Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыка - сезім тілі

05 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Музыка
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: Музыка - сезім тілі
Мақсаты: Музыканың құдіреттілігін ұғындыру.
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру. Мұқият тыңдауға, зейінділікке баулу. Би қимылдарын ырғаққа сәйкес, әсем қозғала орындауға дағдыландыру.
Музыканың динамикалық реңкін анықтай алуға үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, қайталау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Үнтаспа, слайд, электронды оқулық, микрофон, композитор В. Шаинскийдің суреті, әуесқой сазгер А. Н. Еспенбетованың бейнехаты, музыкалық баспалдақ, ойынға қажетті заттар.

Мотивациялық қозғаушы
1. Бастапқы жүріс.
«Балдырғандар маршы» Ш. Қалдаяқов
Марш ырғақты әуенмен балалардың қатар түзей, ырғақты сезіне, ширақ адымдай жүре білулеріне мән береді.
Балалармен әндете сәлемдеседі:
Са - ла - мат па, ба - ла - лар?
2. Әуенді - ырғақты қимылдар.
«Мир похож на цветной луг» В. Шаинский
- Балалар! Мен сендерге бір әннің үзіндісін тыңдап көруді ұсынғым келіп тұр. (тыңдатады)
- Әннің көңіл - күйі қандай?

- Дұрыс айтасыңдар, көңілді ән. Ендеше қазір бәріміз осы әннің ырғағын қол соғулармен, аяқ топылдатулармен, ырғақты қимылдармен әйгілеп, әуенге ілесіп билеп көрейікші... Бірақ жақсылап тыңдап, ән ырғағын дәл аңғаруға тырысыңдар, жарай ма?
- Жақсы биледіңдер. Ән сендерге ұнады ма?
- Би билеу ше?
- Бұл әнді композитор В. Я. Шаинский жазды. (Суретін слайд арқылы көрсетеді.)
(В. Шаинскийдің балаларға арналған әндері көп. Мысалы: «Голубой вагон», «Настоящий друг», «Чунга - чанга» т. б.) Композитор - музыка ойлап табады.
Жаңа сендер қатар түзей жүргенде ойналған әуен мен осы әннің сипаты, ырғағы бірдей ме?
- Яғни, музыка бір - бірінен сипаты, ырғағы бойынша ерекшеленеді екен.
- Бүгінгі үйренген ырғақты қимылдар есімізде қалуы үшін тағы да қайталайық...
Ал композитор В. Я. Шаинский бізді бақылап тұрады, ырғақтан жаңылысып қалмаңдар.

Іздену - ұйымдастыру
- Жақсы, енді жайғасып отырып музыка тыңдайық
3. Музыка тыңдау
«Қуыршақтың мұңы» П. И. Чайковский
- Музыка көңіл - күйлеріңе қалай әсер етті?
- Музыканың көңіл - күйі қандай?
- Дұрыс айтасыңдар, мұңлы, көңілсіз музыка екен. Бұл - сендер сияқты кішкентай балалардың тыңдауына арналған шағын музыкалық шығарма. Егер осы музыкалық шығарманы сендер жазған болсаңдар қалай атар едіңдер? Мазмұны не туралы деп ойлайсыңдар? Композитор бұл шығарманы «Қуыршақтың мұңы» деп атапты. Музыка арқылы ауырып қалған қуыршақтың көңіл - күйін жеткізуге тырысыпты.
Музыка - сезім тілі жүктеу
3 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз - көңілді баламыз
Біз - көңілді баламыз
Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру. Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Электроника әлемі
Электроника әлемі
Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, әннің мазмұнына көңіл бөлу, әнді таза түсінікті, көңілді айтуға, ырғақты жүруге және жүгіруге үйрету. Музыканың түрлі дыбысталуын “ баяу – қатты” ажыратуға, күш түсірмей табиғи дауыспен айтуға, ритм мен тактіні
Ырғақты гимнастика
Ырғақты гимнастика
Тақырыбы:(музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы жаттығулар)
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Қызылорда қаласындағы №8 "Бүлдіршін" санаториялық балабақшасында музыка жетекшісі Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Қызылорда қаласындағы №8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×