Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


П.И.Чайковскийдің балеттеріндегі ертегі бейнелер

10 қаңтар 2016, Жексенбі
Категориясы: Музыка
«Д. Нүрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы»
Атырау музыка колледжі
«П. И. Чайковскийдің балеттеріндегі ертегі бейнелер»
Құрастырған: МТПБ оқытушысы Шукурова Н. Т.

Пән аты: Әлемдік музыка әдебиеті
Курс, бөлімі: III курс «Музыка теориясы»
Сабақтың тақырыбы: «П. И. Чайковскийдің балеттеріндегі ертегі бейнелер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: қайталау мақсатында, П. И. Чайковскийдің шығармашылығындағы «Щелкунчик», «Лебединое озеро», «Спящая красавица» ертегі балеттердің музыкасын еске алу
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын байыту, балет жанрына қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды балет жанры арқылы музыкаға баулау
Сабақтың түрі: лекция - қайталау
Сабақтың типі: білімді бекіту, қорытындылау
Сабақтың әдісі: көрнекі құралдар, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тарихы, мәдениеттану, хореография
Көрнекілік құралдары: тақта, ноутбук, мультимедия проекторы, мультимедия презентация, композитордың суреті, фортепиано, DVD, CD дискілер және клавирлер
Сабақтың жаспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру
2. 1. Өткен тақырыпты бекіту барысында: «Щелкунчик» балеттің увертюрасымен ашық сабақ бастау.
2. 2. П. И. Чайковский туралы қысқаша мәлімет
2. 3 Викторина арқылы, сабақтың негізгі мазмұнын ашу
2. 4 «Лебединое озеро» шығарманың мазмұнымен таныстыру
2. 5 Венн диаграмма арқылы ертегі екі кейіпкерді салыстыру
2. 6 «Щелкунчик» балет туралы қысқаша мәлімет айту
2. 7 Коллоквиумді еске түсіру
2. 8 Симфониялық оркестрдің аспаптарын еске түсіру мақсатында, есту қабілетімен шағын сергіту ойын жүргізу
2. 9 «Щелкунчик» атты интерактивті музыкалық ойынды викторинаға қолдану
3. 0 «Спящая красавица» атты балетімен таныстыру
3. 1 Музыкалық номерлерді қою
3. 2 Жалпы П. И. Чайковскийдің шығармашылығындағы музыкалық номерлерді викторина ретінде жіберу және сергіту ойын жүргізу
3. 3 Қорытынды: үш балет туралы жалпы мақсатын айту
Оқушылардың сабақ барысындағы жеке және топтық жұмыстарын тексеру және бағалау.
4. Үй тапсырма: қайталау.
Балеттік музыка өңірінде Чайковский Глинканың ізін жалғастырушы боп табылды. Глинка «Иван Сусанин», «Руслан және Людмила» операсында балеттік сахналарында симфонизациялық билерді шебер қолданды. Сонымен қоса, оның симфониялық шығармасы, яғни «Вальс - фантазиясын» келтіруге болады. Орыс ертегісіне назар аударған «Құдіретті топтың» мүшесі Римский - Корсаков композиторы. Оның шығармашылығында орыс ертегі дамып, өркендете түсті. Бұл туралы Римский - Корсаков «Негізінде, менің тұқымым - ертегілері мен қиссалар және қалайда орыстікі» деп айтқан. Бірақ, Римский - Корсаковтың шығармашылығында ертегі тек опера жанрымен тығыз байланыста болған.
Ұ: - Ал, енді мына композитордың суретіне қарайық. Бұл бізге таныс болса керек. Ол кім? (Слайд 1. П. И. Чайковскийдің суреті).
О: - П. И. Чайковский
Ұ: - Әрине сол. Бұл композиторды еске түсірейік. Ол туралы не айта аласыңдар
О: - П. И. Чайковский 1840 ж, 7 мамырда Воткинск атты шаруалардың ауылында дүниеге келді. Камск - Воткинск заводтың бастығы Илья Петрович Чайковскийдің жанұясында келген бұл бала орыстың музыка мәдениетінің келешек мақтанышы болуға тиіс еді. П. И. Чайковский – орыстың кемеңгер композиторы, ол ең алғашқы Россияда профессионалдық музыка білімін алған адам. 1865 ж ол Петербург консерваториясын бітіріп, бір жылдан соң Москва консерваториясында сабақ берді. Бірақ композитордың өмірі аяқ астынан үзілді, 6 симфониясы салтанатты қойылымынан кейін ол шөлдегеннен шикі суды ішіп, сол кезде Петербургте жайылған холера ауырына шалдығып дүниеден озды.
