Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамгершілік – асыл қасиет

13 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ақтөбе қаласы5
№ 33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі
11 класс оқушысы Әдебиетова Ақмөлдір

Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік адам бойындағы ең маңызды, әрі керемет құндылық. Себебі бұл ой тазалығымен қатар, жүректің адал болуымен егіз келетін қасиет. \Бұл жалпы адамзаттың жан дүниесінің пердесі, жүрегінің айнасы.
Адамгершілік – бұл рухани тәрбие. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге үйретеді. Егер адамгершілік қасиеті болмаса, ол адам өзін – өзі реттей алмай, айналасындағы жандарды құрметтей алмайды. Қоғамызда болып жатырған түрлі келеңсіз оқиғалар, адам жүрегінде мейірімділіктің жоқтығынан. Кішкентай кезінен отбасында мейірім көріп өспеген бала, өскенде айналасындағы жандарға да мейірім көрсете алмайды. Ата – ана баласына мейірім мен сүйіспеншілік бере білсе, тастанды бала, панасыз қарт, жүрексіз ұл – қыз болмас еді. Табиғат пен тіршілік иесіне құрметпен қарап, аялай білу керек. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата - ана мен ұстаздың басты міндеттері.

- Адамдар өз шамасын асыра жоғары не тым төмен бағалайды. Кемелдікке жетпейтіні содан;
- Адамдар өзін емес өзгені сынауға жаттыққан. Араздықтың туатыны осыдан;
- Адамдардың қабілеті өзгенің жетістігін емес кемшілігін көруге жетілген. Алауыздықтың шығатыны содан;
- Адамдар істе мүмкіндік іздеуден гөрі сылтау іздеуге шебер. Табысқа жетпейтіні содан;
- Адамдарда қызығу сезімінен қызғану сезімі басым. Бақталастықтың өршуі содан;
- Адамдар мені күтіп қалмасын деуден өзім күтіп қалмайын дегіш. Тәкаппарлықтың басы осыдан;
- Адамдар өзінің орнын емес өзгенің орнын көздегіш. Өкініштен арылмайтыны, өштескіш келетіні содан;
- Адамдар өзге туралы білуге емес өзі туралы айтуға құмар. Өзара түсінісудің кем болатыны осыдан:
- Адамдар салдарды себептен демейді кенеттен дейді. Күдіктің басталатыны осыдан;
- Адамдар құрметті абыройдан емес атақтан келеді деп сенген. Даңққұмарлықтың асқынуы осыдан;
- Адамдар өз бағасын өзімен емес алған сыйлықпен өлшегіш. Атаққұмарлықтың өршуі осыдан;
- Адамдар асылды құпиядан емес жариядан іздегіш. Қадірдің қашуы осыдан;
- Адамдар көңілмен сезетін дүниеге емес көзбен көретін дүниеге құмар. Дүниеқұмарлықтың меңдейтіні содан;
- Адамдар бақи дүниден гөрі фәни дүниені ойлағыш. Өткенді аңсай беретіні содан.

Міне, сондықтан да қымбатты менің достарым!
Тұлға болып қалыптасуға тырысыңыз!
Өзгелермен емес, тек өзіңізбен ғана жарысыңыз!
Қоғаммен сыпайы араласыңыз!
Біреумен пікір алысқанда салмақтылық пен байсалдылығыңды жоғалтпа!
Әрдайым кешірімді бол!
Айналаңыздағы адамдарға сәт сайын сүйіспеншілігіңді арнай біл!
73 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Жақсылық нұры, адамгершілік нәрі
Жақсылық нұры, адамгершілік нәрі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарысай ауылы, "Аружан" балабақшасы" МКҚК психологі Атшибаева Алия Рашевна
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×