Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыл қобыз аспабындағы ойнау тәсілдері

07 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Музыка
Ақтөбе облысы,
Шалқар қаласы, Қазанғап атындағы саз мектебі
Тулешова Ментай Ысқаққызы

Сабақтың тақырыбы: Қыл қобыз аспабындағы ойнау тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: А) Оқушының қызығушылығын аспап арқылы ояту.
Ә) Қыл қобыз аспабындағы ойнау тәсілдерін жетік түсіндіріп, оң қол қойылымына асамәнберу.
Б) Оқушының орындаушылық шеберлігін арттыру.
Дамытушылық: Әуенді, әдемі дыбыстар дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыға күйдің шығу тарихын айта отырып, күйді түсініп ойнауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі׃ Жаңа сабақ
Көрнекілігі׃аспап салынған сурет, штрихтар жазылған плакат.

Сабақтың барысы׃
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Сергіту сәті
4. Актуалдау
5. Жаңа сабақ
6. Бекіту
7. Қорытындылау
8. Үйге тапсырма беру
9. Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушымен амандасып, назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) F-dur гаммасын ойнап қол жүргіземіз, d-moll гаммасының 3 түрін ойнау.
б) Жаттығу№1, 2 ойнау.
в) Дәулеткерей«Қос алқа»белгілеген жерге дейін жатқа ойнау.
3. Сергіту сәті. Күй тыңдау. Дәулеткерей«Қос алқа»
4. Актуалдау.
Қос алқа күйінде кездескен штрихтар яғни легато, деташе штрихтар біздің бүгінгі «Ерден»күйінде де кездеседі.
5. Жаңа сабақ׃«Қыл қобыз аспабындағы ойнау тәсілдері»
Қыл қобыз аспабындағы оң қолдың қойылымы, прима-қобыздан өзгеше. Оң қолды ысқыштың үстіне емес астына қоямыз

Ғалымдар Н. Финдайзин, В. Виноградов«қыл қобыз»терминін ысқы тіл және шертпе әдістерімен орындалатын аспап тобына жатқызған. Академик Ә. Марғұлан жазбаларында қыл қобыз бейнесі аққуды елестететінін, ал оның дыбысы аққу үніндей әсерлі шығатынын айтады. Бұрынғы кезде қыл қобыз ұмыт бола бастаған, себебі бұл аспапта жыр айтылмай, бақсылардың қолданысында болып қалды. А. Жұбановтың айтқанындай Ы. Дүкенұлы бұл аспапты «бақсылар қолынан жұлып алып» оны халқына табыстады. Ы. Дүкенұлы қыл қобыздағы ретро ырғаққа әр түрлі өзгерістер енгізді, бақсылар ем - сеансында төменгі регистрлерін пайдаланса, халық орындаушылары жоғары регистрлерді пайдаланды. Қыл қобызды кварта немесе квинта бұрауына келтіреді. Бұрынғы кезде қыл қобызды отырып сол аяғының үстіне қойып, сол самайына тіреп тартқан, ал қазір орындыққа отырып тізенің арасына қысып тартады. Революцияға дейін қыл қобызды тек ерлер тартқан, ал қазір әйелдер де шебер орындайды.

Ал енді бүгінгі талдайтын Ықыластың күйі күйіміз «Ерден». Алдымен күйді өзім ойнап көрсетемін. Күйді талдамас бұрын Ықылас Дүкенұлының өмірбаянына тоқталайын. Ықылас жеті атасынан Қобызшылар әулеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келген. Ықылас Дүкенұлының туып өскен мекені қазіргі Сарысу мен Жанарқа аудандарына қарасты жерлер. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Ертеде жаугершілік заманда Ерназар ауылын жау шабады. Еркектерді байлап, малдарды айдап, барымталап әкетеді. Бір кезде олар артынан бір ызыңды естіп тоқтапты. Барымташыларының басшысы тұра қалып тыңдап, әлгі ызыңға балқып, жүре алмай қалады. «Қой адам түгіл қобыз жылап жатыр, жылатпай қайтарыңдар малды»деп мәрттік жасапты. Сөйтіп сол қобызды тартқан Дүкен екен. Сол Дүкеннің баласы Ықылас асып туған қобызшы болды.

