Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Концерттік шығармашылық

21 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, Балалар әуез мектебінің
домбыра сыныбының мұғалімі
Байдаулетова Мейрамкүл

Баяндама тақырыбы: Концерттік шығармашылық
Қандай да болмасын домбыра үйрету деңгейінде көпшілік алдына шықпайтын орындаушы кездеспейді.
Өнерлінің өрісі кең – көпшіліктен артық тұратындығы сондықтан. Кейбіреулері оссыдан шабыт алып әрі қарай жалғастырады, өнер жолына түседі. Музыка мектептері, колледж, музыкалық жоғары оқу орындарында көпшілік алдында өнер көрсету техникалық, академиялық сынақ, емтихандардан басталады. Мұнда бағдарлама бойынша арнайы берілген міндеттемені орындайды. Бұл шағын концерттік бағдарлама. Осы баспалдақтан шәкірттің орындаған шығармасына есеп беруі, өзін - өзі ұстауы қалыптасады. Ең қиыны мамандар алдында өнер көрсету. Оқушының сахна төрінде бірді, екілі күймен шықса да алғашқы қадамы сәтті басталу үшін ұстазға ждағатты дайындау міндеті тұрады. Әрбір сахнаға шығу сәтінен ләззат алу – ұмтылмас мереке кезеңдерге айналуы тиіс. Ол үшін толқу болмауы керек. Толқу неден тыңдайды? Өзіне сенімсіздіктен, отырысы, қол қойылымының кемшілігінен, шығарманың шикілігінен, тіпті кейде алдымен тексеріп көрмейді де, киген киімінен болады. Белгілі орындаушылар сахнаға әр шыққан сайын толқу болатынын алға тартады. Мұның жөні басқа – ол шығармашылық, оған берілу тыңдарманға жеткізу әдісіндегі толқу. Енді ғана бұл үрдіске бет бұрған орындаушыда шығармашылық толқу біртіндеп қалыптасады.
Баланы жастайынан, яғни музыка мектебінде оқып жүрген кезінде - ақ одан орындаушылық қағидаларын түсіндіріп, халық алдына шығуға сүйіспеншілік сезімін арттыру керек.

Халық алдына шығу - бұл өте жауапты іс. Оқушы сахнаға шығар алдында шығарманың, авторының, өз - өзінің, ұстазының алдында жауапты екендігін, мұнымен қоса бұл ол үшін – мейрам, өмірінің өте бір шартты кезеңі екендігін де әрдайым түсіндіріп отырған жөн.

Әрбір орындаушы сахнаға шығар алдында жүріс - тұрысына, шығарманы орындаудағы өзіндік сезіміне, көпшілікпен қатынасын қалыптастырып, өзін жаттықтыруы қажет. Үнемі дайындықта болып, концерттік шығарма пісуі керек. Концерт болатын күні тыңғылықты тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу, әрбір қиын бөлшектерін жеке орындау, бұл өте жақсы көмектеседі.

Тек шығарманы бастан аяқ қайталау жақсы нәтиже бермейді. Концертте орындайтын шығарманың біреуін ғана қайталап, қалғандарына шолу жасаса да дұрыс болады. Кейбір орындаушылар концерт алдында көп дайындалса, ол сахнада күндегіден нашар көрсетеді. Қайсыбірі концерт алдында, яғни болатын күні тек кішкене қол жүгіртіп, дайындалып, сонан соң демалып, серуендеп, басқа музыкаға қатысы жоқ істермен айналысып, сонан соң концертке шығады.

Біреулері концерт болатын күні 1, 5 – 2 сағат дайындалып, ал кейде шығарманы жәй қарап, тексеріп, бірақ соншалықты беріліп ойнамайды екен. Көбі концерт алдында концертке ойнайтын шығармаларын емес, керісінше басқа шығармаларында қайталайды. Қол жүгіртеді, ойша тұрақтанады. Концертке шығар алдында орындалатын шығармаларды, бірінен кейін бірін бағдарлама бойынша тұтас қарап, уақыты, бастау, аяқтауға да жаттықтыру керек. Тіпті, бір күн болса да кейбір ұстаздардың кластарында бір - екі шығармалар «шикі» аяқталмаған болады да, оқушы қалған шығармаға қызықпайды және өте нашар орындайды. Мұндай жолдардан құтылу үшін алдын ала бағдарламаға жоспар құру керек, ең қиын нөмірі алдын ала дайын болғаны абзал.

