Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақ бағдары

12 маусым 2012, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,
адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық
жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі
жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет.
Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Ә.Назарбаев

Күні кеше ғана соңғы қоңырау үні сыңғырлап, алтын ұя мектебімізбен, ондағы тұлпарларын баптап ұшырғалы отырған аяулы ұстаздарымызбен, бірнеше жыл бірге оқып, тай-құлындай тебісіп бірге өскен сыныптас достарымызбен, енді бізбен ешқашан қауышпайтын мектеп формасымен, мектеп күнделігімен, қос бұрым етіп тағатын әдемі ақ бантикпен, балғын балалық шағымызбен қимай қоштасып, тест болуына бақандай он күн бар деп жүргендей едік. Көзді ашып-жұмғанша келді де қалды маңызды сынақтан өтетін күніміз.

...Тестке де кірдім. Ұялы телефондарды металл іздегішпен тексеріп кіргізді. Бейнебақылау жұмыс жасап тұр. Кезекші мұғалім өз жұмысына адал, адамгершілігі мол, өте керемет ағай болды.
- Мен бір оқушыны көріп тұрмын, жарты сағаттан бері «шпорын» ала алмай қиналып отыр. Ол уақыт орнына қаншама есеп шығаратын едің. «Попытка» деген соңғы жарты сағатта да болады ғой. «Шпорларыңды» сағат он екіде шығарасыңдар, - дейді. Жел соққанда есік «тарс» етіп жабылып кетіп еді, өлі тыныштықта отырған біз шошып кеткенімізді жасыра алмай қалып жатсақ: «Не бойтесь, я с вами»,- деп күлдіріп алады арасында. Сағат он екі болғанда: «Ал шпорларыңды шығарыңдар», - дегенде көпшілігі жапа-тармағай шығарып жатыр еді, барлығын жинап алды. Кейбір қыздар ирониямен өкпесін білдіріп жатыр:

- Ағай, не деген ізгі ниетті жан едіңіз! Солай жасауға да бола ма екен?! – деп.
- Мен пайдаланасыңдар деген жоқпын. Шығарасыңдар дедім, өздерің шығардыңдар, - дейді.
Ойдағыдай тапсырдым. Ақылым мен еңбегім екі жақтап өзімді алып шығады деп сеніп бардым. Тым қатал болған, қысып алған тесттерді бұрын соңды көрген жоқпыз емес, көріп жүрміз. Өзімді байқау сынағындағыдай(пробный) сезініп, еркін отырдым.

Көп ұзамай қорытынды шықты. Қуанып жүргеннен мұңайып жүрген адам көп. Тіптен 100-ден жоғары ұпай жинаған оқушының да жүзінде қуаныш толқыны байқалмайды. Ауыз толтырып айтуға жарайтын ұпай болғанымен көңілге қонымсыз. Қаншама жыл «беске» оқып келіп аттестатымда «төрт» алдым деп жылаған оқушылар аз болмады. Барлығының тарих пәнінің тестіне өкпелері қара қазандай. Жартысынан көбі жаңа сұрақ. Мұндай сұрақтар болса ең құрығанда соңғы шыққан алпыс байқау кітапшасына енгізгенінде, сол арқылы дайындалушы едік қой. Бағы жанып аз ғана дайындықпен кірген оқушылар «бестік» алып жатқанда, қаншама уақыт бойы дайындалып, байқау тесттерінде 25 ұпайды толық жинап жүрген оқушыны қынжылтары сөзсіз. Шынтуайтқа келгенде оқушының тағдырын шешетін тест деген нәрсе дұрыс емес. Оны тек дұрыс нұсқасымен жаттауға тура келеді.

Әйтпесе шегіне жету мүмкін емес. Каншама жыл бойы солай дайындалып дағдыланған оқушы біреу кез келген сұрақ қойса вариантын сұрауға дайын отырады. Мұндай жағдайда сұрақ қойған адамның өзі ыңғайсызданып ойдан вариант жасауға тырысады. Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарынан қалмаймыз деп ҰБТ енгізуін құптамаймын. Баланың ойлау қабілетін шектейді. Барлық оқушы билет суырып, емтиханға дайындалса тестке қарағанда бір тақырыпты қамтитын бірнеше нәрсе білер еді. Дамып кеткен елдермен салыстырғанда Қазақстан білімі төмен. Оқушыларға білім беріп жүрген кейбір оқытушылардың өзін оқытатын адам керек.

Көп жердегі «мен мұғаліммін» деген «жалақы алсам болды» деп мектепке орналаса салған адамдар жоқ деп айта алмаймыз. Балалардың білім мен тәрбиені қатар сіңіріп, жақсы азамат болып қалыптасуына әсер ететін маңыздысы – мектеп болып табылатын шақты, мектептің жүректері, яғни ұстаздары әлсіз болса одан қандай білімді, тәрбиелі ұрпақ күтуге болады!? Келешек ұландар болашақ өздерінің қолында екенін түсініп, білекті емес, білімді жығатынын шын сезініп, бар күшін оқуға салса деймін. Қазақстанның болашағы үшін бар үмітім жас ұрпақта. Аз болса да осындай ұландар өсіп келе жатқанына, оларға сындарлы ақыл мен сана бергеніне Аллаға мың шүкір.
Сөз соңын бітіруші түлектерге сәт сапар тілей отырып, Күләш Ахметованың мына өлең жолдарымен аяқтайын:

Бақ тілеймін түлеп ұшқан достарға,
Білім ізде, кеуде соғып, құр қызба.
Туған елдің мақтанына айналып,
Ту тігейік аспандағы жұлдызға.
3 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен Қазақстандықпын (шығарма)
Мен Қазақстандықпын (шығарма)
Қазақ елі - қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңар саясаттың құрығына түскен қазақ елі.
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Ел боламын десең, бесігіңді түзе! (шығарма)
Ел боламын десең, бесігіңді түзе! (шығарма)
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп – гимназиясының 10 - сынып оқушысы Ағатаева Балдырған
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Мен Қазақстанның болашағымын
Мен Қазақстанның болашағымын
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×