Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Петр Ильич Чайковский

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Петр Ильич Чайковский»
Мақсаты:
1. Оқушыларға П. И. Чайковскийдің өнер - шығармашылығымен таныстыру.
2. Оқушылардың вокалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Музыка сабағына жалпы мәдениетке деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Білімділігі: Оқушыларға өнердің қайнар көзі халықта екенін ұғындыру. Музыка сауатын ашу.
Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, танымын кеңейту, ой - өрісін дамыту
Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлай білуге, өз ойын жүйелі баяндап, айта білуге, өз - өзінен білім алуға дағдыландыру, ұжымда, топта жұмыс
жасай білуге үйрету.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка әдебиеті.
Көрнекілігі: П. И. Чайковскийдің суреті, композитордың балет - операларынан суреттер, «Аққу көлі», «Щелкунчик» видео бейнелерінен үзінділер, интерактивті тақта, үнтаспа, электронды пианино, ямаха.
Музыкалық материал:
1. «Щелкунчик» мультфильмнен үзінді - видео бейне
2. «Аққу көлі» «Кішкене аққулар биі» балетінен үзінді - видео бейне
3. «Жыл мезгілдері» « Песнь жаворонка» үзінді тыңдату
4. «Жаса мәңгі Қазақстан» әнін орындау
5. «Наурыз келді» әнін тыңдату, үйрету

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылығын ояту.
Сұрақ - жауап:
1. Кімнің өмір жылдары: 1685 - 1750? (И. С. Бах)
2. Ең алғашқы симфониясын 8жасында жазған композитор? (В. А. Моцарт)
3. «Фиделио» операсының, «Эгмонт» драмасының авторы? (Л. Бетховен)

П. И. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіне қойылған мультфильм үзіндісін көрсету
Ой шақыру стратегиясы
- Бұл қай мультфильм деп ойлайсыңдар?
- Кім туралы?
- Ал мультфильмге музыкасын кім жазды деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс балалар, бұл «Щелкунчик» мультфильмі. Ал музыкасын жазған П. И. Чайковский
- Ендеше, бүгінгі сабағымызда Ресей елінің ұлы композиторы, дирижеры П. И. Чайковский мен танысамыз.

Мағынаны тану
Сабақ тақырыбы: «Петр Ильич Чайковский»
(композитордың өмір баянымен таныстыру)
Чайковский Петр Ильич — дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. Музыка әлемінде өз орны бар дара дарын иесі, ұлы орыс композиторы. Ресейдің Воткинск қаласында 1840 жылы дүниеге келді. Музыкалық қабілеті ерте байқалып: 5жасында фортепиано аспабында ойнап, ал 3жылдан кейін нота оқып, шағын өз шығармаларын жазып бастаған. Мәскеу қаласының ең жоғары музыкалық білім беретін оқу орны - консерваторияға түсіп, үздік бітіріп шығады. Петр Чайковский музыкасында ерекше әсемдік, сұлулық, қайталанбас мәні бар. Ол көптеген симфониялар, опералар, фортепианоға арналған шығармалар жазды. Мысалы: «Ұста Вакула», «Евгений Онегин», «Пиковая дама» операларын; «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» балеттерін; Кішкене балаларға арналған арнайы «Балалар альбомы», «Жыл мезгілдері» атты музыкалық жинақтарын жазған. Оның музыкалық туындылары дүниежүзі елдеріне кеңінен тарап, халықтың рухани игілігіне айналды. П. Чайковскийді дүниежүзі халқы балет музыкасына ең үздік шығармалар жазған дарынды композитор ретінде біледі.

Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка - хореография образдар арқылы ашылатын спектакль.
Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді ( "Щелкунчик" балетінен Николай Цискаридзенің биі, видео бейне)

(«Аққу көлі» балетінен «Кішкентай аққулар биі» видео бейнесін көрсету)
- Шығарма қандай оркестрге арнап жазылған? (симфониялық)
- Музыка әуеніне қандай қимыл жасауға болады? (би қимылдарын)
- Қандай аспаптардың үнін естідіңдер? (скрипка, виолончель, флейта)
- Бұл шығарма қандай музыкаға жатады? (классикалық)

Композитордың танымал шығармаларына «Жыл он екі ай» циклі жатады. Циклда жыл мезгілдері, яғни 12 пьесадан тұрады. Әр пьеса атына сай сол айдағы табиғат көрінісі мен одан нәр алған адамның көңіл күйін бейнелейді.

Қаңтар - «Камин жанында»
Ақпан - «Масленица»
Наурыз - «Бозторғай әні»
Сәуір - «Бәйшешек»
Мамыр - «Ақ түндер»
Маусым - «Баркорома немесе балықшы әні»
Шілде –«Шалғышының әні»
Тамыз - «Егін ору»
Қыркүйек - «Аңшылық»
Қазан - «Күз әні»
Қараша - «Үш ат жеккен шана үстінде»
Желтоқсан - «Святки»- діни мейрамы
Әншілердің өмірімен таныстыру.
(Ақпан «Песнь жаворонка» «Бозторғай әні» үзіндісін тыңдату)

Дауыс жаттығуы:
«До» мажор гаммасы»,
Б. Бейсенова «Жаса мәңгі Қазақстан» әнін орындау
Б. Бейсенова «Наурыз келді» әнін тыңдау, үйрету
1. Әннің екпініне, мазмұнына көңіл бөлу.
2. Музыкалық сауаттылық – Балет, опера
3. Әнді қосылып айту, үйрену.

Шығармашылық жұмыс: өлшемдерге байланысты есептердің шешімін табу.
Өлшемдер қосу арқылы есептер шығару:

Толғаныс: Семантикалық карта толтыру
Шығарма жанры Кімге арналған Қандай оркестрге арналған Екпіні
«Аққу көлі»
«Щелкунчик»

«Жыл он екі ай»
«Евгений Онегин»

Бекіту:
1. Чайковский қай елдің композиторы?
2. Қандай шығармаларын тыңдадық?
3. Балет дегеніміз не?
4. Опера дегеніміз не?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
1.«Наурыз келді» әнін жаттау.
2. Ұнаған шығармаға сурет салу.
3. Балет, опера сөздеріне 5жолды өлең
11 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
П.И.Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығы
П.И.Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығы
Музыка – өзінің өте нәзік сырлы әуенімен сезімтал адам жанының бар байлығын ашып бере алады. Музыка дегеніміз – өмірдің бір бөлігі. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Музыканың танымдық
П.И.Чайковскийдің балеттеріндегі ертегі бейнелер
П.И.Чайковскийдің балеттеріндегі ертегі бейнелер
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: қайталау мақсатында, П. И. Чайковскийдің шығармашылығындағы «Щелкунчик», «Лебединое озеро», «Спящая красавица» ертегі балеттердің музыкасын еске алу
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов. Қ. Х атындағы №14орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Петр Ильич Чайковский
Петр Ильич Чайковский
Кеңқияқ орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Қосмағамбетова С.С
«Қыз Жібек» операсындағы ән мен терме
«Қыз Жібек» операсындағы ән мен терме
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі: Жаукенова Гулнара Жауғаштықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×