Ұ: - Ия, рахмет. Мына кішкене мәліметтердің өзіде біз үшін қымбат. Енді мен сендерге Чайковскийдің музыкасынан тыңдаған әуендерді қайта еске сала отырып «шағын викторина» қоямын. Соларды сендер тауып, алдыңда тұрған ақ қағаздың әр клеткасына тапқан әуендердің аттарының бірінші бас әрпін жаза отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табасыңдар.
1. «Буря» атты фантазиясы
2. «Адажио и вариации добрых фей»
3. Ленскийдің ариясы «Я люблю вас, Ольга»
4. «Евгений Онегин» операсынан увертюрасы
5. «Трепак»
Ұ: - Қандай сөз шықты?
О: - «Балет» сөзі
Ұ: - Ия, ал «Балет» дегеніміз не?
О: - Балет дегеніміз (франц. ballet(balle) ит. ballo - би) – көркемөнердің бір жанры, театрда қойылатын балет спектаклі. Балеттің идеялық және эмоциялық бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.
Ұ: - Ия, рахмет. Балет дегеніміз ол мейрам, мұнда артистер би арқылы сөзсіз ертектің мазмұнын бейнелейді. Балет дегеніміз музыка мен бидің қосындысы. Ал қалай ойлайсыңдар, кейіпкерлердің бейнесін қалай сөзсіз көрсетуге болады.
О: - Пантомимамен
Ұ: - Ия, пантомимамен! Пантомима дегеніміз ол сөзсіз, мимика және дене қимылымен қойылады. Пантомимасыз балет қойылмайды. пантомима жеке өнер боп сүре алады. Пантомима операдағы речитативтер сияқты, оқиға жүйесін дамыту үшін бөлімдерді біріктіреді. Біз сабақтарымызда П. И. Чайковскийдің көптеген музыкасын тыңдап, операсын қарадық. Мен сендерге еске салайын олар: 10 опера, 6 симфония, соның ішінде, бағдарламалы «Манфред», увертюра - фантазия «Ромео мен Джульетта», фантазия «Буря», фортепианолық циклдер «Жыл мезгілдері», «Балалар альбомы», 100 романстар, балеттер: «Спящая красавица», «Щелкунчик», «Лебединое озеро».
Енді мында назар аударыңыздар. Суреттерге қарап, Чайковскийдің қай балеті туралы қазір айтамын және мына И. Л. Сельвинский ақынның өлеңнің тыңдасаңыздар тез тауып аласыздар деп ойлаймын:
«Смычки легко затрепетали
И, нежно выгибая тальи,
В просветах голубых полос
Лебяжье стадо пронеслось.
Оно летало, словно дым
От музыкального дыханья,
В самом полете отдыхая,
Струясь движением одним...». (слайд 2).
О: - «Лебединое озеро» балеті
Ұ: - Дұрыс, балет «Лебединое озеро». Бұл балетті композитор 1875 - 1876 жж аралығында жазды. Осы шығармамен Чайковский балет өнерінде жаңашылдықты енгізе бастады. Композитордың арқасында балет жанры музыка өнерінде опера және симфония шығармаларының деңгейі көтерілді. Симфония сияқты балетте терең сезім ойларын көрсете бастады. Соның нәтижесінде, операның және симфонияның драмалық принциптері балет жанрына енді. Сондықтанда, балет тез дами бастады. «Балет дегеніміз – ол да симфония» деп композитор айтқан. Кейін осындай реформаторлық негіздерін басқада екі балеттерінде бекітті. Ал сендер білесіңдер ма неге бұл балет осылай аталған.
О: - Себебі, мұнда аққулар бар.
