Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әуезов мұражайы

06 ақпан 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Әуезов мұражайы
9 сынып
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: М. Әуезовтің өмірімен танысу, М. Әуезов мұражайына шолу жасау. Мұражай үйімен таныстырып өту, мәлімет беру.
ә) дамытушылық: Өзіндік тұжырым - пікір жасау дағдыларына үйрету, сөйлеу тілін қалыптастыру, ұйымшылдық, ізденушілік, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Қазақ халқының ұлы жазушысы М. Әуезов туралы білімдерін кеңейтіп, шығармаларын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, стикер, «Тілек ағашы»
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, түртіп алу стратегиясы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу
Әнұран орындау
оқушыларды түгелдеу

«Шаттық шеңбері» сабақта білім шыңына жету үшін шеңберге тұрып,
бір – бірімізге игі тілектер айтамыз.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу: өтілген тақырыптар бойынша сұрақ – жауап жүргізу:

1. Мұражай дегеніміз не?
2. Онда нелер болады?
3. Мұражайдың қандай түрлері бар?
4. Неологизм сөздер дегеніміз не? Мысал келтіру.
5. Қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтіру.
6. Біздің қаламызда қандай мұражайлар бар?
7. «Мұражай» сөзіне морфологиялық талдау жасаңыз.

Оқушыларды қос сөздер, неологизмдер арқылы 2 топқа бөлу:
Ата - ана, ыдыс - аяқ, зымыран, түйіндеме, бір - біріне, елтаңба, айта - айта, ұжым, бала - шаға, ағза, мұражай, әп - әдемі, азды - көпті, сыйақы
(әр оқушы мұғалімнен берілген сөздерді алып, аудара ды, қандай сөз екенін анықтайды)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
«Жазушы өмірінен мәлімет»: интербелсенді тақтадан М. Әуезов туралы мәліметті балаларға оқытып, аударту. Негізгі мәліметтерді дәп - терлеріне түртіп алады.
«М. Әуезовтің мұражай – үйіне саяхат» интербелсенді тақта арқылы мұражаймен таныстыру.
Жаңа сөздермен жұмыс: дәптерге жазып алу

Қаулы – постонавление
Есте қалдыру – запомнить
Мағлұмат – информация
Қолжазба – рукопись
Нұсқа – вариант
Қор – фонд
Мұрағат – архив
Түпнұсқа - оригинал

Мәтінмен жұмыс: мәтінді екі топқа бөліп беріп, оқытып, аударту.
«Сергіту сәті» балалар орындарынан тұрып, музыка ырғағымен билейді.

Дәптермен жұмыс:
1) Диалогті толықтырындар
1........
- Мұражай 1963 жылы М. О. Әуезовты мәңгі есте қалдыру мақсатында ашылған
2.........
- Ол жазушының соңғы он жыл бойы тұрған үйінде орналасқан
3.........
- Онда жазушының өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат беретін бөлмелер бар
4.........
- Әуезов мұражайы жазушының әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
5.........
- Әуезовтың жеке мұрағатында оның шығармаларының түпнұсқасы түгел сақтаулы

2) Берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар:
Мағлұмат, қаламгер, дүние жүзі, бейнелеу, негізгі, өмір.
3) Берілген сөздерге жұрнақ қосып сын есім жасау,
сөз тіркестерін жасаңдар:

Ғылым, мәдениет, тарих, әдебиет, мемориал, дүние жүзі, өнер.
ІҮ. Сабақты қорытындылау: «Мұражайда адам өз - өзін қалай
ұстау керек?» деген сұрақ аясында бір топ не жасауға болады,
екінші топ неге тыйым салынатыны туралы әңгімелеу.
Ү. Оқушыларды бағалау: әр топ біліміне қарай бағаланады
ҮІ. Үйге тапсырма «М. Әуезов үйі» ғылыми мұражайы туралы
зерттеп, баяндама жазып келіңдер
Кері байланыс: бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін стикерге жазып, «Тілек ағашына» іледі.

Титов атындағы
№ 20 мектеп - гимназияның
қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Умирбекова Камила Сахановна
3 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жетім М. Әуезов
Жетім М. Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Қазақ халқының мәдени ерекшелігін әлемге «Абай жолы» романы арқылы танытқан жазушы шығармасымен таныса отырып, оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Мұхтар Әуезов "Көксерек"
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын
Абайдың мұражай - үйі. Морфологиядан өткенді қайталау
Абайдың мұражай - үйі. Морфологиядан өткенді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №20 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байғалиева Нурия Аманжолқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×