Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


П.И.Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығы

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы аудандық балалар әуез мектебі оқытушысы
Дарибаева Айгуль Таласовна

Сабақтың тақырыбы: «П. И. Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: қайталау мақсатында, П. И. Чайковскийдің шығармашылығын еске алу
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды балет жанры арқылы музыкаға баулау
Сабақтың түрі: лекция - қайталау
Сабақтың типі: білімді бекіту, қорытындылау
Сабақтың әдісі: көрнекі құралдар, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тарихы, мәдениеттану, хореография
Көрнекілік құралдары: тақта, ноутбук, мультимедия проекторы, мультимедия презентация, композитордың суреті, фортепиано, DVD, CD дискілер және клавирлер

Сабақтың жаспары:
Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы – аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлуығы – ән, күй сазында. (Әбунәсір Әль-Фараби)

КІРІСПЕ
Музыка – өзінің өте нәзік сырлы әуенімен сезімтал адам жанының бар байлығын ашып бере алады.
Музыка дегеніміз – өмірдің бір бөлігі. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Музыканың танымдық рөлі мынада: ол әдебиет, поэзия мен тарих саласындағы біздің білімімізді тереңдете түсуге көмектеседі.
П. И. Чайковский өзінің хаттарының бірінде музыканы поэзиямен салыстыра отырып, көңіл - күйінің мыңдаған алуан түрлі кезеңдерін баяндап беру үшін музыкалық өлшеусіз анағұрлым қуатты құралдары мен анағұрлым нәзіктілі бар екендігін атап көрсетті.
Музыкалық тілі арқылы біз табиғаттың әр түрлі көрінісін, жыл мезгілдерін, адамның мінез - құлқын, қайғы - қуанышын, хайуанаттардың әрекеттерін жеткізіп білдіре аламыз.
Шынайы музыка сенің жүрегіңе тәтті сезім ұялатады, өйткені ол адамның көңіл - күйін, әсерлі сезімімен ой - пікірін айналадағы өмірдің сан алуан құбылыстарын бейнелейді.
Адамзат қоғамы дамуының таң сәресіде туып, музыка адам өмірінде елеулі орын алып келді, алдағы уақытта да үлкен орын ала бермекші.

П. И. Чайковский 1840 жылы 7 - мамырда Воткина атты шаруалардың ауылында дүниеге келді. Камск - Воткинск заводтың бастығы Илья Петрович Чайковскийдің жанұясында келген бұл бала орыстың музыка мәдениетінің келешек мақтанышы болуға тиіс еді
Дүниеге келгені→ мамырдың 7 1840ж. → Воткинск, Ресей империясы
Қайтыс болғаны → 1893 ж. қарашаның 6 (53 жаста) → Санкт - Петербург

Орыстың кемеңгер композиторы, ол ең алғашқы Россияда профессионалдық музыка білімін алған адам. 1865 ж. Петербург консерваториясын бітіріп, бір жылдан соң Москва консерваториясында сабақ берді. П. И. Чайковский тек қана композитор емес, ол әрі орындаушы, әрі дирижер болған
Ол 10 опера, 6 симфония, фортепианолық циклдер «Жыл мезгілдері», «Балалар альбомы», 100 романс, балеттер: «Спящая красавица», «Щелкунчик», «Лебединое озеро» жазған
Ол өмірінің соңғы жылдарында бесінші және алтыншы симфониясын «Қарғаның мәткесі», «Иоланта» операсын жазды.
Бүгін біз П. И. Чайковскийдің бірнеше туындыларымен танысамыз.
1. Балеттері.
Балет дегеніміз (итал. тілінен – би) – көркемөнердің бір жанры, театрда қойылатын балет спектаклі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады. Мұнда артистер би арқылы сөзсіз ертегінің мазмұнын бейнелейді. Балет дегеніміз – би мен музыканың қосындысы. Ал, қалай ойлайсыздар, кейіпкерлердің бейнесін қалай сөзсіз көрсетуге болады? Пантомимамен. Пантомима – сөзсіз, мимика және дене қимылымен қойылады. Пантомимасыз балет қойылмайды.
Балетке либреттосын жазатын адамды либретист деп атайды. Ал либретто дегеніміз – бұл сценария және балеттің мазмұны. Либреттосыз балет қойылмайды. Ал балетті қоятын адамды «балетмейстер» деп атайды.
Балет «Лебединое озеро».

Бұл балетті композитор 1875 - 76 жылдар аралығында жазды. Бұл балет неге осылай аталған? Мұнда екі ертегі аққулары бар: біреуі шынымен дуаланған ханшайым аққу – Одетта және екіншісі зұлымды сиқыршының қызы – Одиллия. Қалай ойлайсыздар, қайсысы шын ханшайым боп келеді? Әрине, ақ аққу.

