Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың халық аспаптары оркестрі

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка сабағынан сабақ жоспары 6 класс
Сабақ тақырыбы: Қазақтың халық аспаптары оркестрі
Сабақтың мақсаты; рухани ой - өрісті халық музыкасы мен күрделі музыкалық шығармаларды таныстыру, бұрынғы алған білім, білік, дағдыларын дамыту. Білім беру міндеттері; музыка өнері арқылы халық музыкасына құрмет пен сүйіспеншілікті, музыкалық көркемдік талғамды дамыту.

Тәрбиелік міндеттері; адамгершілікке, еңбекқорлыққа, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге, дүниетанымын кеңейтуге, өзін - өзі тануға т. б. тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері; оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше ізденуге, материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, халық аспаптар оркестрін құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі: диспут сабақ.
Көрнекілігі; Халық аспаптары оркестрінің көркем суреттері.
Пән аралық байланыс; бейнелеу өнері, тарих.
Қолданылатын әдебиеттер; «Музыка әлемінде» журналы.
Үйге тапсырма: халық аспаптар оркестрі.

Сабақтың барысы: «Оркестр» атауы мәдениеті ертедегі ғасырлардан бастау алған грек елінен шыққан. Грек халқында ежелден - ақ театрда спектакль көрсеткен кезде сахна алдындағы кішкене алаңшаға бір топ әншілер орналасып хор айтады екен. Оны әуелде «оркестр» деп атапты. ХVІ ғасырда опера жанрының тууымен байланысты бұрынғы хор тұратын сахна мен көрермендер аралығындағы бос жерге енді операда музыка ойнайтын музыканттар орналасатын болған. Оларды да сол «оркестр» атауымен атаған.

Келе - келе операда ойнайтын оркестрлерден басқа да өз алдына дербес жеке ұжым болып құрылған оркестрлер дүниеге келді. Қазіргі кезде оркестр ұғымының аясы кең, оны біз композиторлардың аса ауқымды, күрделі шығармаларын сахна төрінен құйқылжыта орындайтын, сауаттары жоғары кәсіби музыканттардан құрылған үлкен шығармашылық ұжым деп танимыз. Оркестрлер өзінің құрамындағы аспаптарға немесе орындайтын шығармаларының құрылымы мен жанрлық ерекшеліктеріне байланысты симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, эстрадалық оркестр, камералық оркестр, халық аспаптары оркестрі болып бірнеше түрге бөлінеді.

1934 жылы халық дарындарының кезекті Бүкілхалықтық слетінде техникум жанынан бұрынырақта құрылған (11 - 17 адамы бар) шағын ансамбльдердің өнер көрсетуі. Өнер байқауының нәтижелерін қорытындылау барысында осы ансамбль негізінде аса дарынды қобызшылар, домбырашы, қобызшы, сыбызғышылардың басын біріктіріп қазақтың халық аспаптар оркестрін құруды Ахмет Жұбановқа жүктелді. Оркестрдің Құрманғазы атындағы академиялық оркестрге ұласуы. Басында Казатком атындағы оркестр атаныпты. Алғашқы оркестр музыканттары; Д. Нұрпейісова, О. Қабиғожин, т. с. с. Оркестр өзінің алғашқы қадамынан бастап, шынайы кәсіби шығармашылық ізденістерді жаңашылдықпен игеруге үлкен ұмтылыстар жасады.

Соның нәтижесінде уақыт өткен сайын биікке көтеріліп, өрлей өсу үстінде болды. Оркестрдің алғаш қаз тұрып, тыңнан жол салған кездерінен бастап, биік белестерге көтерілуіне 20 жылға жуық оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған белгілі композитор, ұстаз - профессор, ғалым - академик Ахмет Жұбанов өлшеусіз мол үлес қосты. Ол халқымыздың және халық композиторларының шығармаларын оркестр репертуарына енгізу, әр түрлі орындаушылардан жинақталған туындыларды сұрыптап, бір жүйеге келтіріп, нотаға түсіру, оркестрге лайықтап өңдеу, артистердің сауатын ашып, жазба кәсіби мамандыққа баулу сияқты сан салалы жұмыстарды атқарды.

Оркестрді Ахмет Жұбановтан тәлім алған, оркестрді ұзақ жылдар бойы басқарған КСРО халық артисі, профессор Шамғон Қажығалиевтің де оркестр тарихындағы орны ерекше. Одан кейінгі дирижерлер, оркестрдің шет елдерге шығуы, оркестрге репертуар жазғанда импровизация, рапсодия, скерцо әдістерін пайдалану туралы мағлұматтар бері, ережелерімен таныстыру.

Импровизация – қолма - қол, суырып салма әдіспен музыка шығару
Рапсодия - халық әуеніне еркін формада жазылатын аспаптық шығарма
Скерцо – ХVІІ ғасырда итальяндық аспапты музыкада пайда болған ойнақы, жеңіл, әзіл - қалжың музыкасы. Л. Бетховен симфонияның, квартеттің, сонатаның бір бөліміне скерцо енгізді.
Ахмет Жұбановтың өмірбаянына тоқталып, шығармаларына талдау жасаймыз.
13 171
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Орта Азия халықтарының аспаптары
Орта Азия халықтарының аспаптары
Музыка пәні мұғалімі Жанар Умарова Камиевна
Өзбек музыка өнері
Өзбек музыка өнері
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильимажинов Нариман Талгатович
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×