Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баланы музыка мектебіне берудің 10 себебі

30 қараша 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Баланы музыка мектебіне берудің 10 себебі

Макаренко Антон Семенович "Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу" дегендей сіздер саз мектебіне балаларыңызды беріп отырсыздар. Қазақ халқы айтады "Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу".
Балаларды саз мектебіне беру, олардың ой - өрісін кеңеюіне, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ықпалын тигізеді. Музыкамен айналысқан адам адамгершілік қасиеті жоғары болады. Өз елінің дəстүрін, əн-күйін бойына сіңіріп өседі.
Сонымен қатар музыканы ойнап қана қоймай, билеуді үйренеді. Би – баланың дене бітімі жақсы өсуіне, физикалық қозғалысының жақсы дамуына, сымбатты болып өсуіне əсерін тигізеді.

1. Музыканы ойнау - бұл дəстүрді жалғастыру болып табылады. Музыкаға барлық ақсүйектерді үйретті. Мысалы: Еуропалықтарды, азиялықтарды, орыстарды, қазақтарды жəне т. б. музыканы ойнау бұл керемет дүние.
2. Музыкалық сабақтар еркіндікке жəне тəртіпке тəрбиелейді. Аспапта үнемі жəне үздіксіз ойнау керек. Чемпион спорт залда қалай жаттығатын болса музыкантта сондай қарқынмен дайындалуы тиіс. Бірақ музыканың спорттан айырмашылығы рояльде отырып қолыңды, аяғыңды сындырып алмайсың. Қатал ата - аналар назарына. Музыка - бұл жарақатсыз мінез - құлықты тəрбиелеу. Мұндай мүмкіндіктің болғаны қандай тамаша!
3. Музыкамен шұғылдану арқылы бала математикалық қабілетін дамытады. Ол айналасын ойлап отырып, қажет клавишти басады. Дыбыс угораларын пайдалана отырып, музыканы шығарып, нота мəтінін есте сақтайды. Музыкант музыкалық пьесада математикалық дəлелдеу сияқты екенін біледі.
Альберт Энштейн (1879 - 1955) физиктеоретик, қазіргі физиканың негізін қалаушылардың бірі. Салыстырмалы теориясының жаратушысы скрипкада ойнаған. Профессор, математиктердің 70% музыкалық клуб - үйірмелердің мүшелері екені жай емес. Болашақ математиктер мен инженерлердің ата - аналарының назарына. Қиын тапсырмаларды шешкеннен, музыканы ойнау əлдеқайда жағымды.
4. Музыка мен тіл егіз ағайынды сияқты. Олар бірінен соң бірі дүниеге келген. Бірінші əрі үлкені - Музыка. Кішісі сөйлеу тілі жəне нүкте. Сұрақтар мен леп белгілері, сөйлем музыкада да бар. Аспапта ойнайтындар жəне əн салатындар өте жақсы жазады, сөйлейді. Граматиканы тез меңгере алады. Шет тілдерінде оңай қабылдайды. Əдебиетші И. Меломи, С. Тургенеев, Л. Толстой, А. Құнанбаев осылардың бəрі бірнеше шет тілін білген болашақ журналистер мен аудармашылардың ата - аналар назарына.
5. Музыканың құрылымы бар; үлкен шығармалар кіші бөліктерге бөлінеді. Осы кіші бөліктер ұсақ фразалар мен мотивтерден тұратын кішкентай тақырыптар фрахненттерге бөлінеді. Психологтар кішкентай музыканттар И. Сузукидің шəкірттері музыкалық есту қабілеті мен есте сақтау қабілеті онша болмағанымен, құрылымды ойлау деңгейі жағынан өз замандастарынан озық болғанын дəлелдеген. Болашақ жүйе администраторлары мен програмистердің ата - аналар назарына.
6. Музыкалық сабақтар сөйлеу дағдысын дамытады. Немесе бүгінгі атаумен айтатын болсақ жан - жақтылық дағды. Дана жəне пəнсапалы Бах (1685 - 1750) неміс композиторы. Оқушы композитордың шығармасын ойнау кезінде менеджер дарынына дейін бір қадам қалады. Өйткені оған ең бастысы адамды түсіну, өз түсінігі арқылы оларды басқару. Болашақ бизнес империяның негізін салушылардың асқақ ата - аналар назарына.
