнін қайталау барысында дыбыстың сапасы мен әдемілігіне, мазмұны мен сипатын ашуға көңіл бөлу.
Айгөлек
Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.
Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек.
Дәптермен жұмыс: Оқулықта берілген кестені дәптерге толтыру.
Орындаушылар-------------------------------------------------------Аталуы
Әнді орындаушы топ
Сүйемелсіз орындау
Төрт орындаушы
Жеке орындаушы
Үш орындаушы
Екі орындаушы

Шығармашылық жұмыс: Мақал - мәтел (жұмбақ)
1) Өнерді үйрен де жирен
2) Өнер білсең - өлмейсің
3) Өнерлінің өзегі талмас
4) Өнерлі бала - сүйкімді

1. Бірнәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды,
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (Қобыз)

2. Бар - жоғы төртеу - ақ
Тұла бойы бар талант
Ән салар төрт дауыста
Кімдер еді, сен тапшы? (Квартет)

3. Үсті жаңғыра асты жарғақ,
Ағаш шеңбер тұр екеуін жалғап,
Үн қатады қолды талғап. (Даңғыра)

Бағалау.
Үйге тапсырма. "Хор" мәнжазба дайындау
7 124
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Вокал" үйірмесінің жоспары
"Вокал" үйірмесінің жоспары
Музыка - сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Музыка - адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сзімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге жалпы өмірдің мән - мағынасын түсініп
Аңыздан жаралған аспаптар
Аңыздан жаралған аспаптар
Ән әуеніне қызығушылығын арттыру, ұлттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай, білуге баулу
Хор өнері
Хор өнері
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Батракова Гулайым Шарипбековна
Халық әнінің орындалу шеберлігі
Халық әнінің орындалу шеберлігі
Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру. Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.
Ән - хор айту дағдылары
Ән - хор айту дағдылары
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы № 109 қазақ орта мектебі ән - әуез пәнінің мұғалімі Қожаева Ақтолқын Сабытбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×