Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шырқа, сырнай!

13 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы,
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің
әуез пәні мұғалімі Сардарбекова Құралай Қыдырбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Шырқа, сырнай!
Өз біліміңді тексер!

Мақсаты: 1. Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
2. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген сезімін дамыту.
3. Халқымыздың музыкалық шығармашылығына сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: иллюстративті - түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, үнтаспа, баян

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасу
Психологиялық сәт: Келші досым айналайын,
Құшақтайын аймалайын.

II. Үй тапсырмасын орындау:
1. Домбыра аспабы қалай жасалады?
2. Домбыра аспабында кімдер ойнаған?
3. Қандай әнші - күйшілерді білесің?
4. Ән мен күй тыңдаған ұнай ма?
5. Қандай ән, күйлерді білесің?

III. Жаңа сабақ. Шырқа, сырнай!
Сырнай аспабы қазақ халқында кең таралған музыкалық аспап. Сырнай аспабы қазақ жеріне орыстар арқылы келген. Орыс халқы бұл аспапты гармонь деп атайды. Олар бұл аспаптың сүйемелдеуімен кез келген әнді орындап, мерекелердің сәнін келтірген. Гармон аспабы – қазақ, татар, украин халықтар арасына таралған, бірнеше ұлтқа ортақ музыкалық аспап. Қазақ халқы бұл аспапты сырнай деп атап келген. Сырнай аспабымен ән салып атағы шыққан Нартай, Майра, Шашубай сынды әнші - композиторлар болған. Сырнайдың қазіргі түрін баян деп атайды. Баян аспабын ХХ ғасырдың басында жасап шығарған. Баян аспабының бірнеше аспаптың дыбысын бере алатын мүмкіндігі бар.

Музыка тыңдау: Сырнай аспабының сүйемелдеуімен «Нартайдың термесі»

Нартай Бекежанов – ақын, композитор. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды.
Нартай көптеген ақындармен айтысқа түскен. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де «Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме» атты әндер шығарған.

Ән орындау: Зырлайды шанамыз
Д. Мацуцин
Қ. Ыдырысов

1. Аязды келіп қыс,
Алғашқы қар ұшты.
Аппақ боп үстіміз,
Ақ қырау жабысты. 2 рет
2. Алғашқы ақша қар,
Бетінде із қалды.
Жүйткиді ақ шанам,
Алға ұстап ызғарды. 2 рет

3. Зырлай түс, ақ шанам,
Бөгет жоқ бізге еш.
Көрсін дос, басқада,
Шаршайтын біз емес. 2 рет

Қорытынды сұрақтар:
1. Сырнай аспабы қалай пайда болған?
2. Орыс халық сырнай аспабы қалай пада болған?
3. Сырнайдың қазіргі түрі қалай аталады?

Өз біліміңді тексер
Суретке қарап, аспаптарды ата.
Оқушыларды бағалау, мадақтау. Үйге тапсырма беру.
9 610
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру. 1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан – ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктері
Музыкалық аспаптардың құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру. Музыкалық аспаптар туралы толық мәлімет беру
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×