Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары

27 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Музыка
Қазалы аудандық балалар әуез мектебі
Фортепиано бөлімінің оқытушысы
Дарибаева Айгуль Таласовна

Сабақтың тақырыбы: Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары

Сабақтың мақсаты: Оқушының музыкалық шығарманы өз бетімен ұғынуға, оның шығармашылық алғырлығын, шеберлігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушының көркем ойын тәрбиелей отырып, соның негізінде аспапта орындаушылық өнерін қалыптастыру.
Білімділік: Оқушының музыкаға, аспапқа деген сүйіспеншілігін
сіңіруге, музыка тілінің заңдылықтарына, оны көз алдына келтіре білетін, мазмұнына бойлай алатын көрегендік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының музыкалық қаблетіне болжам жасауға дағдылануына, музыкалық қабілетінің ерекшеліктерін есте ұсатуына, ырғақ сезім күшін, ұғымталдығын, салауатын, ой - өрісінің дамуын қалыптастыру.
Пән аралас сабақтар: Теория, сольфеджио
Көрнекіліктер: Аспап, слайд.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, аспапта орындау

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырыптарды қорытындылау
3. Үй тапсырмасын тексеру
4. Жаңа сабақ
5. Үйге тапсырма беру
6. Сабақты қорытындылау
7. Бағалау

«Өз бетімен жұмыс қай салада да биікке апарар жол»
Н. К. Крупская

Кіріспе
Қандай болмасын ұстаз өз оқушысын өз бетімен жұмыс жасауға үйретеді, ұлағатты, жан¬¬- жақты музыка маманы етіп дайындауды мақсат етеді. Өз бетімен жұмысқа оқушыны алғашқы сабақтан үйреткен жөн, себебі негізгі жұмыс үйде жасалынады. Көптеген жетістіктердің көзі осы өз бетімен жұмыс жасауының нәтижесіне байланысты. Оқушының творчестволық табысы, оның өсуі және әр сабақтың нәтижелілігі осыдан.
Сонда оқушының өз бетінше жұмысының өзегі неде? Ең алдымен оның сабаққа деген қызығушылығында, алға ұмтылуында, жаңа тапсырма алғысы келген үмітінде, оны жақсылап орындауға, алдына мақсат қоя білуінде.
Міне мұның барлығы оқушы өз бетімен жұмысқа белгілі терең танымды игерілген білімімен қамтығанда ғана іске асады.
Сонымен бүгінгі біздің сабағымыз 3 бөлімнен тұрады.

1 - бөлім: Оқушының өз бетінше жұмыс істеуі үшін алдымен оқушының музыкалық - теориялық білімінің негіздерін жақсылап меңгерту керек. Аспаптың құрылысы мен оған арналған нота графикасының ерекшеліктерін үйрету, альтернация белгілерін, кідіріс белгілерін толық меңгерту.

Өткен тақырыптарды қайталау
Осы тақырыптарға байланысты оқушыға сұрақтар қойып, білімін тексеремін.
2 - бөлім: Орындаушылық қимыл - әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игерту: оқушының дұрыс отыруы, қолдың, саусақтардың дұрыс орналасуы.
Қолдың қойылымы дегеніміз – музыкалық аспапта ойнап, үйрену барысында оқушының қолдары мен саусақтарының дұрыс орналасуын қалыптастыру. Қолдың білек пен білезік буыны саусақтардың қимыл қозғалыстарына сай икемделіп отырады. Оқушы алғаш клавиштерді басу арқылы жақсы, назды дыбыс шығару үшін болмашы болса да күш жұмсайды, сол себептен сабақ сайын оқушының қол бұлшықеттерінің бос болуын қадағалап отырамын, қолдары тез шаршап қалмас үшін жаттығулар ойнатамын.
Гамма (до мажор) – С - dur, арпеджио, аккорд хроматикалық гамма (дыбыстардың біркелкі шығуын қадағалаймын).
Өз бетімен жұмыста үй тапсырмасы да оқушының жеке басының музыкалық еңбекқорлық қасиеттеріне байланысты. Оқушылардың талдау арқылы ойлау қабілетін дамыту және білімінің көкейге қонымдылығын тәрбиелеу үшін мынадай жұмыс түрлеріне сүйенемін.

