Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Вокал" үйірмесінің жоспары

21 қараша 2019, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
БАҒДАРЛАМА
Үйірме «Вокал»
Музыка - сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Музыка - адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сзімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге жалпы өмірдің мән - мағынасын түсініп білуге көмектеседі. Музыка - әсем, дыбыстар тілімен сөйлесетін сезімге құрылған күрделі өнер, ол түрлі жанрларға, ұлттық тарихы жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.
Түсінік хат
Ән айтуды үйретудің басты мақсат - әнді дұрыс айту үшін алдымен оның орындалу әдіс - тәсілін, ережелерін білу қажет. Балалар ән айту үшін ең қалай тыныс алу керектігін үйреніп, дыбысты шығару үшін оны қалай пайдалануға болатынын бөліп ажыратқан жөн. Адам денесіндегі тыныстық ауа легін жинайтын мүше - өкпе. Сол өкпеден жиналған ауаны үн шығаратын көмей арқылы ән айту дыбыстарында музыкалық сөз тізбегіне /фраза/ лайықтап шығарады. Әрбір сөз сөз тізбегіне байланысты әнші жаңадан тыныс алып отырады. Ән айтқанда көмейден шыққан дыбыс тыныс жолдары - жұтқыншақ, ауыз қуысы, кеуде бас кеңірсек дыбыс тербелістерін жасаушы/ резенаторлар/ дене мүшелері арқылы күшейіп естіледі. Яғни, дұрыс тыныс алу әншілік өнердегі басты алғы шарттардың бірі. Дұрыс тыныс алу мен оны тиісті сөз тізбегіне шақтап пайдалану дыбыстың да, сөздің де әрі айқын, әрі екпінді шығуының кепілі.
Әнші денесін болбыр ұстап тұрмаса шығарушы дене мүшелерінің қызметі төмендейді. Сөйтіп, ән дәрежесінде шықпайды. Сондықтан да, ән салғанда дене мүшелерін дұрыс ұстау ән айту ережелерін сақтау керек. Әншінің міндеті - сол тыныс үшін ішкі тартқан ауаны әннің ұзақтығымен мәнеріне сәйкес мөлшермен өлшеп шығару. Мұндайда, есте сақтайтын тағы бір шарт музыкалық сөз тізбегінің ырғақтық екпініне қарай жұмсалатын тыныстық ауа әртүрлі аз не көп мөлшерде біртіндеп өлшеммен жұмсалуы қажет. Балалар үшін үйірме алдында бөлмені тазартып, желдетіп алу керек. Әнші болу үшін әр бала өзінің бойындағы табиғи әншілік қабілеті бар - жоғын ескерген дұрыс. Ал, жалпы әншілік өнердің кім - кімге де артықтығы жоқ.
Мақсаты:
Аспаптық шығарманың сипаты мен көркемдік құралдарын анықтай білуге;
Баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруді, қоршаған дүниенің шындығын көркем құралдар арқылы түсіндіру.
Жеке тұлғаның рухани мәнін ашу, шығармашылық өнер негізінде шығармашылық жағынан дамыту;
Оқушыларды музыкалық мәдениетін озық үлгілерімен таныстыру;
Оқушыларды әлемдік музыкалық композиторлардың және ҚР - ның белгілі композиторлардың әндерімен таныстыру;
Музыкалық шығармалармен тек мектептегі сабақта ғана танысып қоймай оларды теледидардың, радио хабардан, концерттерден де тыңдап жанрларды ажырата білуге;
Ұнаған шығарманы есте сақтап дәптерлеріне оның атын композиторының орындаушысының аты - жөнін жазып, оны басқа орындаушылармен салыстырып, орындаушылық ерекшеліктерін ажырату;
Кітаптармен басылымдардан музыка композитор орындаушылар жөнінде мәліметтерді оқи жүру;
Ән айту ережелерін үйрену;
Әннің мазмұнын түсініп орындалу және де оны көрерменге жеткізе білуге үйрену;
Міндеттері:
- әншілік өнердің даму тарихымен, кәсіби және халық ауыз шығармашылық дәстүрлерімен, оның көп түрлі құрамымен танысу;
- оқушыларға ән айту ережелерімен және сахна мәдениетінің қыр - сырларын тереңдете үйрету;
- кәсіби музыканың ерекшеліктерін ажырата білу біліктерін дамыту;
- музыка сауатты негізімен қаруландыру;
- музыканы тыңдау,
- үйренген музыкалық шығармалардың авторларымен таныстырып, қандай жанр түрлерінен жататынын анықтай білуге;
- оқушыларды жеке және хормен қосылып ән айтуға үйрету;
- әртүрлі құралдардың дыбыс үніндегі дыбыс бояуын ажырата білу біліктілігіне үйрету;
- орындаушылық машығын тәрбиелеу, музыкалық жан - жақтығын кеңейту;
- сауаттылығын дамыту;
- вокалды хор дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау;
- екі дауысты ән айту үшін өзінің тобында айтылатын әуенді жақсы білу;
- оқушылар бір топтың әуенін, ал мұғалім екінші топтың әуенін орындаса, әуендегі дыбыстардың нотадағы қозғалысын бақылауға тырысу;
- оқушылар әнді екі дауыста ән айту дұрыс орындаса, өз әуенінің басқа топтағы әуенді тыңдау;
- оқушылар мұғалімнің көмегінсіз әнді екі дауыста орындаса, ән үйретіліп болды деген сөз;
Ұсынылатын шығармалар
Қазақтың ән - музыка өнерінде балаларға арналған шығармалардың орны айрықша білуі тиіс. Кеңес заманында балаларға арналған әндер бірқалыпты жақсы дамып, балалардың музыкалық - эстетикалық талғамына сай кең өріс алғанын жоққа шығара алмаймыз. Алайда, қазақ балаларына арналған әндердің көп болғандығы көңілімізді көншітпейтіндігі рас. Әсіресе, еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары балалар әдебиетінің бәсең тартуы секілді, балаларға арналып жазылған әндер некен – саяқ ұшырасатынын қазіргі өнер адамдары жақсы біледі.
Кең байтақ Қазақстанның түкпір - түкпірінде балалар әнін жазатын шығармашылық адамдар яғни, сазгерлер көріне бастады.
Сонымен қатар, балалардың шығармашылығына үміт болған қазақтың әндері мен тұрмыс салт жырларын «Бесік жыры», «Жар - жар» Т. б. қолдануға болады.
Әрдайым жас балдырған балалардың жас ерекшелігіне, таным - түсінігіне, эстетикалық талғамына сай ән таңдай білу қажет. Баланың тіліне жеңіл, оңай орамда, лирикалық сазға негізделген патриоттық рухтағы әндер әрқашанда репертуарда болуға міндетті. Бұл әндер жас жеткіншектерді өз Отанын сүюге, аялап әсемдігін сезінуге үйретеді.
4 «Ә» сынып вокал
Сабақтың тақырыбы Сағат саны Өткізілетін күні 