Ұ: - Ия, мұнда екі ертегі аққулар бар: біреуі шынымен, дуаланған ханшайым аққу – Одетта және екіншісі зұлымды сиқыршының қызы – Одиллия. Қалай ойлайсыңдар, қайсысы шың ханшайым боп келеді. (слайд 3).
О: - Ақ аққу
Ұ: - Әрине, ақ аққу – бұл Одетта ханшайымы. Ал енді, балеттің мазмұнын тыңдаңдар.(слайд 4).
Балет төрт бөлімнен тұрады. I - ші бөлім. Зигфрид ханзаданың сарайында достары жиналады. Ертең би кешінде ол өзіне қалындық таңдау керек. Жалғыз қалғаннан кейін Зигфрид мұңаяды. Аяқ астынан ол аққулардың ұшып бара жатқанын байқап олардың артынан баруға бел буады.
II - бөлім. Ақ аққулар – бұл дуаланған қыздар. Аққулардың патшайымы – сұлу Одетта. Одеттаға махаббат танытқан ханзада оған мәңгілік адал антын береді.
III - бөлім. Сарайдағы би кеші. Зұлымды сиқыршы Фон Ротбарт, Одеттаға ұқсас өз қызын Одиллияны алып келеді. Бірақ бұл ақ аққу емес, қара аққу боп табылады. Ханзада ештеңе сезбей Одиллиямен билейді және оны қалыңдығы ретінде жариялайды. Сол уақытта терезеден Одеттаның бейнесі көрінеді. Алданған ханзада, аққулардың өзеніне асығады.
IV - бөлім. Дауыл көтеріледі. Ханзада сиқыршымен күресіп оны жеңеді.
Ұ: - Ал, енді осы балеттің екі үзіндісін тыңдайық.
1 - ші үзінді «Аққудың тақырыбы». Бұл әуен балеттің негізгі ертегі бейнесімен байланысты.(слайд 5). Музыканы тыңдап, енді өз ойларыңызды айтыңыздар. Музыканың мінезі қандай?
О: - Нәзік, мұңды, тынықты.
Ұ: - Ия, мен сендерге мазмұнды айтып бергендей, аққулардың тобының ішінде жүзіп жүрген, басында тәжікейі бар Одетта аққуы аяқ астынан қызға айналады. Осы балетте тағы қандай ертегі кейіпкерлер бар?
О: - Зұлымды сиқыршы мен оның қызы. (слайд 6).
Ұ: - Ия, енді мен сендерге бейнеролик қоямын. Мұнда ханзада Одетта деп қара аққумен билейді және кездесетін «Аққу» тақырыбында назар аударыңыз. (слайд 7). Оның музыкасының мінездемесі қандай?
О: - Музыкасы мазасыз, тынымсызданып кетеді.
Ұ: - Қалай ойлайсыздар, не себептен музыканы композитор мұндай мінезге ауыстырды?
О: - Себебі, арада болатын қақтығысты көрсеткісі келген.
Ұ: - Ия, бұл балеттің алдында болар оқиғаның, яғни ханзадамен сиқыршының қақтығысы көрсетіліп жатыр. Мұнда біз неше ертегі кейіпкерлерді байқадық?
О: - Төрт, олар; Зигфрид, Одетта, Одиллия және оның әкесі Фон Ротбард зұлымды сиқыршы. (слайд 8 - 11).
Ұ: - Ал балеттің тақырыбы қандай?
О: - Зұлымды күштер қызды құсқа айналдырады, бірақ екі жақтық махаббат пен адалдық сиқырлы күштерді жойып, жеңіп шығады.
Ұ: - Ал енді венн диаграммамен екі аққулардың мінездемесін салыстыра өтейік.

Ақ аққу Екеуі де қыз, құс Қара аққу
Ақ, сұлу, сезімтал, нәзік, махаббатқа толы, дуаланған Зұлым, қара ниетті, түсі қара

Ұ: - Ал енді сұрақ, балетмейстер деген кім?
О: - Балетмейстер ол балетті қоятын адам.
Ұ: - Балет «Аққулар өзені» бұл әлемнің барлық сахналарында қойылып жүр. 1901 ж бастап бұл Үлкен театрда Александр Горский балетмейстердің қол астында қойылып жүрді.(слайд 12). 1937 ж Горскийдің талантты шәкірті Асафа Мессердің жаңа басылымымен қойыла бастады. Қазіргі заманға балеттің басылымын Юрий Григоревич жүзеге асырды.
