Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері, өмірбаяны

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 — 1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.

Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.

Өмірбаяны
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т. б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

Шығармалары
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.

Өлеңдер
Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
Адам немене?
Адамнан артық жәндік жаралмаған
Адамшылық
Ажалсыз әскер
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр
Ақылшы торғай
Ақындарға
Ана жыл әскер шығып, оңнан - солдан
Анық пен танық
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса
Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
Арман
Атаның шаһуатының көп қой мәні
Ашу мен ынсап
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес
Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан
Бір ханның кеудесіне жара шыққан
Бай мен кедей
Бай мен қонақ
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
Бәйшешек бақшасы
Бейіс, дозақ молда айтқан сияқты емес
Бейісте бар сұлу жар
Бостандық туы жарқырап
Бояулы суыр
Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Достыңыз зор, дұспаның қор
Көңіл
«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
Құмарлық
«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы
Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние
44 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Шәкәрім шығармашылығының табиғатын тану, Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есенова Дамира
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еріншек» өлеңі
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Шәкәрім Құдайбердиев
Шәкәрім Құдайбердиев
Шәкәрім Құдайбердиев (1893-1938) Әділеттілікті, еңбекті, ізгі қасиеттерді ту еткен кеңес заманының өркені өсу кезінде, қоғам жақсаруы, қайта құру, өткенді марксистік-лениндік методология тұрғысынан объективті ғылыми, терең зерттеуге мүмкіндік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×