Ал енді балеттің мазмұнын тыңдайық.
Балет 4 бөлімнен тұрады.
І бөлім. Зигфрид ханзаданың сарайында достары жиналады. Ертең би кешінде қалыңдық таңдау керек. Жалғыз қалғаннан кейін Зигфрид мұңаяды. Аяқ астынан ол ұшып бара жатқан аққуларды байқап, олардың артынан баруға бел буады.
ІІ бөлім. Аққулар – бұл дуаланған қыздар. Аққулардың патшайымы – сұлу Одетта. Одеттаға махаббат танытқан ханзада оған мәңгілік адал антын берді.

ІІІ бөлім. Сарайдағы би кеші. Зұлымды сиқыршы Фон Ротбарт, Одеттаға ұқсас өз қызын Одиллияны алып келеді, бірақ бұл аққу емес, қара аққу болып табылады. Ханзада ештеңені сезбей Одиллиямен билейді және оны қалыңдығы ретінде жариялайды.

Сол кезде терезеден Одеттаның бейнесі көрінеді, алданған ханзада аққулардың өзеніне асығады.

IV бөлім. Дауыл көтеріледі. Ханзада сиқыршымен күресіп оны жеңеді.
Музыка тыңдату. «Кішкене аққулар биі». («Аққу көлі» балетінен үзінді).

Бұл балет әлемнің барлық сахналарында қойылып жүр.

2. Ал енді оқиға жүйесі бізді көне, түнерген, ұмтылған жерге ауыстырады. Бірақ аяқ астынан онда бәрі тіріледі, күннің жарық сәулесі түседі. Суретке қарап біз композитордың сол балетіне назар аударайық.

Бұл «Спящая красавица» балеті. Көптеген ертегілер ішінде Чайковский «Спящая красавица» ертегісін таңдайды. Балеттің негізгі мазмұнына Шарль Перро атты француз жазушысының ертегісі енді.

Балеттің оқиға жүйесі Флорестан ХІV патшаның ертегі сарайында өтеді. Балет пролог және 3 бөлімнен тұрады. Балеттің либреттосын жазған Иван Александрович Всеволжск.

Чайковскийге либретто ұнағаны соншалық, император театрының дирекциясы оған музыка жазуға ұсынғанда, ол ойланбастан тез келісті. «Спящая красавица» балетін ол балетмейстер Мариус Петипамен тығыз байланыста жазды.

Ал енді балеттің қысқаша мазмұнын айта кетейін.
Король қызын шоқындыру рәсіміне көптеген қонақтарды шақырады. Мейрамды ұйымдастыратын кісі, зұлымды пері Карабосты шақыруға ұмытып кетеді. Мейрамға келген ашуланған Карабос қызына қарғыс тастайды:

Аврора он алтыға толғанда ұршықпен қолын жарақаттайды және мәңгілік ұйқыға кетеді. Бірақ мейірімді Сирени пері, Карабостың қарғысын жұмсартады.

Аврора мәңгілік ұйқыға кетпейді, тек жүз жыл ұйықтайды. Сұлу ханзада уақыты келгенде оны оятады. Аврора бойжеткенде, Карабостың берген ұршығы оны шаншып ұйқыға басады. Сирени пері Аврорамен бірге барлық сарайдағыларды ұйықтатады. Енді сарай қалың ертегі орманға айналады.

Жүз жыл өткен соң, Дезире ханзада аң аулап жүргенде Сирени перінің арқасында Аврораны оятып, Карабостың сиқырлы күшін жояды. Аврора мен Дезиренің тойына барлық ертегі кейіпкерлер құттықтап келеді. Жалпы бұл балеттің музыкасы мейрамды, қуанышты, ашық жарқын салтанатқа толы. Композитор ертегі кейіпкерлері арқылы адамның ішкі сұлулығын, шын сезімді музыка арқылы көрсетсе керек.
Музыка тыңдату. Вальс («Ұйқыдағы ару» балетінен үзінді).
3. Ал енді біздің соңғы балетіміз өткен мейрамымызбен байланысты. Ол Жаңа жыл. Келесі оқиға бізді осы мейрамға ауыстырады.
Балет «Щелкунчик». Бұл ертегінің авторы Эрнест Теодор Гофман – неміс жазушысы.

Либреттосын жазған балетмейстер француз Мариус Петипа.

Енді қысқаша мазмұнын айта кетейін. Оқиға жүйесі Германияда өтеді. Зильбергаус атты кісінің үйінде жаңа жыл мерекесіне дайындалып жатады. (17 слайд)

Қонақтарды күтеді. Қонаққа Дроссельмейер ойыншықтардың кәрі шебері келеді. Ол балаларға ұсқынсыз кішкентай «Щелкунчик» атты жаңғақ шағатын қысқышты сыйлайды. Оның ұсқынсыз болғанына қарамай Мари атты қыз оны ұнатады. Ол түнде түс көреді. Щелкунчикке егеу құйрық, тышқан әскерімен бірге шабуыл жасайды. Щелкунчик қалайда әскерімен күреседі, оларды жеңе алмайды. Аяқ астынан Мари оны құтқарады, ол өзінің туфлиін егеу құйрыққа лақтырып, жеңеді. Жауын жеңген Щелкунчик сұлу ханзадаға айналады да, Маримен бірге сиқырлы елге барады. Сиқырлы Драже перінің патшалығында мейрам басталады.

