Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұражай - жәдігерлер мекені

31 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мұражай - жәдігерлер мекені
Біз, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 5»е» сыныбының білім алушылары ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасадық. 14 зал және музей ауласында орналасқан «Көне түркі жазулары және тас мүсіндері», «Л. В. Брюммердің көркемсурет музейі», «Тараз 2000» бөлімдерінен тұратын мұражай маған ерекше әсер қалдырды. Барлық балалар музейді үлкен қызығушылықпен аралады. Әсіресе, тірі және өлі табиғат, археология бөлімі балаларды таң қалдырды. Ол жердегі теңіз жануарлары мен ірі жануарлардың қатып қалған сүйектерін көргенде мамонттың қаншалықты алып жануар болғанын көз алдымызға елестетіп, олардың жойылып кету себептерін біраз талқыға салдық. Сондай - ақ өлкеміздің флорасы мен фаунасы өкілдерінің үлкен коллекциясымен таныстық. Археология бөлімінде бізге мектеп оқулығынан есімі таныс Х.Алпысбаевтың ғылыми экспедиция нәтижесінде Қаратау тауларынан табылған тастан жасалған түрлі еңбек құралдарын да көрдік. Осы сәтте тас дәуірі бөлімі бойынша өтілген материалдар да еске түсті. Сондай-ақ, маған ерекше ұнағаны «Көне түркі жазулары және тас мүсіндері», «Тараз 2000» бөлімдері. Онда қыштан жасалған әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар, су құбырлары, шырағдандарды және де балбал тас мүсіндерін де тамашаладық. Шыныдан, қоладан жасалған әртүрлі бұйымдар, өткен тарихтан сыр шертетін ою - өрнегі ерекше кірпіштердің сынықтары да бізді ерекше сезімге бөледі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында ұстаздарымызбен ұйымдастырылған Жамбыл облыстық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат маған терең ой салды. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғындым. Сондай - ақ, шежірелі өлкемнің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу бізге міндет екендігін жете түсіндім. Менің сыныптастарым да өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды деп ойлаймын...

Тараз қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы
№45 қазақ классикалық гимназиясының
5«Е» сынып оқушысы Әмірбек Айғаным
15 345
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан мұражайлары
Қазақстан мұражайлары
Қазақстан мұражайлары туралы мәлімет беру, балалардың тілін, ой - өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, әдемі көркем жазуға дағдыландыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, мұражайлар туралы кеңінен білуге тәрбиелеу.
Мұражайда
Мұражайда
Мұражайда Міне, келдік мұражайдың төріне, Өлкеміздің төл тарихын білуге. Туған жерім, туған өлкем, бұл – Тараз, Білген жанға тұнып тұрған шежіре.
Әуезов мұражайы
Әуезов мұражайы
Мұхтар Әуезовтің өмірімен танысу, М. Әуезов мұражайына шолу жасау. Мұражай үйімен таныстырып өту, мәлімет беру. Өзіндік тұжырым - пікір жасау дағдыларына үйрету, сөйлеу тілін қалыптастыру, ұйымшылдық, ізденушілік, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.
Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы
Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы
Қазір мен сендерге түрлі сұрақтар қоямын, сол сұрақтарға сол сұрақтар барысында бүгінгі өтетін сабақ мазмұнына қатысты ой түйеміз, нәтижесінде түйін сөз айтасыңдар жарай ма?
Өткеннің қазынасы - болашаққа
Өткеннің қазынасы - болашаққа
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 1 орта мектебі ММ Мұражай жетекшісі: Кенесова Гулмира Кистаубаевна
Мәлік Ғабдуллин "Батыр Бауыржан"
Мәлік Ғабдуллин "Батыр Бауыржан"
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур Сағындыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×