Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құндыз

15 тамыз 2014, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Құндыз
Құндыз – ғажап қызық аң. Тек сол ғана өзен, бұлақ бойларына бөгеттер жасап, орман ішімен каналдар тартады, нағыз ағаш кесушілер сияқты небір жуан ағаштарды жағады, өздеріне керемет үйшіктер жасайды.

Ағаштың діңі мен бұтақ шырпыларын біріктіре өріп, оны лаймен сылып жасаған құндыз бөгеті сұрапыл су тасқынына да төтеп береді. Сөйтіп бөгет жасалады өзен, бұлақ суы көтеріліп, орманда үлкен көлмек пайда болады. Ал көлмек ортасында құндыздың баспана үйшігі де биіктеп көтеріледі. Үйшік те дәл әлгі бөгет сияқты бұтақ, шырпыдан қаланып, лаймен сыланған. Оның биіктігі 2 метрге дейін, ал табанының диаметрі 3 метрдей, тіпті одан да артық болады.
Құндыз көлмектегі су деңгейін әрқашанда ұясының аузы су ішінде болатындай етіп қадағалап отырады: міне, сонда құндыздың пәтеріне бөтен ешкім де бас сұға алмайды. Үйшіктің іші әрі кең, әрі жылы. Онда олар күндіз ұйықтап дем алады. Ал түнде «ағаш дайындау» жұмысына шығады.
Сонымен құндыз тал не теректі тауып алады да, оны айналдыра кеміре бастайды. Ақыры ағаш жығылады да, оның қазықтай үшкір түбірі ғана қалады. Сол түбірге қарап-ақ құндыздың еңбегін көруге болады.

Жығылған ағашты құндыз қауырт реттеуге кіріседі: бұтағын сылиды, діңін бірнеше бөлшектейді, сонан соң мұның бәрін сумен ағызып барады да, үйшігінің жанына үйеді. Осылайша құндыз өзіне қыстық азық-түлік қорын дайындайды. Қыста көлмек су мұз боп қатып қалады, ал құндыз өзі аса жақсы көретін тал, терек қайың секілді ағаштардың қабығы мен жас бұтақтарын рақаттана кеміріп, үйшігінде жата береді.
Сонымен көлмек жағасындағы тал, теректер де бітуге айналады. Сондықтан енді құндыз орманның ішіне бойлай әрі терек, әрі ұзын етіп канал қазуға кіріседі, оның ұзындығы жүз метрге дейін жетеді. Бұл каналмен ол үйшігіне жаңа азық қорын ағызып әкеледі.
Осылай қыстап шыққан құндыз көктемге салыма осы үйшігінде күшіктейді. Күшіктерінің саны екі, үш тіпті кейде беске дейін, кейде біреу де болады. Күзге қарай бұлар ересейіп, бұл «еңбекқор» аңдар бәрі жабылып бөгеттерін түзеп, үйшіктерін жөндейді, жаңадан каналдар қазады, қыстық азық-түлік қорын әзірлейді.

Құндыздың күшіктері екі жасқа келгенде дербес бөлініп шығады да, өзінше күн көру әрекетіне кіріседі: өзіне жаңадан мекен іздеп табады, орман ішіндегі бұлақта тағы бір бөгет, тағы бір үйшік пайда болады, ағаш арасымен терек каналдар орманға жол тартады.
Құндыздың терісі аса құнды болады, ол әрі жылы, әрі әдемі, әрі мықты және суға да төзімді. Сондықтан патша заманында құндыз біздің елімізде бүтіндей құрып кетуге айналған. Халқымыздың бұл бір сирек кездесетін, аса қымбатты аңды аман сақтап қалуына тура келді. Сондықтан құндыз сақталып қалған жерлерде қорықтар құрылды, оны аулауға тыйым салынды. Соның арқасында құндыздың сана көбейді. Қазір олар еліміздің барлық жеріне таралуда.
11 229
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға көмек берейік. (Экологиялық ертегі – қойылым)
Орманға көмек берейік. (Экологиялық ертегі – қойылым)
Экологиялық ертегі – қойылым. Алаңқайға орман тұрғындары жиналды. Олар өзара бірдеңеге наразылық білдіре сөйлесіп тұр. Қасқыр (ашулана). Осы адамдарды ма! Келіп, барлығын қорқытып, қоқыс тастап кетті! Тіпті жинамаған!
Зат есім
Зат есім
Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру, проблемалық әдіс арқылы зат есімнің өзіндік ерекшеліктерін таныту.
Зат есім. 322-327-жаттығу
Зат есім. 322-327-жаттығу
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова Гүлнар
Зат есім
Зат есім
Арал қаласы, № 220 қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегенова Нұрбибі Айсақызы
Конус. Қиық конус
Конус. Қиық конус
Конус. Қиық конус. 1. Қиық конустың табан радиусі 10см және 4см, ал биіктігі 8см. Қиық конустың жасаушысын табыңдар. 2. Конустың жасаушысы 5см, табанының радиусі 4см. Толық бетінің ауданың табыңдар. 3. Қандай фигураны айналдырса конус шығады? а)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×