Табиғатынан талантты болып туған Ықылас, әкесінің тартқан күйлерін жастайынан құлағына сіңдіре береді. 5-6 Ықылас түс көреді, түсінде оған Қорқыт ата келіп«Балам көген аласың ба, қобыз аласың ба?» - дейді. Ықылас«Қобыз алам»деп оянады. Жасы 15-ке келгенде Ықылас қобызды толық меңгеріп күйлер шығара бастайды. И. Жақановтың«Қобыз атасы - Ықылас» - деген кітабында Құрмансейіт ақсақал Ықыластың күйшілігі туралы былай дейді «Ықылас қобызды аңырата тартқанда, адам түгіл байтақ дала мүлгиді». Тағы айтып кетер бір жағдай әлемдік музыка тарихындағы шебер скрипкашы Н. Паганинидің үлкен сахнада шығарма орындаған кезде, скрипкасының 4 ішегінің 3-ішегі үзіліп, қалған 1«соль» ішегінде шығарманы аяқтайды. Ал Ықылас аспапты долдана ысқылағанда қыл ішектің бірі үзіліп, қалған жалғыз ішегі түтіндеп жанып кеткен.

Ықыластың күйлері: «Жезкиік», «Ерден», «Қазан», «Шыңырау», «Бозторғай», «Кертолғау».
Ықыластың шәкірттері׃ Түсіпбек, Әбікей, Сүгір, ал олардың шәкірттері׃Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев. Ықылас біздің заманымызға бұзбай жеткізіп, қобыз өнерін өзінен кейінгі ұрпаққа үйретіп кетті.
Ендігі кезекті «Ерден»күйінің шығу тарихына берейік. Ықыластың туған елі - Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, яғни «Дуан басы»Ерден деген біреу болыпты. Бір күні Тама руының өкілі жинаған алым-салыққа місе тұтпаған Ерден, Тамалардың жылқысын қуып әкелуге шабармандарын жұмсайды.

Сол кезде Ықылас ашуланып жаяу болса да Ақмолаға барып, өз көзімен көрген ат шабарман әділетсіздігін айтуға бел буады. Жолда Ықылас Ерденнің сүйікті ұлы Әйменденнің қайтыс болғанын естіп, Ерденнің қайғысына ортақтасқандай болып, ол қысқаша дұға оқиды да, өзінің қобызын алып барып қайғылы-қазалы күйін ойнай бастайды. Күйдің сарына шыдамай, үй іші ұзақ жыласады. Көңілі толған Ерден Ықыласқа қайта-қайта ойна деп басын изейді. Ерден Ықыласқа қонақ асын беріп «Қандай өтінішің бар еді?»- деп сұрайды. «Тама руына жылқысын қайтарып бер»- дейді Ықылас. Ерден бұл өтінішін орындайды. Бірақ сен үйде жатып үй ішінің көңілін аулап, қобыз тартып бер дейді. Осы Ықыластың күйі халықтың арасында«Ерден»атанып тарап кеткен.

Ерден күйі D-dur тоналносінде жазылған. 2/4өлшем бірде3/4, 5/8 болып ауысып тұрады себебі өлшем ауыспалы болып тұр. Бұл күй асықпай тебірене орындалады. Күйде легато штрихы, нүктелі ноталар және фаршлагтар көп кездеседі. Бастапқы әуен екіншісінде бір октава жоғары орындалады. Ол үшін ысқышты тиектің түбіне тақап ойнаймыз. Күйде төрттік, сегіздік тыныстар және он алтылық ноталар бар. Оң қолдың буынын бос ұстаймыз, ля-ішегіне барғанда шынтағымыз көтеріңкі болу керек.

6. Бекіту.
1. Ықылас Дүкенұлы кім?
2. Күйде қандай штрихтар кездеседі?
3. Күйдің шығу тарихы бізге не үшін қажет?
7. Қорытындылау.

Аспапта ойнау тәсілдері: Штрихтар, Мелизмдер, Тербеліс, Екпін
8. Үйге тапсырма беру׃«Ерден»күйін белгілеген жерге дейін санап ойнау.
9. Бағалау
7 693
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Дина "Әсемқоңыр"
Дина "Әсемқоңыр"
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен таныстыру
Халық күйі «Кеңес»
Халық күйі «Кеңес»
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің домбыра үйірмесінің мұғалімі Карагизова Рысты Серикбаевна
Шағын пьесаны күйсандықпен қосу ерекшелігі
Шағын пьесаны күйсандықпен қосу ерекшелігі
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Оқушының аспапқа белсенділігімен қызығушылығын арттыра отырып, шығарманы түсініп ойнауға тәрбиелеу және ноталарды бірден әрі таза ойнауға тәрбиелеу.
Аспапта ойнауды жетілдіру
Аспапта ойнауды жетілдіру
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Қазанғап атындағы саз мектебі Тулешова Ментай Ысқаққызы Сабақтың тақырыбы׃ Аспапта ойнауды жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×