Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тартыс күйлер

20 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, Балалар әуез мектебінің
домбыра сыныбының мұғалімі
Байдаулетова Мейрамкүл

Сабақтың тақырыбы: «Тартыс күйлер».

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының күйшілік өнеріне, күй жанрларына, оның ішінде тартыс күйлерге ерекше тоқталып өтіп, толық түсінік беру.
Білімділік: Жаңа сабақты талдау арқылы, оқушының күйшілік өнерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тартыс күйлерді тыңдау, орындау арқылы оқушының ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Күй өнерлерін үйрету арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Оқытудың формасы: Оқушымен жеке жұмыс жасау.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты жазылған ережелерді видоепроектор арқылы көрсету,
бейнетаспаларды көру.

Сабақтың жоспары:
І - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушының сабаққа әзірлігін, оқу құралдарын тексеру.
Ә) Үй тапсырмасын қайталау.

ІІ - бөлім. Негізгі бөлім.
А) Тартыс күйлер жайында терең мағлұмат беру.
Ә) Тартыс күйлердің түрлеріне тоқталып, бейнетаспа, үнтаспадан мысалдар келтіру.

ІІІ - бөлім. Қорытынды.
А) Сабақты пысықтау.
Ә) Оқушыны бағалау.
Б) Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:
І. Сабақты бастамас бұрын оқушының оқу құралдарын тексеремін. Үйге берілген тапсырманы қайталатамын.

ІІ. Күй – қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы.
Күй ұлы оқиғаларды, өмір шындығын, қазақ жерінде болған айтыс - тартысты, той - думанды, тұрмыс - тіршілікті, табиғатты суреттейді. Қазақтың аспаптық музыкасы яғни, халық күйлері өзінің орындаушылық ерекшеліктеріне қарай «төкпе» және «шертпе»күйлер болып бөлінсе, жанрлық тұрғыдан алты топқа бөлінеді.
Атап айтар болсақ, аңыз күйлер, арнау күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс - салт күйлері, лирикалық күйлер және тартыс күйлер.
Тартыс күйлер – халық арасында кең тараған өнер түрі. Тартыс күйлер үлкен жиын - тойларда, мерекелерде орындалатын болған.
Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынға салу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай - қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес.
Тартыс күйлерге мысал ретінде ХІХ ғасырдың аяғында Қоңырат жерінде болған күй тартысты атап өтуге болады. Оған әйгілі күйшілер Орынбай, Дүкенбай, Қаратөс - Аймағанбет, Қаналытөрелер қатысады. Сайыстың шарты бойынша әр күйші «алпыс екі Ақжелең» күйлерін толық орындауға міндетті болатын. Осы сайыста күйші Қазанғап «Алпыс екі Ақжелеңді» нақышына келтіріп орындауымен көзге түседі. Әсіресе, оның осы сайыста орындаған «Күй шақырғыш Ақжелеңі» ерекше бағаланады.

Сондай - ақ, Маңғыстау өңірінде болған Науша, Тоғызбай, Есбай күйшілердің күй тартыстары және де осы өңірдің күйшісі Құлшар, Кемпір және қыздың күй тартыстары халық арасында әңгіме болып қалған.

Тартыс күйлердің үш түрі бар:
1. Сайысқа түсетін күйшілердің жеке орындаушылық өнерлерін көрсететін тартыс. Яғни, мұнда күйшілер бір күйді бастаса, келесі күйші сол күйді орта буынынан жалғастырып, әрі қарай өзі басқа күйді бастап, келесі күйші оны жалғастыратын болған.

(видеопроектор арқылы күйшілердің күй тартыстарын көрсету).

2. Күйшінің күйшілік – композиторлық өнерін көрсететін күй тартыс яғни, сайыс үстінде күйші өз жанынан жаңа күйлер шығара білуі.
Мұндай күй тартыс кезінде күйшілердің әсем сазды күйлерімен қатар күйдің тамаша аңыз - әңгімелері де баяндалады.

Тартыстың бұл түріне мысал ретіндеМаңғыстау жерінде болған Құлшар күйшінің, кемпірдің, қыздың тартыстарын қазір үнтаспа арқылы тыңдаңыздар.

3. Тартыстың ең күрделі түріне жатады. Онда күйшінің шығармашылық және орындаушылық өнерімен бірге, оның жаңа ғана естіген күйін бірден қайталап тартып беретін күй тартыс. Тартыстың бұл түрі ең қиыны болып саналады. Күйшілер тәжірибе алмасу үшін де күй тартысқа түскен. Оған Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күй тартысын алуға болады.
Дәулеткерей тартыс үстінде атақты күйлерімен қатар жаңа бір күй тартады. Ол «Бұлбұл» күйі болатын.
Құрманғазы бұл күйден үлкен әсер алып, «Бұлбұлдың құрғыры» деген күй шығарады.
Сондай - ақ күй тартыстар тек қана қазақ күйшілерінің арасында ғана емес,
сонымен қатар қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ, қазақ пен түрікмен
күйшілерінің арасында болған.

Мысалы: Дәулеткерей, Өскенбай сынды күйшілердің түрікмен күйшілерімен болған күй сайыстарында әсем сазды дүниеге келген күйлерін жатқызуға болады.
Мұндай сайыстар әлі күнге дейін сақталып келеді.

Осыған дәлел ретінде қырғыздың ұлттық аспабы қомуз бен қазақтың қара домбырасы арқылы күйлер тартысып жүрген күйшілеріміз қазіргі кезде үлкен сахналарда өз өнерлерін көрсетіп жүр.

Қазіргі бейнетаспадан осы күй тартысымызды тамашалайсыздар.

ІІІ. Қорытынды.
Өтілген сабақтар жайында оқушыға сұрақтар қойып, үйге тапсырма беріп, бағалаймын.
6 549
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық күйімен жұмыс
Халық күйімен жұмыс
Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, рухани жан дүниесін байыту.
Аңыз күйлермен жұмыс жасау
Аңыз күйлермен жұмыс жасау
Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген қызығушылығын ояту, әдебиет пәнімен, этнографиямен байланысын арттыру.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын пайдалану, дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтау және түбірлердің формуласын қолданып, квадрат теңдеуді шешу
Биологиялық бәйге - тартыс
Биологиялық бәйге - тартыс
Сыныптан тыс "Биологиялық бәйге - тартыс" іс - шарасы 7 сынып оқушыларына ұсынылып отыр.
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×