1. Үй жұмысын орындағаны жөнінде оқушының ауызша есебі. Үй жұмысындағы кездескен қиындықтарды жою үшін қолданылған әдіс - тәсілдер.
2. Оқушының өзі орындаған шығармаға талдау жасауы, жіберілген қателіктерін тауып, өз жұмысына баға беруі.
Үй тапсырмасы:
1. Николаев «Этюд»
2. Филипп «Колыбельная»
3. Л. Друшкевич «Из бабушкиных воспоминаний»
4. Өңд. Беркович вариаций «Во саду ли в огороде»
Оқушының үй жұмысын тексеріп болған соң, дұрыс емес жерін көрсетіп, сонымен жұмыс жасауына, өзін - өзі тыңдай білуіне, әрбір дыбыстың болуына үйретемін.

3 - бөлім: Жаңа сабақ Укр. х. ә. «Ой лопнул обруч, возле бочочки»
Оқытушының қадағалауымен сыныпта өткен жаңа тапсырмаға аспапта ойнау арқылы, оқушының өз бетінше талдау жүргізуі.
Шығармаға талдау.
1) Музыкалық теориялық талдау – авторы, шығарманың формасы, өлшемі, әуендік құрылымы, ырғақтың ерекшелігі, сөйлемдер, бір түрлі немесе қайталанатын бөліктер.
2) Шығармаға техникалық талдау – сол қол мен оң қолдың атқаратын ролі, дыбысталу мазмұны (legato, staccato, non legato).
3) Ұстаздық талдау – негізгі музыкалық шеберлік және орындаушылық тұрғысындағы мақсаттар, оны іске асыру жолдары.
Оқушы шығарманы орындауда өз бетімен нотаны оқып, шығарманың көлеміне, ондағы альтерация белгілеріне, дыбыс ұзақтығына көңіл аудартамын.
Содан соң шығарманы бөлімдерге бөліп талдау жұмысын жүргіземін. Музыкалық әуенді жеке - жеке талдап, соңына бәрін бір сөйлемге біріктіру жұмысын жүргіземін.
Оқушының ынта жігерін арттыру үшін шығарманы өзім ойнап көрсетемін.

Үйге тапсырма беру.
Шәкірт күнделігіне берілген тапсырманың қысқаша мазмұны, шығармада кездесетін техникалық қиын жерлерін игеру үшін берілетін жаттығулар, оқытушы айтып түсіндірген музыканың қысқаша мазмұны мен оның орындалу екпіні болмысы жазылады. Күнделікке жазылған тапсырма оқушының үйде дайындалуы үшін, сабақта айтылған ұстаз сөзін еске сақтауы үшін үлкен көмегін тигізеді. Сондықтан ұстаз шәкіртінің күнделігін сабақ сайын тексеріп тұруға міндетті.

Сабақты қорытындылау.
Оқушының тыңғылықты өз бетімен жұмысы ұстаздың уақытын үнемдеуге көмектеседі. Оқушының жақсы орындалған үй тапсырмасы ұстазды сансыз қателерден түзеуден, жүйке шаршауынан босатады. Әрине бұл үшін екі жақты күнделікті еңбек керек. Олай болмаған кезде күнде сабақтан сабаққа еске түсіру, қате түзеуге, зая кеткен уақыт, нашар оқушы, дел-сал ұстаз деген ұғымға әкеледі.
Бағалау.
4 826
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Вокализ» Г. Панофка
«Вокализ» Г. Панофка
Оқушыны шығармамен жұмыс жасай білуге үйрету. Өтілетін шығарманың белгілеріне, дыбыс тазалығына көңіл бөлу.
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Иоганн Фридрих Фон Бургмюллер немістің композитор, пианисті. Ол 1806 жылы 4 желтоқсанда өмірге келген. 1874жылы 13ақпанда қайтыс болған. Ол көптеген этюдтарымен белгілі болған. Әкесі Фридрих Августа Бургмюллер дирижер және пианист болған. Үлкен
Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу
Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу
Табиғаттың әсем көріністерін музыка тілімен де айтып түсіндіруге, суреттеуге, бейнелеуге болатыны туралы мағлұмат береміз. Сөзгер, композиторлар табиғаттың сұлулығын, көркемдігін музыкаға әндерге, күйлерге көшірген. Сондықтан балалар музыка
Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар
Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Шығармашылық есеп
Шығармашылық есеп
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы, № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Тоқтаған Манарбек
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Оқушының аспапқа белсенділігімен қызығушылығын арттыра отырып, шығарманы түсініп ойнауға тәрбиелеу және ноталарды бірден әрі таза ойнауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×