Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бүгін біз кімбіз, ертең кім боламыз?

12 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Сен шыққан биік жоқ әлі,
Сен шықпақ биік жоғары.
Қайралмай жатқан жас талант,
Қиып түссем деп соғады.
Т. Айбергенов

Бүгін біз кімбіз, ертең кім боламыз?
Менің ортаға салғалы отырған тақырыбым кең тынысты, мейлінше мол мазмұнды талап ететін, жалпыға ортақ, ешкімді де бейжай қалдырмайтын тақырып. Ой - санамда бірде жалындап, бірде үнсіз күйде арпалысқан сұрақтарға менің де жауап іздеп, шарқ ұрған кездерім көп.
Қазір де «болашақтың іргесін бірге қалауға» бағыт алған, алға қойған асқаралы асуларды, асып өтер мақсаттары бар айбынды, мемлекеттің сенім артқан саналы ұланымын. Қазақ деген елімнің дала көшіндегі талайғы тарихын тануға талаптанған түлегімін. Қазақстанның барыс сипатты болашағына ел сенімін ұластыра білген парасатты Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев билік еткен мемлекеттің өкілімін.
Елін сүйген, елбасының сарабдал саясатының халық таразысында тең түсіп жатқанын кемел ойлылар аңғарып, сол жайында баспасөз беттерінде жариялап жатқаны баршаға белгілі. Олай болса, болашақты Елбасының әр жылғы Жолдауынан - ақ танып білуімізге болады. «Қазақстан - 2030» атты стратегиялық жоспарында Президент Қазақстанның барша мектептерін компьютерлендіруді, ел қызметкерлері мен зейнеткерлерінің жалақысы, зейнетақысын арттыруды жоспарлағандай іске асырғанына ел куә, халық дән риза.
Дамыған мемлекеттермен тереземіз тең түсіп, тебіреніп жатқан тұстарымыз баршаның назарынан қалыс қалған емес. Сондықтан да мен Президент сомдаған мемлекеттің, Елбасы сенім артқан елдің, болашағы біліммен жарқырап, шұғыла шашарына сенемін.
Өзім ақтарған кітаптардың бірінде: «Болашақ - білімде»,- деген қанатты сөзді кездестірген едім. Шындығында да солай ғой. «Өзімізді - өзіміз кімбіз деп ойласақ, сол болып шығамыз. Адамдардың ауырып отырмын дей бергені ауру болатыны мен жетем деген мақсатына жетіп жататын да осыған мысал»,- деген даналық пікірлерді Мырзагелді Кемелдің «ақыл қалтасынан» оқып едім.
«Әдебиет» оқулығынан қазақтың сыршыл ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы ертеңіме көз жібере қараймын.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,- деген алғашқы шумағының өзі жалын атқан сөздерімен бір қуаттандырса, жастарға лайықты теңеу таба білу тағы да жанымызды есейтеді.
Мағжан сенген жастардың өз ертеңінде қыруар істерді атқарғанын тарих жоққа шығармайды. Осы шумақ маған да дем беріп, ертеңге деген сенімділігімді серпілтіп тұрады.
Мен осы бағытта ертең кім болатынымызды аңғарғандаймын. Ендеше, біз, жастар - ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азаматпыз. Біз - мемлекет міндеттеген мақсаттарды негіз етіп, жігер желкенімен алыс жағалауларға, бір кезде Асан қайғы іздеген «Жерұйыққа» жететін жолаушыларымыз. Бүгін елеулікті межелеген ел болсақ, ертең елеулікті еңсеріп - ақ тастайтын елміз. Бүгін колледж қабырғасында келешектің келбетін көкірек көзімен таныған, арман - қиялдарынан ешбір арыла алмайтын арманшыл жаспыз, ертең сол қиял жемісінің бағбанымыз. Тарихтың көмбелерінде, ғасырлар қойнауларында қазына болған ұлттық төл жәдігерлерімізді қастер тұтқан, келер ұрпаққа аманат еткен халқымның ен байлығы баршамыздың игілігімізге айналары ақиқат. Шет жұрттық болып кеткен бауырларымыз бен қандастарымыз ата-мекені - Қазақстанға «Аруанадай қазығын тауып» қайта оралатын ел де біздің ел, Қазақ елі.
Міне, мезгілі жетіп, ойларымның бір бөлігі ой - санамнан суырылып шыға келді. Өткір болмаса да өн бойымдағы өзекті жарып шыққан бүгінім мен ертеңім жайындағы ой - толғаныстарым ғой менің. Алдағы күндерде биігімде қол бұлғаған армандарыма дем берген үміттерім мен сенімдерім, ниеттерім мен тілектерім осы ойларымды қашанда қанаттандырып тұрады.
Ойларымның тағы бір нұрлы тарамы: «жоғары өрле немесе жолды босат, сатыда тоқтама»,- деген ұранды жадыма салып тұрады.

Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
4 237
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы
Егемен Елдің Кемеңгер Басшысы
Әр сөздің астарында осы арада, Ағайын ой жіберіп жете қара. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы елбасының жеке дара.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың, Халықпен бір ашығасың да халықпен бірге тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×