Ал енді оқиға жүйесі бізді көне, түнерген, ұмтылған жерге ауыстырады.
Бірақ аяқ астынан онда бәрі тіріледі, күннің жарық сәулесі түседі. Суретке қарап біз композитордың сол балетіне назар аударайық. Ол қандай балет? (слайд13).
О: - «Спящая красавица» балеті.
Ұ: - Дұрыс, көптеген ертегілер ішінен Чайковский осы «Спящая красавица» ертегін таңдады. Бұл балеттің негізгі мазмұнына Шарль Перро атты француз жазушының ертегі енді. (слайд14).
Балеттің оқиға жүйесі Флорестан XIV патшаның ертегі сарайында өтеді. Балет пролог және үш бөлімнен тұрады. Балеттің либреттосын жазған Иван Александрович Всеволожск.(слайд 15).
Чайковскийге либретто ұнағаны соншалық, император театрының дирекциясы оған музыка жазуға ұсынғанда, ол ойланбастан тез келісті. «Спящая красавица» балетін ол балетмейстер Мариус Петипамен тығыз байланыста жазды. (слайд 16).
Ал енді балеттің мазмұнын кім бізге баяндап береді.(слайд 17).
О: - Король қызың шоқындыру рәсіміне көптеген қонақтарды шақырады. Мейрамды ұйымдастыратын кісі, зұлымды пері Карабосты шақыруға ұмытып кетеді. Мейрамға келген ашуланған Карабос қызына қарғыс тастайды. Аврора он алтыға толғанда ұршықпен қолын жарақаттайды және мәңгілік ұйқыға кетеді. Бірақ, мейрімді Сирени пері, Қарабостың қарғысын жұмсартады. Аврора мәңгілік ұйқыға кетпейді, тек жүз жыл ұйықтайды. Сұлу ханзада уақыты келгенде оны оятады. Аврора бойжеткенде, Карабостың берген ұршығы оны шаншып ұйқыға басады. Сирени пері Аврорамен бірге барлық сарайдағыларды ұйықтатады. Енді сарай қалын орманға айналады. Жүз жыл өткен соң Дезире ханзада аң аулап жүргенде Сирени перінің Аврораны оятып, Карабостың сиқырлы күшін жояды. Аврора мен Дезиренің тойына барлық ертегі кейіпкерлер құттықтап келеді.
Ұ: - Рахмет, қалай ойлайсыңдар, мұнда неше ертегі кейіпкерлер бар?
О: - Көп, басқа балеттерге қарағанда, мұнда композитор перілерді және балеттің соңында көптеген ертегілерден алынған негізгі кейіпкерлерді қолданады.
Ұ: - Ия, Глинканың дәстүрін жалғастырушы, Чайковскийде өз кейіпкерлерін жағымды және жағымсыз жақтарын жақсы көрсете білді. (слайд 18 - 19).
Мысалы, Карабостың тақырыбы тұрақсыз, ырғағы ызғыра боп көрсетсе, Сирени әуенді, тональдігі жағынан тұрақты, мажор ладында келтірген. Ал енді еске түсірсек бұл балетте композитор варияцияларды қай бөлімінде берген.
О: - Прологта және үшінші бөлімінде.
Ұ: - Ол кімдердің варияциялары?
О: - Перілердің, мысалы: фея искренности, фея цветущих колосьев, фея рассыпающая хлебных крошек, фея щебечущая канарейка, фея пылких, сильных страстей, фея Сирени, фея золота, фея серебра, фея сапфиров, фея бриллиантов. (слайд 20).
Ұ: - Қалай ойлайсыңдар, неге композитор мұнда прологта және үшінші бөлімінде көптеген вариацияларды қолданған.
О: - Себебі, вариациялар балетте жеке адамның биімен байланысты.
Ұ: - Ал, егерде, Па - де - де биі болса?
О: - Па - де - де биінде екі адам билесе, ал Па - де - труа үш адам билейді.