Музыка тыңдату. «Вальс цветов» Щелкунчик балетінен үзінді

Балеттегі музыканы симфониялық оркестр орындайды. Бұл оркестр түрлі тектес музыкалық аспаптардың, яғни ішекті музыкалық аспаптар, үрлеп ойналатын және соғып ойнайтын аспаптардың тобынан құрылған оркестр. Мұнда жиырмадан астам аспаптар ойнайды.
ІІ. Фортепианолық циклдер.
1. «Балалар альбомы» («Детский альбом»).

П. И. Чайковский балаларға арнап шығармалар жазған ең бірінші компoзитор. 1878 ж. көктемде П. И. Чайковский шет елден Украинаға оралды.

Украинада оның апасы Александра Илинична Давыдова тұратын. Бос уақытында П. И. Чайковский жиені Володямен өткізетін. Ол осы фортепианолық циклді соған арнап жазған. Бұл альбомда 24 шығарма бар.

«Балалар альбомы» жинағында П. И. Чайковский әрбір пьесаға лайықты, жақсы суреттемелер берген. Бұл жинақтағы «Полька», «Мазурка», «Камаринская» деген пьесалар биге арналған. «Бозторғай» пьесасы табиғатпен, «Қуыршақтың ауыруы мен өлімі» және «Аттар ойыны» пьесалары балалардың ойынымен, ал «Әженің ертегісі» және «Мыстан кемпір» пьесалары ертегімен байланысты. Осы альбомнан бірнеше шығармаларды тыңдап көрелік.

«Игра в лошадки»
«Мама»

«Болезнь куклы», «Похороны куклы», «Новая кукла», «Старинная французская песенка», «Комаринская», «Неопалитанская песня».

Фортепианолық цикл. «Жыл мезгілдері» (Времена года).
Композитор өз шығармалары арқылы өмірге деген шексіз құштарлығын білдіреді. Ол туған жерінің табиғатын ерекше жақсы көрді. Айналадағы ортадан жақсы әсер алатын: үлкен ағаштар мен гүл шоқтары, көк аспан мен құстың сайрағаны, ғажайып табиғат әсемдігі оны еріксіз табындырушы еді. Жыл мезгілдерінің әрқайсысынан түрлі құбылыстарды сезе білетін. Қыста көзіне шағылысып, жылтылдап жатқан әппәқ қарды, ашық аспанды жақсы көретін. Көктемгі таза ауа, қар астынан жаңа өсіп шыққан алғашқы көк шөп, қоныр салқын желді сағынатын. Жазғы мезгілде, құстың сайрағаны, көк шалғын шөп пен жасыл дала көз алдына елестейді. Күздің өзіне ғана тән сұлу табиғат көріністерін тамашалайтын. Композитор табиғаттың өзі байқаған осындай керемет сұлулығын музыка тілімен жеткізуге тырысты. Жыл мезгілдері» атты жинақ, жылдың аттарымен байланысты он екі пьесадан тұрады. Мұнда композитор әр бір айға тән мінез - құлқын шығарма арқылы және оның атауы арқылы суреттейді. Бұл цикл фортепиано аспабына арналған. (шығармалар тыңдату).
1) Январь – У камелька 7) Июль – Песнь косаря
2) Февраль - Масленица 8) Август – Жатва
3) Март – Песнь жаворонка 9) Сентябрь – Охота
4) Апрель - Подснежник 10) Октябрь – Осенняя песнь
5) Май – Белые ночи 11) Ноябрь – На тройке
6) Июнь - Баркарола 12) Декабрь – Святки

П. И. Чайковский музыкаларында алдымен адам және оның ауыр өмірі, бостандық, бақыт үшін күресі жырланды. Оның музыкасы лирикаға толы, мазмұны терең, тыңдаушыны үйіріп әкетеді. Көңілге қонымды, ойда жылдам сақталады. Сондықтан П. И. Чайковскийдің музыкасын барлық адал ниетті адам баласы сүйсіне тыңдап, шын құрметтеуде.
13 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
П.И.Чайковскийдің балеттеріндегі ертегі бейнелер
П.И.Чайковскийдің балеттеріндегі ертегі бейнелер
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: қайталау мақсатында, П. И. Чайковскийдің шығармашылығындағы «Щелкунчик», «Лебединое озеро», «Спящая красавица» ертегі балеттердің музыкасын еске алу
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Петр Ильич Чайковский
Петр Ильич Чайковский
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясының музыка пәні мұғалімі Абдушева Армангүл
Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Түйіндеме Аты – жөні: Ізмаханова Аты: Құралай Әкесінің аты: Еламанқызы Туған күні, айы, жылы: 17. 07. 1981. Туған жері: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы.
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"
Қызылорда облысы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ниязымбетов Ғани Қарабатырұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×