7. Музыканттар жұмсақ жүректі, сонымен қатар ер мінезді. Психологтардың айтуынша музыкант ер адам ханым сияқты сезімтал, ал əйел адам ер адам сияқты өжет жəне нық рухты болып келеді. Музыка адам мінезін жұмсартады. Бірақ музыкада жаңа табыстарға жету үшін жүректі адам болу керек. Қартайған кезде көмек пен қолдау күтетін, көреген ата - аналар назарына. Музыкамен айналысқан балалар жаны ашық жəне төзімді болып келеді.
8. Музыкамен айналысу əртүрлі жағдайға дайын болуға үйретеді. Музыканттар жұмысты тапсыру мерзімі деген сөзден қорықпайды. Музыкалық мектепте сынақты немесе класс концертін бір апта ерте немесе ертеңге ауыстыруға болмайды. Сахнадағы əртістің жағдайы тапсырыс бойынша үлкен дайындыққа үйретеді. Мұндай тəжірибеден өткен баланы емтихан да, жұмыста сүріндіре алмайды. Мазасыз ата - аналар назарына. Балалық шақтағы музыкалық сабақтар бұл үлкен төзімділік жəне бүкіл өміріне əртістікті қалыптастырады.
9. Музыкалық сабақтар көп істі атқара алатын кішкентай "Цезарларды" (100 - 44ж б. з. б. Ұлы Рим қолбасшысы жəне императоры) тəрбиелейді. Музыка бір уақытта бірнеше істі атқаруға көмектеседі. Өйткені есте сақтайды. Нотаға бірден қарап, оқып ойнайтын музыкант бірнеше жұмысты бірден атқарады. Музыка ойнауға жəне бірнеше бағытта өмір сүруге уйретеді. Артық жұмыстан шаршаған ата - аналар назарына. Сіз өмірде əртүрлі жолдармен жүре отырып, əрқашан бірінші болуға тырысасыз. Ал бала музыкантқа осылар əлдеқайда жеңіл.
10. Сонымен музыка - өмірдегі жетістікке ең жақсы жолы. 1 - 9пунктерінен қараңыз. Көптеген əлемдегі атақты кісілер бала шағында музыкамен айналысқан. Мысалы Агата Крист (1891 - 1976) ағылшын жазушысы 8. 5 детектив кітаптардың авторы. Өзінің бірнеше əңгімесінде сахнада фортепианода ойнау оған неге қиын болғанын айтады.
Кондализа Ранс (Американың бұрынғы вице - президенті) керісінше өзінің əдемі концерттік көйлегімен сахнада көпшілік алдында ойнағанда, саксафонсыз ол ешқашан президент болмаған болар едім дейді.
Əр табысты кез - келген саладағы адамдардан сұраңыз, бала шағында музыкамен шұғылданды ма....
Аз болса да.
Музыкамен шұғылдану бала денесінің өсуіне, есту мүшелеріне, қан айналымы мен тыныс алу өзгерістеріне, жалпы денсаулығына зор əсер ететіндігін болашақ музыка мектебінің ұстаздары өздері біліп қана қоймай, ата - аналарына да жеткізгені дұрыс.
Балаларымыздың болашағын ойлап, жас күнінен уақыттарын тиімді пайдаланып, өнер деген үлкен жолдың алғашқы баспалдақтарын қалап бергендеріңіз үшін ұстаздар атынан сіздерге мың алғыс.
3 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Модуль идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасына енгізгенін негіздеуі жəне енгізу тиімділігін бағалау
Аспапта ойнауға үйретудің негізгі əдістері
Аспапта ойнауға үйретудің негізгі əдістері
Оқытудың тəсілі - əдіс элементі, оның құралдас бөлімі, əдісті тарату жолы. Мұғалім баяншының жұмысында қолданатын тəсілдер нұсқауға, ередеге бағыштау, ойнау бврысында ескертпелер, аспапта жекеленген дағдыларды, тағы басқаларды ойнау, əндету.
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен
Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар
Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
«Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×