Ұ: - Ия, ал негізгі кейіпкеріміздің, яғни Аврораның вариациясы бар ма?
О: - Ия, ол вальс ырғағында жазылған.
Ұ: - Карабозбен, Сиренидің тақырыптары қай бөлімдерде кездеседі?
О: - Прологта, I - II - ші бөлімдерінде
Ұ: - ал мына балетте дивертисменттер кездесе ма?
О: - Ия, соңында III - ші бөлімде.
Ұ: - Бұл балетте композитор тағы қандай классикалық билерді қолданған?
О: - Марш, вальс, фарандола, полонез, сарабанда және жаңадан панораманы қолданады.
Ұ: - Ия, панорама дегеніміз би мәнері емес, музыкалы - хореографиялық сурет. Панорама бізде немен байланысты?
О: - Дезире сұлу Аврораны аңсаумен байланысты.
Ұ: - Ия бұл туралы «Созерцание природы и вместе с тем сладостное томление по призраку» деп Асафьев айтқан. Жалпы, бұл балеттің музыкасы мейрамды, қуанышты, ашық жарқын салтанатқа толы. Композито ертегі кейіпкерлер арқылы адамның ішкі сұлулығын, шын сезімді ашып көрсетсе керек. Аврораның, Дезиренің, Сирени перінің үайымдары – бақытқа талпынған, шын жүректен жақсы көрген адамдардың сезімдері. Олардың адамдық қасиеттеріне, ашық әлеміне – зұлымдыққа, қарама - қарсылыққа толы Карабос бейнесімен көрсетіледі. Балеттің негізгі ойы қандай?
О: - Жақсылықтың зұлымдықты жеңуі. Ал музыкада өмірдің қуанышты салтанаты суреттеледі.
Ұ: - Ал, енді біздің соңғы балетіміз осындай мінезде берілген. Ол балет осы бес ай бұрын біз қарсы алған мейрамымызбен байланысты. Ол қандай мейрам?
О: - Жаңа жыл.
Ұ: - Ия, жаңа жыл. Келесі оқиға бізді мейрамға ауыстырады. Жаңа жылды біз немен елестетеміз.
О: - Қар, шыршаның иісі мен сыйлықтар.
Ұ: - Ия, жаңа жылды біз 31 желтоқсан – 1 қаңтар аралығында қарсы аламыз. Ал Ресейде 7 қаңтарда бұрыннан келе жатқан Рождество атты мейрам бар. Әр ел өзінің әр түрлі дәстүрлері мен әдет ғұрыптармен осы мейрамды қарсы алады. Бірақ бізде жалғыз жасыл боп тұратын шыршамыз бар. Сондықтанда, ол жаңа жылдың нышанына, яғни символы боп алынды. Ал енді қалай ойлайсыңдар, П. И. Чайковскийдің қай балеті осы мейраммен байланысты.
О: - «Щелкунчик» балеті. (слайд 21).
Ұ: - Бұл ертегінің авторы кім?
О: - Эрнест Теодор Амадей Гофман – неміс жазушысы.
Ұ: - Ия, осы Гофман тек жазушы емес, сонымен қоса оны музыкант деп айтуға болады. Ол көптеген музыкалық шығарманың авторы. Ал оның ертегі 23 наурыз 1892ж П. И. Чайковскийдің партитурасы аяқталысымен балет жанрына айналды. Балеттің либреттосына соның ертегісі алынды. Бұл балеттің либреттосын жазған француз балетмейстері Мариус Петипа. М. Петипа 1874 ж Ресейге келіп орыс сахнасына 53 үлкен, кіші балеттерін қойды. Ал либретто дегеніміз не?
О: - Либретто дегеніміз (ит. libretto - кітапша, libro(либро)- кітап) – әдеби сөз; опера, оперетта, балет, кантата, оратория сияқты күрделі музыкалық шығармалардың мазмұны. Либретто әдебиет сюжетінен алынды. Либретто музыкалық шығармалардың негізгі идеялық бейнесін көрсетеді.
Ұ: - Ия, либретто бұл сценарий және балеттің мазмұны. Либреттосыз балетіміз қойылымбайды. Алғашқы сабақта «Щелкунчик» балеттің мазмұнымен және негізгі кейіпкерлермен таныстық. Кім бізге қысқа мазмұнын еске түсіреді. (слайд 22).
