Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қағаз

18 мам 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қағаз
Сендер орман аралап жүріп, аспанмен тілдескен зәулім ағаштарға сүйсіне қарағандарыңда, бұл жасыл желек жамылып тұрған болашақ кітаптарың, дәптерлерің, сүт құятын пакеттер, қабырғаларға желімдейтін түсқағаз екені, сірә, естеріңе келе бермеуі мүмкін. Былайша айтқанда қағаздан істелетін бұйымдардың бәрі осы ағаштан өндіріледі.

Адамдар қағазды пайдалануды 2 – ғасырда үйренді. Қағаз Қытайда ойлап табылды да, қытайлар оны жасау әдісін ұзақ уақыт құпия сақтады. Ассириялықтар қыш тақтаға таяқшалармен жады. Ежелгі египеттіктер өз иероглифтерін папирусқа өрнектеді. Ол жұқа парақтар батпақта өсетін папирус өзектерінен сығымдалып жасалады. Европада орта ғасырларда жазу үшін бұзау терісінен ерекше әдіспен иленген пергамент пайдаланылды. Ежелгі орыс елінде жазу жұқалап сыдырылған қайың қабығына жазылған. Европада қағаз тек 10 - ғасырда ғана пайда болды. Ол ескі шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасалады. Ал барлық жерде газеттер шығып, кітаптар басылып, оқушыларға оқулықтар мен дәптерлер қажет болған кезде шүберектер жетісе бермеді де, жұрт қағазды ағаштан жасауға көшті.

Орманда кесілген ағаш алдымен кеспелтекке бөлініп, жаңқаланады, сонан соң ұсақталғанша үгіледі де, ұнтағы шыққанша майдалана береді.
Бұдан соң ұлпа толып жатқан әр түрлі өңдеуден өтеді. Енді кезек қағаз жасайтын автоматты машинаға тиеді.
Бұл таңғажайып машинаның ұзындығы жүз метрден асады, ал биіктігі үш үйдей. әлгі дымқыл әрі болпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, бір минуттың ішінде тығыз да теп - тегіс аппақ қағазға айналады.

Осы мезетте ұсақ тесіктері бап ұзын торға салынған қағаз ұнтағының суы сығылып, қыздырылған ауыр барабандардың арасынан өтіп тегістеліп үлкен рулондарға оралады.
Сонымен қағаз дайын. Енді бұл рулондарды қажетіне қарай табақтап кесіп, кітап баса беруге болады. Ал газет үшін қағаз рулон шапшаң айналатын машиналарға орнатылады. Да басылып шыққан соң жеке - жеке газет болып қиылады.
Ал қағаз тек кітап пен газет үшін ғана қажет болып қоймайды, одан қазіргі кезе пакеттер, түзқағаз, қатырма қағаздар мен балмұздақ салатын стакандар, әр түрлі жіптер, тіпті машиналардың шестерняларына дейін жасалады.

Қағаз өндіретін фабрикаларды ағашпен қамтамасыз ету үшін орманда әр күн сайын қаншама ағаш кесу керек екенін ойланып көріңдерші.
Міне сондықтан да жаңа қағаз әзірлеу үшін ағаштың орнына бұрын пайдаланған ескі қағаздарды кәдеге асырудың маңызы зор. Сондықтан да ескі газеттерді, дәптерлерді, зат ораған қағаз бен басқа да қағаз қалдықтарын жинап өткізіп жүрген адамдарды құрмет тұтамыз. Бұл игі істерімен олар орманның тұтас бір учаскелерін кесуден сақтап қалады.
12 448
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап таңдай білесің бе?
Кітап таңдай білесің бе?
Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін.
Модулді оригами. Қағазды бүктеу арқылы бұйым жасау
Модулді оригами. Қағазды бүктеу арқылы бұйым жасау
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі Шалмагамбетова Гаухар Мейрамована
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77 А.Асқаров атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Үсенбаева Айсұлу Мұсахановна
Кітап - білім бұлағы
Кітап - білім бұлағы
Мұнайлы ауданы, Дәулет селосы «№ 4 жалпы білім беру орта мектебі ММ» Тоқбаева Назира Туреевна Нургалыва Ұлжан Өмірзаққызы
Кітап - менің сырласым
Кітап - менің сырласым
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту.
Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар
Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Базарова Рая Кәкіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×