Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі домбырам бар күмбірлеген

22 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы – домбыраның түрлері, тарихы, құрылыс жөнінде мағлұмат беру.
Білімділік: Домбыра аспабын толық меңгеруге білімдерін арттыру
Дамытушылық: Оқушылардың халық мұрасын танып, бейнелеп үйренуге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Домбыраның үні құпия, сиқырлы, әлем болса оны бейнелеп жасау соншалықты сан алуан шеберлікпен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылардың ұлттық сана сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Танымдық сабағымызды бастамас бұрын әсем ән тыңдайық.
Өмірбек Салтанаттың орындауында «Домбыра туралы баллада» сонымен сабағымызды жалғастырайық
Домбыра – қазақ халқының кең тараған екі шекті, көп пернелі музыкалық аспабы! Ол қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданған. Домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуында ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтың фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
«Домбыра» сөзінің шығу тарихы
Белгілі зерттеушісі Хайролла Жүзбасовтың пікірінше «домбыра» сөз «доп бұра», «дәл бұра», деген тізбегінен шыққан делінген. Ал екінші болжам этнограф Еріп Кокеев еңбектерінде «том» дер түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңдалып «домбыға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағынаны білдіреді. Яғни «домбыра» сөзі қолдың саласы мен немесе бес саусақпен «шекті шерту» деген мағына береді деген ғалым. А. Жұбановтың болжамы бойынша «домбыра» сөзі араптың «унбап и бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан, араб сөзі тіркесінен шыққан деген.
Халық күйі «Кеңес» орындайтын Дәулетияр Нұрғиса
Домбыраның шығу тарихы
Өзбекәли Жәнібеков «Аңыз әңгіме» туралы еңбегінде, домбыраның шығу тарихы туралы былай деп жазған: Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да, жігітті дере дараға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз одан егіз бала босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрме, құлақ естімес, асыл жерге апарып, жап жасыл үлкен бәйтеректің басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгіме ел арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп демалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін естігісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаш басынан түбіне дейін қуыс екенін көреді. Екі шек самал желмен тербеліп әуен шығады екен. «Егеіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішек бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. «Астыңғы ішек жіңішке дауысты Зарлық қызым, ал үстінгі ішек Мұңлық ұлым болсын» деп ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып, кеткен екен дейді.

Домбыраның түрлері
1. Алып домбыра
2. кішкентай домбыра
3. ән мен күй домбырасы
4. торсық
5. тұмар
6. кең шанақты
7. балдырған
8. балашақ
9. шіңкілдік
10. аша үш ішекті
11. қуыс мойын
12. шертер
13. оркестр домбыралары
14. қоңыр дауысты
15. жіңішке дауысты
16. ащы дауысты
17. бас домбыралар

Домбыра аспабындағы кіші тиек немесе шайтан тиегінің шығу тарихы
Аңыз ертегілердің бірінде аспаптағы жоғары тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялайды. Сайдың ішінде саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды, да дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан асаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес.
Тым тырыс меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, жанына қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,- деп ойлайды.
Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғары тиекті «шайтан тиек» деп атайды.

Қортынды:
Бүгінгі сабақтың қандай?
Домбыра қандай аспап?
Домбыра сөзінің шығу тарихы?
Домбыра аспабының шығу тарихы?
Домбыраның түрлері?
Домбыра аспаптағы кіші тиек немесе шайтан тиек шығу тарихы?

Үйге тапсырма:
Домбыра аспабы туралы
Мән жазба жазып келу
Сабағымызды мектептегі домбыра үйірмесінің домбырашыларының Халық күйі «Айжан қыз» күймен аяқтаймыз.
9 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту; әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Көнеден жеткен — домбыра
Көнеден жеткен — домбыра
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы, №4 Мәртөк орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Камзина А. А
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×