Шығарманы басынан аяғына дейін белгілі дәрежеде орындау үшін тұрақты талпыныс керек. Бұл үшін жалықпай ішкі музыкалық жүйенің өсуіне бейімдеу қажет. Концерт алдында концерттік бағдарламаны достарының, таныстарының, ата - ана, туыстарының алдында ойнап беру де пайдалы. Сонымен қатар өзін магнитофонға жазып, ұстазбен бірге тыңдап, жетістіктерін саралау да пайдалы. Ал ұстаз болса болашақ орындаушыны шығарманың қыр - сырын толық қамтуға үйретуі қажет. Оның формасын біріктіріп, шығармадағы тұтастықты сезіндіруі қажет.

Сахнаға шығар алдында оқушының назарын көптеген ескертулермен еліте бермеу керек, өйткені көп жағдайда осындай ескертулер сахнада орындау кезінде есіне түсіп, кесірі тиеді. Сахнаға шығу алдындағы соңғы ескерту бұл ең жетіспейтін жердегі ойынға бағытталғаны дұрыс, бірақ бұл да жетістік әпермейді.

Оқушының бойында өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу, сонан соң концертке толық дайынсың деп ынталандыру да алға жетелейді. Бұл деген сенімділік сезімін туындатады. Егер тәжірибелі деген орындаушы концерт алдында бірнеше сағат дайындалатын болса, бұл кейбір оқушылардың мүмкіндігіне сай келе бермейді. Сондықтан концерт алдында өзін - өзі шаршатып алмау үшін аспапта көп ойнамауға, ешқандай күш түсіретін, кедергі келтіретін нәрселер болмауы керек. Егер концерт кешке болса, онда оған дейін кішкене демалып, күнделікті ережесін бұзбай, жүйкеге кесірін тигізбеуі тиіс.

Оқушының сенімділігі үшін концертке сенімсіз шығармамен жібермеу өте маңызды.
Сахнада кезінде тоқтап қалу туралы ой ол үрей туғызады, сондықтан назарын толқытуға аудару өте зиян. Кейде оқушылардың сахнаға шығу алдында кейбір мұғалімдер «Толқып тұрған жоқсың ба?», «Қорқып тұрған жоқсың ба?» - деген сұрақтардың астына алады. Мұндай сұрақтар оқушының сахнада өзін еркін ұстауына қатты кедергі келтіреді. Керісінше әрбір оқытушы оқушыға жігер беруі керек. Тіпті тәжірибелі деген орындаушылар сахна өнеріндегі көп үзілістен кейін толқиды. Сонымен қатар ұстазға оқушылардың орындаушылық мүмкіншілігін өсіру үшін класта тек сол кездегі шығармаларын дайындап қана қоймай, бұрынғы өтілген шығармамен бастағаны да пайдалы болады.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин айтқандай «Қайталау – оқу анасы» екенін әрбір ұстаз ұмытпағаны жөн.

Қорыта келгенде оқушыларды халық алдына көп шығару мүмкіншілігін жасау керек. Әрине оларға музыкалық оқу орнында емес, жалпы білім беретін мектептердегі кештерде, тағы басқа да жиындарды өнер көрсетуге болады. Оқушыны сахна өнеріне шыңдауға сайыстардың да атқаратын маңызы зор.
Сондай - ақ оқушының сахнадағы орындаушылық шеберлігін арттыру үшін үн - бейне таспаларды тыңдап, пайдалану да көп көмегін тигізеді. Осы орайда көшіру, еліктеу жөн емес, одан да әрбір орындаушының жеке тұлғасын қалыптастыру – басты міндет.
5 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке, түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой - өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар затты ұқсата білуге, сол заттың қадір - қасиетін білуге, күнделікті өмірде қолдана
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 бастауыш мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ахметова Гауһар Жылқыбайқызы
Балалар әлемі - ғажап әлем (ата -ана сағаты)
Балалар әлемі - ғажап әлем (ата -ана сағаты)
Қаратөбе ауданы, Қаратөбе балалар саз мектебінің терме класының оқытушысы Ақкерей Ләйлі Тельманқызы
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий 1 жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Ұстазға (Анар апайыма)
Ұстазға (Анар апайыма)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қарашеңгел бастауыш сыныбының 3 сынып оқушысы Нұрғали Мадияр, (жетекшісі бастауыш пән мұғалімі Жолмырзаева Анар)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×