Айтысқа дайындал
Сабақтың тақырыбы: Айтысқа дайындал!
Мақсаты:
Білімділігі: Қазақ халқының шешендік сөз өнерін, суырып – салмалық қасиетін қалыптастырып, С. Мұхамеджановтың «Бүгін қай күн?» әнін үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қасиеттерін тыңдап, ой - өрісін кеңейту, музыкалық, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Халқымыздың әдет – ғұрпын сақтауға, адамгершілікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, СТО әдісі: «араласқан сөздер», «сиқырлы таяқша».
Көрнекіліктер: баян аспабы, ұрмалы аспаптар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі, өнер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Білімді жан – жақты тексеру
Жаңа сабақ
Ән үйрету
Білімді бекіту
Қорытындылау
Үйге тапсырма
Бағалау (сұрақтарға толық жауап берген балаға бүтін нота, жартылай жауапқа жартылық нота беріліп отырады және сол арқылы сабақ соңында бағаланады).
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.
1. Намысты бол
2. Табысты бол
3. Жігерлі бол
4. Әділ бол
5. Сезімтал бол
6. Жаңашыл бол
7. Салмақты бол
8. Турашыл бол
9.Шешен бол
10. Өнерлі бол
Дауыс жаттығуы
1. М: Күй сандықты ашайық
О: до – до – до
М: Тілдерін біз бастайық
О: до – до – до
М: Бас дыбысты бастайық
О: до – до – до
М: Жайлап әнге салайық
О: до – до – до
Бірге: До, ре, ми, фа, соль , ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
2. М: Шалқып шығар сонда күй
О: до – до – до
М: Бәрі до – дан басталар
О: до – до – до
М: до – ны қоштар басқалар
О: до – до – до
М: до – ны қоштар басқалар
О: до – до – до
Бірге: До, ре, ми, фа, соль , ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Дауыс жаттығуынан кейін «Не деу керек?» әнін сұрау.
III. Білімді жан – жақты тексеру.
Айтыс өнері деген не?
Айтыстың түрлерін ата?
Жартылық нота нешеуге саналады?
¾ өлшемі нешеге саналады?
Бірінші сызықтағы дыбыс?
Ұлттық музыка аспаптарын ата?
Айтыстан үзінді тыңдату, қосымша сұрақтар қойылады.
IV. Жаңа сабақ.
Айтыс – қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Бұл өнерге сөзге шешен, тапқыр, епті, білімді, суырып салмалық өнері бар адамдар қатыса алады және алғырлықты, жылдамдықты, тапқырлықты талап етеді. Ендеше, айтысқа дайынбыз ба?
/жаңа сабақтың тақырыбы шығады «Айтысқа дайындал!»/
Айтысқа шығу үшін қандай болу керек?
Бүгінгі үйренетін әніміз де ақындықты, тапқырлықты талап етеді.
Үйренетін әніміз белгілі композитор Сыдық Мұхамеджановтың «Бүгін
қай күн?» әні.
Әнді үйренбестен бұрын мына араласқан сөздерді орнына қойсаңдар үйренетін әніміздің бір шумағы шығады.
Араласқан сөздер:
1. - Бүгін қай күн?
- Дүйсенбі
- Ертең қай күн?
- Сейсенбі
- Оят онда Дүйсенді
Оят онда Сейсенді
Сабағынан қалмасын
Бір аптада неше күн бар?
7 күн. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
7 саны – қазақ халқы үшін қасиетті сан. Мысалы: Жеті қазына, Жеті күн, Жеті жоқ, Жеті ата, Жеті керемет, т.б. Бүгінгі сабағымызды да 7 санымен байланыстырмақпыз.
Аптаның алты күнінде мектепте білім алып, жексенбісінде дем аламыз.
V. Ән үйрету:
«Бүгін қай күн?» әнінің 1 – шумағын орындап беру арқылы әннің қалай орындалатынын түсіндіру, үйрету.
Сыныпты екі топқа бөлеміз:
Ескерту: қай топ бүтін нотаны көбірек жинаса, сол топ ұтқан болып саналады. Толық жауап бермеген топқа жартылық нота беріледі.
1 – топ әннің 2 - шумағын бірден құрастырып орындайды.
2 - топ әннің 3 – шумағын бірден құрастырып орындайды.
/ Әнді құрастырып жатқанда әннің әуені орындалып тұрады./
Әннің 4 – шумағын мұғалім мен оқушылар бірге орындайды.
Бүгін қай күн?
Өлеңін жазған: Ш. Мұхамеджанов
Әнін жазған: С. Мұхамеджанов
1. - Бүгін қай күн?
- Дүйсенбі.
- Ертең қай күн?
- Сейсенбі.
- Оят онда Дүйсенді,
Оят онда Сейсенді,
Сабағынан қалмасын.
2. - Бүгін қай күн?
- Сәрсенбі.
- Ертең қай күн?
- Бейсенбі.
- Оят онда Сәрсенді,
Оят онда Бейсенді,
Сабағынан қалмасын
3. - Бүгін қай күн?
