Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен қазақтың қызымын

05 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мен - қазақтың қызымын!
Мен - қазақтың қызымын, байлығымын.
Ата - анама күш беретін айбынымын.
Ойласам тәуелсіз елім қазағымды,
Ұмытылар бойымдағы қайғы - мұңым.

Мен - қазақтың қызымын, ұланымын.
Биікке самғап ұшар қыранымын.
Әлия, Мәншүк апамызды ұран еткен,
Мен елімнің мақтанышы жыр - әнімін.

Мен - қазақтың қызымын, ұлымын да.
Өз тағдырым мына менің құзырымда.
Елі үшін өз жандарын құрбан еткен,
Жүрек жұтқан батырлардың жүзі мұнда.

Мен - қазақтың қызымын, алтынымын.
Еркелеген елімнің жарқынымын.
Жетелейтін елімді мен болашаққа,
Алға қарай ұмтылар қарқынымын.

Мен - елімнің жайнап өскен гүлімін.
Көктем шықса ерте ашқан бүрімін.
Байтақ елім қазағымның жерінде,
Өмір сүрген адамдардың бірімін.

Мен - қазақтың қызымын, жақұтымын.
Қуанышқа шашылатын бақытымын.
Баласы кеткенде ұзақ сапарларға,
Анасының сақтап қойған сарқытымын.

Мен - қазақтың қызымын, ақынымын.
Елім үшін ең алғашқы жақынымын.
Баласы шапса бәйгелерде, үйде отырып,
Анасының қысатын тақымымын.

Мен - қазақтың қызымын, ұрпағымын.
Қиындықты ойласам қорқады үнім.
Тәуелсіздік тұғырын биік ұстап,
Қазағымның әнұранын шырқарымын.

Мен - қазақтың қызымын, тасқынымын.
Ерекше боп шығатын басқа үнімін.
Шаршағанда құлайтындай мамыққа,
Мен дағы қазағымның жастығымын.

Мен - қазақтың қызымын, көктемімін.
Есте қалар мәңгілік өткенімін.
Өлеңдерім тамсандырып барлық жанды,
Жырлар мәңгі өзіңді төкпелі үнім.

Мен - қазақтың қызымын, ағынымын.
Кей кездері көрінетін сағымымын.
Жарып шығып бұлт көздерін мен дағы,
Сәуле төгер мәңгілік жарығымын.

Мен - қазақтың қызымын, шуағымын.
Бір бұрышын жамаған құрағымын.
Биік таудан бастау алып ағатұғын,
Тұп - тұнық мөлдіреген бұлағымын.

Мен - қазақтың қызымын нәзік жанды.
Өлеңдерім шумақталып бетке тамды.
Нәзік, сұлу аруларды мен жырласам,
Елжіретер кез келген әрбір жанды.

Мен - қазақтың қызымын, құндызымын.
Жымыңдаған аспандағы жұлдызымын.
Адам бол деп өсіріп, ер жеткізген,
Мен дағы ата - анамның ұл - қызымын.

Мен елімнің күнімін жарып шыққан.
Әрқашан қазағымның жанын ұққан.
Жарқырап нұр төгетін бәрімізге,
Мен дағы алтын күнді жанай ұшқам.

Мен - қазақтың қызымын, еркесімін.
Асыр салып ойнайтын серкесімін.
Көктем шықса төселетін жер бетіне,
Жап - жасыл көгалдағы көрпесімін.

Мен - қазақтың қызымын, туғанымын.
Ақыл - ойды қоржыныма буғанымын.
Тек қана жақсылықты жинап алып,
Жамандықты қазағымнан қуғанымын.

Мен - қазақтың қызымын, қара көзді.
Ақылменен айтатұғын барлық сөзді.
Қайғы менен қуанышты көтеріп,
Қазағым барлығына бірдей төзді.

Мен - қазақтың қызымын, тұлпарымын.
Биіктерге ұшатын сұңқарымын.
Талай ақын жырлаған сұлуларды,
Мен дағы қазағымның іңкәрімін.

Мен - қазақтың қызымын, қызығымын.
Ата - әжемнің ерке тотай бұзығымын.
Ал бүгінде ару болып ер жетіп,
Нәзік жанды, сұлу болып сызылды үнім.

Мен - қазақтың қызымын балдай тәтті.
Әрқашан да жақтаймын ақты, пәкті.
Қазақ елін жырлау үшін мен бүгін,
Ұзақ күттім өмірімде осы сәтті.

Мен - қазақтың болашақ кемеңгері.
Алға қарай ұмтылып келем енді.
Өмірге келген кезде маңдайыма,
Жазылған тағдырыма көнем енді.

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің
3 - ші курс студенті Әміржанова Меруерт Сабыржанқызы
29 199
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана.
Ару қыздар байқауы
Ару қыздар байқауы
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
Ару қыздар байқауы
Ару қыздар байқауы
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Біз Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!
Біз Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Өлеңдер жиынтығы
Өлеңдер жиынтығы
Киелі, қасиетті туған жерім, Өзіңнен бүршік жарып көктеп едім Өмір деген асулы ұлы жолда Дем беріп қолтығымнан демеп едің.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×