Оқушылармен танысу. Ән айту ережелерімен танысу. 1

Шет ел композиторлары мен қазақ композиторларының әндерін таңдау. Репертуар таңдау.1

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Өткен әндерді қайталау.1

Концерт сабақ1


34 сағат 
6 «А» сынып вокал
Сабақтың тақырыбы Сағат саны Өткізілетін күні 

Оқушылармен танысу. Ән айту ережелерімен танысу. 1

Шет ел композиторлары мен қазақ композиторларының әндерін таңдау. Репетуар таңдау.1

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Жаңа ән. Әннің әуенімен, сөзімен танысу.1

Әнді әуезді, дауысты дыбыстарға бөліп орындау.4

Өткен әндерді қайталау.1

Концерт сабақ1


34 сағат 
Орта жалпы білім беретін мектептің
4 «Ә», 6 «А» сыныптарына арналған
Есмуханова Самал Жанатлековна
Тайынша қаласы № 5 орта мектебінің
Музыка пәнінің мұғалімі
25 908
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі. Кеуде қуысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру үшін топта жұмыс істей (айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын) алады.
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Шығайұлы Дәулеткерей (1814 - 1887 ) — қазақтың әйгілі күйші композиторы, төкпе күйлерінің негізін қалыптастырушы.
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Филармония - өнер шаңырағы
Филармония - өнер шаңырағы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×