Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инстинкт

24 шілде 2014, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Инстинкт
Таяз сулы шағын ғана өзен ағысына қарсы албырт деп аталатын үп-үлкен қайратты балық қинала сапар шегіп келеді. Ол өзен түбіндегі тасқа соғын, бүйірін де жарақаттаған. Таяз суға әзер батып тұрған желбезегі дір-дір етеді. Осыған қарамастан, оны ешбір күш еркін жүзетін мұхит айдынына қарай кері қайтуға мәжбүр ете алмайды. Себебі ол өзі бір түйір уылдырықтан осында пайда болған, сондықтан оның ұрпақтары да осында дүниеге келуі тиіс. Мұны инстинкт, яғни хайуанат мінез-құлқының «бас жоспары» талап етеді. Инстинкт ата-тектерінен тұқым қуалай қабылданады. Аюды қысқа қарай лайықты апан іздеп, оның түбіне жапырақ төсеуге мәжбүр ететін де осы инстинкт. Бал арасы тіпті басқа аралардың жасағанын ешуақытта көрмесе де, ара ұясы – кәрезді өздігінен-ақ жасай алады. Инстинктің арқасында жар қарлығашы ұясын індерге, құлама жарларға, ал қыстау қарлығашы үйдің құрылыстың төбесіне салады.
Өмірдің өзі ғұлама ұстаз секілді: ол әр күн сайын небір қиын жағдайларда тіршілікті сақтау үшін қандай әрекет ету керектігі жөнінде міндеттер қойып отырады. Егер хайуанаттар көптеген ғасырлар бойы бірыңғай қайталанып отыратын міндеттерге кездесіп отырса олар мұндай мәселені арнай шешіп жатпайды. Оларда өздерінің мінез-құлқын басқаратын белгілі бір инстинкт қалыптасады.

Әлбетте, бұл өте қолайлы. Бірақ белгілі бір хайуанат тіршілік ететін орта үнемі өзгеріп отырады. Ал жаңа жағдайда инстинкт пайдалы емес, зиянды болуы мүмкін. Мысалы, Америка бизондарында табынмен жүру, бөлінбеу инстинкті дамыған болатын. Өйткені табынға топтасу арқылы аюдан, қасқырдан да оңай қорғанатын-ды. Алайда мылтықты адамдан пайда болған кезде олардың бұл артықшылығы керісінше болып шықты, табынмен жүрген бизондарды қырып салу мүлде оңай еді.
Иә, инстинкт – мойынсұну екен. Өздерің көріп отырғандай, кейде ол тірі организмді өлімге душар етуі мүмкін, бірақ тұтас алғанда онсыз түр сақталмаған да болар еді. Демек, инстинкт түр үшін тиімді әрі пайдалы.
3 744
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
Сабақтың мақсаты: 1. 2. 2. 2 жабайы және үй жануарларын ажырату; 1. 2. 2. 3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру
Психика мен сананың дамуы
Психика мен сананың дамуы
Оқушыларды жүйке жүйесінің құрылысымен қызметтерімен таныстыру, танымдық қабілетін арттыра отырып мидың құрылысымен психика туралы білімдерін кеңейту, мағлұмат беру.
Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану
Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану
Жануарлардың жеке - дара және топтық мінез - қылығын, тіршілік қалпын зерттеу, балық өсіру, құс, аң, мал шаруашылықтарын дамыту, құстардың жылы жаққа қайту кезінде әуеде ұшақтармен қақтығысып қалуын болдырмау сияқты аса маңызды шараларды сауатты
Топтық мінез - қылық
Топтық мінез - қылық
Топтасып тіршілік ету – жануарлар әлемінде кеңінен таралған құбылыс. Бір түрге жататын жануарлардың ішінде жеке - дара тіршілік ететіндері де, бүкіл тіршілігін топтасып «тұқымтоп» (семья) болып өткізетіндері де бар. Сондықтан осы соңғыларын
Кета
Кета
Кета деп аталатын өзі үлкен әрі күшті балық Тынық мұхитта тіршілік етеді.
Гидросфера. Су- ерекше қайталанбас зат
Гидросфера. Су- ерекше қайталанбас зат
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. География пәні мұғалімі Тілегенова Гүлнара Тлеужанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×