Музыкадан сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Қазақтың халық аспаптары оркестрі
2. Музыкалық ойланулар күнделігі
3. Табиғатпен үндескен сыбызғы.
4. Қазақтың ұлттық би өнері.
5. «Тапқыр болсаң - талас жоқ» сайысы
Музыкадан кластан тыс іс - шара 5 - 6 класс
Музыкалық ойланулар күнделігі
Кімнің рухында музыка жоқ болса,
Кімді әсем әуендер еліктетпесе,
Сол адамның жан дүниесі түндей қараңғы. (В. Шекспир)
Шығармашылық жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызды орындардың бірін өнер иеленеді. Ол моральдық - этикалық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Өнердің ішінде заманауи дүниенің неғұрлым түсінікті және жалпыға қолжетімді тілі - музыкаға ерекше мән беріледі. Балаларды ерте жастан музыкаға әуестендірудің, шығармашылық қабілеттері мен дарындылығын анықтаудың, олардың рухани мәдениетін тәрбиелеудің өмірлік қажеттігі бар. Музыка адамның ойы мен оның қызметін құрылымдауға көмектеседі, математиканы, тілдерді зерделеуді, орнықты ұзақ мерзімдік жадтың дамуын жеңілдетеді.
Оқушыларға өзін - өзі таныту мүмкіндігін беруің үшін музыканы оқытудың формалары мен мазмұнын оңтайландыру жолдарын іздестіріп, бүгінгі кешке алып келіп отырмыз.
Музыкалық ойланулар күнделігінің мақсаты - оқушыларда олардың эмоциялық қабылдаушылығы негізінде музыкаға белсенді, шығармашылық көзқарас қалыптастыру, музыкалық шығармаларды тыңдау мәдениетін тәрбиелеу, музыка пәнін тану үдерісінде оқушы қозғалысының ішкі серпінін бейнелеу.
Міндеттері;
• оқушыларды пән бойынша жаңа қызықты ақпарат іздестіруге уәждеу;
• музыкалық тесттерге талдау жасауға, жеке музыкалық әсерлерінің өзіндік қорытындыларын тұжырымдауға үйрету;
• оқушыларда шығармашылыққа, музыканың өмірмен байланысын көре білу шеберлігіне көзқарасы қағидасын қалыптастыру;
Іс - тәжірибелік мәні. Оқу құралы 5 - 6 сыныптардағы музыка сабақтарына арналған және музыкалық білім беру бағдарламасымен қарастырылған тақырыптарды тереңдетеді. «Музыкалық ойланулар күнделігі»оқушылардың жас ерекшеліктері есепке алына отырып құрастырылған. Оның көмегімен оқушылар өз ойларын білдіруге, шығармашылыққа, жаңа нәрсені білуге үйренеді.
Бұл оқу құралының айрықша ерекшеліктері оқушыларға;
• музыкаға деген өз көзқарасын білдіруге;
• өзінің шығармашылық өсуін қадағалап отыруға;
• музыкалық әсерлерді нақты өмірмен байланыс мәтінінде қарастыруға;
• рефлекциялауға мүмкіндік береді;
Бұл кештің жұмыс істеу жүйесін қарастыра отырып, мынадай әдістер ұсынылуы мүмкін:
проблемалық
• түсіндірмелі - иллюстрациялық:
• салыстыру әдісі және басқалар.
Мазмұны. Оқу құралы «Музыка 5 - 6 класс» оқулықтарының құрылымына сәйкес құрылған.
- Музыканы кімдер жасайды?
- Музыкада қанша тіл бар?
- Музыкалық «аудармашы»
- «Мен бастаймын, ал сен жалғастыр»
- Сурет жұмбақтарды шешу.
• І.«Сазгер парағы» тапсырмасында. «... туралы қызықты»айдары. Оқушылар сабақ кезінде алған білімдерін пайдалана отырып, «Менің әсерлерім», «Мұны білген қызық», «Өз біліміңді тексер» тапсырмалары бойынша ойларын ортаға салып, бірігіп парақты толтырады, сосын бір оқушы жауап береді.
ІІ. «Менің әсерлерім» айдары. Оқушыларға жеке музыкалық әсерлері негізінде үй тапсырмасына әр түрлі тақырыпта Эссе жазу тапсырылған болатын. Мынадай 4 тақырып берілді. «Менің өмірімде осы шығарма», «Неліктен бүгінгі күндері Құрманғазы шығармалары өзекті», «Сазгер ағаға хат», «Күй және күйшілер» Осылардың ішінен бір тақырыпқа эссе жазып келу. Бірінші болып 6а класы бастайды.
ІІІ. Назарды дамытуға арналған ойын
Ойынға қатысушылар қолдарын артқа ұстап, тізерлеп, жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізуші бір әңгімені бастайды. Әңгіме барысында «қасық» сөзін естігенде қолдарындағы қасықты екінші алақандарына соғу керек. Талап; бір мезгілде, бірге соғу керек.
Әңгіме нұсқаларының бірі. «Қасықтар отбасында»
Бір отбасы өмір сүріпті. Олардың тегі. Аты - жөндері Қасықтар екен. Бірде, жексенбі күні бүкіл отбасы болып бір жерде түскі ас ішіп қайтуға шешім қабылдайды. Әрқайсысы сәнденіп киінді, тек кішкентай ұлдары ғана көнбеді. Әжесі; «Ал, бізге сенімен бірге түскі астан кейін таңсық асқа балмұздақ болады, біз оны кішкентай қасықпен жейтін боламыз» - деді және немересін көндірді. Дәмхана «Алтын қасық» деп аталатын. Міне, түскі ас та әкелінді. Әкесі шешелерінің стаканына шырынды қасықпен құюға жиналғаны сол еді, иті Ақтөс дастарханды тартып қалды. Еденге тәрелкелер, шанышқылар, стакандар мен қасықтар ұшып түсті. Қатты ашу қысқан даяшы жүгіріп келді. Әкелері барлығы үшін, қасық, тарелкелерге айып төлегеннен кейін Қасықтар отбасына дәмханадан кетуге тура келді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Жаңалықтар
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
СҚО, Петропавл қаласы, «№42 орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы
Өзбек музыкасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Алматова Гауһар Жылқыбайқызы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хасенова Галя Рахымжанқызы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.