Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

13 қазан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Сағыз селосы, А. Өміров атындағы
балалар саз мектебінің мұғалімі
Кенжеғалиева Айжамал

Тақырыбы: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға Шәкәрім шығармашылығының табиғатын тану, Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылық руха, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.
3) Дамытушылық: Оқушылар дүние танымын кеңейту, ой ұшқырлығына баулу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сипатта.
Әдістері: Сұрақ - жауап, көрнекілік, іздену, қорытынды жасау, шығармашылық..
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқу құралын тексеру;

Үй тапсырмасын бекіту.
«Бауырсақ» ертегісі арқылы оқушылардың дайындығын тексеру. Ертегі барысында « бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді еске түсіру арқылы, үйге берілген тапсырманы сұрау (ондағы әр кейіпкер екі сұрақтан беретін болады)
Сұрақ арқылы үй тапсырмасын орындаймыз.
1 - кейіпкер «Қоян» сұрақтар:
1 - Күйші Дина қай облысы, қай ауданда дүниеге келді?
2 - Абайдың қай шығармасын білесіңдер?
2 - кейіпкер «Қасқыр» сұрақтар:
1 - Динаға он жылдай ұстаздық еткен кім?
2 - Ақан серінің екінші аты?
3 - кейіпкер «Аю» сұрақтар:
1 - Динаның күйлерін ата?
2 -«Қараторғай» әні кімдікі?
4 - кейіпкер «Түлкі» сұрақтар:
1 - Қай өңірдің күйшілік мектебін меңгерген?
2 - Үн таспа.(Біржан салдың «Ләйлім шырақ») әні.

Бауырсақ домалап келе жатқанда алдынан аңшы шығып, Біржан салдың әнін әндетіп үйіне бауырсақты алып кетеді.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін тыңдату.
Жаңа сабақ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 — 1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.

Өмірбаяны
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған.
Бес жасында ауыл молдасынан сабақ алады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т. б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
(Слайд арқылы Шәкәрімнің кітаптарын көрсетемін).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 794
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері, өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері, өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 — 1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді. Өмірбаяны Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде
Презентацияны жасау
Презентацияны жасау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Даулетиярова Айман Биржановна
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×