- Жұма ғой.
- Ертең қай күн?
- Сенбі ғой.
- Тұрсын онда Жұмажан.
Тұрсын онда Сенбіжан,
Сабағынан қалмасын.
4. - Бүгін қай күн?
- Жексенбі.
- Демалыс та тез келді!
- Оят онда Жексенді,
Дүйсен, Сейсен, Сәрсенді,
Асыр салып ойнасын.
Енді, балалар, мен сұрақ қою, сендер жауап беру арқылы әннің барлық шумағын орындаймыз.
Балалар, кез – келген мамандық иесі болу үшін біз сабағымызды жақсы оқып, білімді, сауатты, үлгілі, ұқыпты,болуымыз керек. Ендеше, оқу, білім жөнінде әр топ 7 мақал – мәтел айтады.
Мысалы: 1 – топ «Оқу – инемен құдық қазғандай»
2 – топ «Оқу – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы».
1 – топ «Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы»
2 – топ «Ойна да күл,
Оқы да біл»
1 – топ «Білім – ер азығы,
Ер – ел азығы»
2 – топ «Оқу түбі – тоқу»
7-ші мақалдың басын мұғалім айтады, оқушы жалғасын жалғастырып кетуі керек. 1-ші болып айтқанға бүтін нота беріледі.
Мұғалім: «Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ»
«Ұйқасын тап» ойынын ойнату.
Өзінше ноян,
Қорқақ кім?...(қоян)
Бата алмас түлкі,
Үсті тікен...(кірпі)
Алмастан тыным,
Шабады....(құлын)
Жағасында бұлақ,
Жайылып жүр....(лақ)
Сылдыр қағып,
Таудан құлап.
Жатыр ағып,
Мөлдір....(бұлақ)
Дертке дауа, шипалы,
Витаминді күш – қуат.
Дәрімен құртпай жүйкені,
Ауылға бар, іш....(шұбат)
7-ші өлең жолын қай топ бірінші айтса, соған бүтін нота беріледі.
Үні ғажап,
Дүлдүл,
Бақта сайрар....(бұлбұл)
Такт сызығын сыз.
Өлшемдерге байланысты әр топ ноталарды тактіге бөлуі керек.
«Жеті жұмбақ»
Музыкалық білімге байланысты 7 жұмбақ жасырылады. Жұмбақтарды шешу арқылы музыкалық жеті дыбысты орналастыру, әрбір дыбыста сөздер мен сандар жасырылған. Жасырылған сөздер шықса, онда сол сөзге өлең шығарады.
Егер сан жасырылған шықса, онда сол топқа сонша ұпай қосылады.
1) Көңіл құсын ұшырдым,
Досқа шаттық ұсындым.
Бар ұлтқа ортақ бір тілді
Аудармасыз түсіндім
(Музыка)
2) Түзу бес жол бойында
Ұқсас бейне оюға
Ноталарды қырағы
Дәу күзетіп тұрады
(Скрипка кілті)
3) Үтірге ұқсас кілт
(Бас кілт)
4) Бір нотаны деп қаласыз жетіме,
Төңкересіз өте ұқсас екіге.
(Сегіздік нота)
5) Қос жалауша көтеріп,
Бір нота тұр өте нық.
(Он алтылық нота)
6) Әрі әріп, әрі сан,
Қай нота, айтшы, танысаң.
(Бүтін нота 0)
7-ші жұмбақты қай топ 1-ші тапса, сол топқа бүтін нота беріледі.
3) Бұл нотаның қарашы сен тұрпына
Аумай ұқсап тұруын – ай шырпыға.
(Ширектік нота)
«Бүгін қай күн?» әнін қайта орындау.
VI Білімді бекіту.
Бекіту сұрақтары қойылады: қандай ән үйрендік, аптада неше күн бар, ән қандай екпінде орындалып тұр?
- Енді, бүгінгі сабақты қорыта келе 1 – ші топтан Тоғжан мен 2 – ші топтан Қыдырәлі айтысын тамашалаймыз.
Тоғжан: Жақсы оқысаң сабақты,
Білімді боп өсесің.
Ата – анаңды қуантып,
Арманыңа жетесің.
Қыдырәлі: Мақтаны боп ұстаздың,
Айтқан тілін алайық.
Кешікпейік сабаққа
Жақсы азамат болайық.
Тоғжан: Күнделікті сабаққа
Дайындықпен келейік!
Бірімізге – біріміз
Әрқашан көмек берейік
Қыдырәлі:Мектептегі әр түрлі,
Қатысайық жарысқа.
Сурет салып, би билеп,
Ән айтайық қалыспай.
VII. Қорытындылау
«Сиқырлы таяқша». Мұнда таяқша арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және өз пікірлерін айтады.
VIII. Үйге тапсырма.
1. «Бүгін қай күн?» әнін жаттау.
2. Жеті атаңды біліп кел.
IX. Бағалау

Жаңалықтар
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы Басықара ауылы, № 182 мектеп Музыка пәні мұғалімі Ағыбаева Индира Әбдіәлімқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.