О: - Оқиға жүйесі Германияда өтеді. Зильбергаус атты кісінің үйінде жаңа жыл мейрамға дайындық жүреді. Қонақтарды күтеді. Қонаққа кәрі Дроссельмейер ойыншықтардың шебері келеді. Ол балаларға ұсқынсыз кішкентай Щелкунчик атты жаңғақ шағатын қысқышты сыйлайды. Оның ұсқынсыз болғанына қарамастан Клара (Мари) атты қыз оны ұнатады. Түнде ол түс көреді. Щелкунчикке егеуқұйырық, тышқан әскерімен бірге шабуыл жасайды. Щелкунчик қалайда әскермен күрессе де, оларды жеңе алмайды. Аяқ астынан Мари оларды құтқарады. Ол өзінің туфлиін алып егеуқұйрыққа лақтырады және оларды жеңеді. Жауын жеңген Щелкунчик сұлу ханзадаға айналады және Маримен бірге сиқырлы елге барады. Сиқырлы Драже перінің патшалығында мейрам басталып жатыр.(слайд 23).
Ұ: - Ия, ал енді кім айтады, қайсысың ұқыптықсыңдар. Осы ашық сабақ басталар алдында қандай музыка жүрді?
О: - «Щелкунчик» балеттің увертюрасы жүрді.
Ұ: - Дұрыс, бізде бәрі бір нәрседен басталады. Жыл қаңтар, аптамыз дүйсенбіден, ал балет увертюрадан. Ал увертюра дегеніміз не?
О: - Увертюра (фр. ouverture – ашылу, бастау деген сөз) – симфониялық оркестрмен орындауға арналған музыкалық шығарма. Опера сияқты ол XVIIғ пайда болды. Увертюра – үлкен музыкалы - драмалық шығармалар – опера, оратория, драмалық пьеса немесе балеттің алдында ойналады. Увертюралар көбінесе дамыған сонаталық формада жазылған түрінде алдағы шығарманың негізгі кезеңдері қысқаша суреттеледі.
Ұ: - Ия, «Щелкунчик» увертюрасыда мейраммен байланысты. Ал увертюраны кім орындайды.
О: - Симфониялық оркестр.
Ұ: - Симфониялық оркестр дегеніміз не?
О: - Симфониялық оркестр түрлі тектес музыкалық аспаптардың, яғни ішекті музыкалық аспаптар, үрлеп ойналатын және соғып ойнайтын аспаптардың тобынан құрылған оркестр. Мұнда 20 астам аспаптар ойнайды.
Ұ: - Ия, дұрыс. Симфониялық оркестрдің басқарушысы кім?
О: - Дирижер.
Ұ: - Дұрыс, ал биді қоятын адамды кім деп айтамыз, яғни хореографияны?
О: - Хореограф.
Ұ: - Дұрыс. Ал балетті басқаратын кісіні – балетмейстер дейді. Либреттист балетке сценарийын сөзбен жазады. Композитор балетке музыкалық дыбыс тілімен жазады. Балетмейстер билерді дене қимыл мен қозғалысын шығарады. Сондықтанда, балетте әр түрлі өнерлер: музыка, би, драмалық және бейнелеу өнерінің қосындысы біріктірілген. П. И. Чайковский «Щелкунчик» балетінде би мен симфониялық музыканы шеберлікпен қосты. Бұл тарихи балетте үлкен жетістік деп айтуға болады.
«Щелкунчик» балетінде бірнеше билер бар. Олар: «Драже перінің биі», «Гүлдердің вальсы», «Қар қылауылардың» биі, «Шоколад» испан биі, «Кофе» араб биі, «Шәй» қытай биі, «Бақташылар» биі. (слайд 24). Осы билердің ішінде «Қар қалауылардың» биіне назар аударыңыздар. (бейнеролик). Мұнда композитор табиғат көрінісін көрсеткісі келді ме, әлде бір мақсатты көздеді ме? Қалай ойлайсыңдар?
О: - Тазалықты, нәзіктікті көрсеткісі келді.
Ұ: - Әрине, ал музыканың мінездемесі қандай?
О: - Музыканың мінезі вальс ырғағында, жұмсақ, жеңіл, ертегі.
Ұ: - Қалай ойлайсыңдар музыканы ертегі қылатындай не әсер етті?
О: - Қоңыраулардың сыңғырлаған дауысы биге сиқырлы етіп әсер етті.
Ұ: - Міне тағы бір музыканы тыңдап көрейік. (бейнеролик). Бұл кімнің биі?
О: - «Драже перінің» биі.
Ұ: - Ия, дәл сол. Ал оны қандай аспап орындап отыр?
О: - Челеста аспабы.
Ұ: - Дұрыс. Челеста дегеніміз қандай аспап?
О: - Челеста дегеніміз клавишты ұрмалы аспап.
Ұ: - Өте жақсы. Сендер балеттен жалықпау үшін мен сендерге сергіту ойынын жүргізейін. Қазір «Щелкунчик» балетінен симфониялық оркестрге кіретін аспаптар дыбыстайды, ал сендер қай аспап орындап отырғанын табыңдар.
Ұ: - Жарайсыңдар, енді осының нәтижесінде, барлық оркестрдің дыбыстауында бізде бір музыка орындалды. Оны таныдыңдар ма?
О: - Ия, ол «Вальс цветов».
Ұ: - Дұрыс, енді мен біртіндеп осы балеттен музыка қоямын, ал сендер алдарыңда тұрған тәттілерді жеп көріңіздер және қай музыка жүріп жатқанын тауып алып викторина жаза қойыңыздар.
Ұ: - Викторинадағы жүріп жатқан музыканы дұрыс анықтадыңдар. Енді сол жеген тәттілерің музыкаға сәкес келе ма? Композитор шынымен - ақ дұрыс бейнелеген ба? Менде сендермен келісемін. Оның музыкасы шынымен - ақ түрлі мұз кәмпитті, шоколадты, тәтті сусындарды көрсетеді. Ал енді вен диограмма арқылы композитордың үш балетін салыстыра отырып, бір қорытындыға келейік. Балеттерде Адажио, Одетта, Одиллия ролін ойнаған көптеген балеринамыз бар. Олар кімдер?
О: - Марина Семенова, Галина Уланова, Майя Плисецкая, Наталья Бессмертнова, Людмила Семеняка.
Ұ: - Ия, дұрыс. Жалпы П. И. Чайковский шынымен - ақ балет жанрында ертегі композитор боп саналады.
Музыка Чайковского звучит,
Всех нас звучаньем удивит
Мягкая, душевная
Легкая, напевная
Вместе с музыкой хорошей
К нам приходит волшебство
Осторожно, осторожно
Не вспугнуть бы нам его!
3 561
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
П.И.Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығы
П.И.Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығы
Музыка – өзінің өте нәзік сырлы әуенімен сезімтал адам жанының бар байлығын ашып бере алады. Музыка дегеніміз – өмірдің бір бөлігі. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Музыканың танымдық
Н. А. Римский - Корсаков – ертегі композитор, опералық шығармашылығы негізінде
Н. А. Римский - Корсаков – ертегі композитор, опералық шығармашылығы негізінде
Білімділік мақсаты: Н. А. Римский - Корсаковтың ертегі композитор, опералық шығармашылығындағы музыка табиғатпен байланысын нақтылау, музыкалық шығармаларды талдау машықтарын жетілдіру.
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов. Қ. Х атындағы №14орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Негізгі доминантсептаккорд (D7). Құрылысы және шешімі
Негізгі доминантсептаккорд (D7). Құрылысы және шешімі
Ладтағы және ладтан тыс Доминантсептаккордты анықтап, құрып білуге баулу, арнаулы музыкалық дағдыларын дамыту, дүниетанымын кеңейту
Мажордан D - ға ауытқу. DD каденцияда. Хроматикалық секвенциялар
Мажордан D - ға ауытқу. DD каденцияда. Хроматикалық секвенциялар
«Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі. Оқытушы: Туякалиева Сауле Биболатовна
Петр Ильич Чайковский
Петр Ильич Чайковский
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясының музыка пәні мұғалімі Абдушева Армангүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×