Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Үйсіндер тарихы, орналасқан жері

Конспект
Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер Жетісуда шоғырланған. Бұл мәдениет 700 жылдай уақыт өмір сүрген. Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері б. з. б. 3 ғасыр – б. з. 4 ғасыры аралығын қамтиды.
Қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғасырдан бастап үйсін атауы кездеседі. Үйсіндерді “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” - деп сипаттаған. Халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құралған деп жазылған.
Үйсіндердің ордасы – Қызыл - Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол Ыстықкөл мен Іле өзенінің аралығында орналасқан. Үйсіндер шығысында Бесбалық, батысында Шу және Талас өзендері, Қаратаумен шектеседі.
Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. “Усунго”, “Синго” cөздері көшпелі мемлекет деген ұғымды білдіреді. Басшысы – Гуньмо. Тайпа көсемдері “бек” деп аталады.
Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдарды құлға айналдырған. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылған.
Бай үйсіннің 4 - 5 мың жылқысы болған. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін таңба салған.
Әр түрлі заттарға салынған таңба - мөрлер жеке меншіктің болғанын дәлелдейді. Жеке меншік малға ғана емес, жер - суға да тараған. Көсемдер: “менің жайылымыма ешкім мал жаймасын” - деп жеріне басқаны жолатпаған.
Балшық және тас мөрлерді қатардағы адамдар қолданған. Билеушілер мен әскербасыларда, бай адамдарда алтын және мыс мөрлер болған. Мөрмен немесе таңбамен малдарды белгілеген.
Жеке меншіктің шыққаны, мүлік теңсіздігінің болғаны зираттардың көлемінен де байқалады. Үлкен обаларға бай адамдарды бағалы қарулары, ыдыстарымен бірге көмген.
Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қатынасын жасаған. Көршілерімен қандай қатынаста болғандығы туралы мынадай деректерден білеміз: “Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Шығысында Ғұндармен, солтүстік - батысында Қаңлымен, батысында Дауаниямен, оңтүстігінде әр түрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды”.

Конспект сұрақтар
1. Б. з. б. 3 ғасырдан б. з. 4 ғасыры аралығын қамтитын Жетісудағы мәдениет:
2. Үйсін атауының қытай жазбаларында кездескен уақыты:
3. Үйсіндердің ордасы:
4. Үйсіндердің басшысы:
5. Үйсіндерде құл еңбегі пайдаланылды:
6. Үйсін қоғамында жеке меншік болғанын айғақтайтын белгі:
7. Үйсіндер қауымында балшық пен тастан жасалған мөрлерді қолданды:
8. Үйсіндерде үлкен обаларға кімдер жерленді:
9. Үйсіндермен тең құқықты дәрежеде қарым - қатынаста болған ел:
10. Үйсіндер қоғамында "бек" деп кімдерді атаған:
Тақырыптың тесті
5 384
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік - саяси ұйымдасуы, үйсіндердің басқа елдермен қарым - қатынасы, мәдениеті
Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік - саяси ұйымдасуы, үйсіндердің басқа елдермен қарым - қатынасы, мәдениеті
Үйсіндердің тарихы, мекендеген орыны, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері жайында қосымша деректерді пайдаланып, үйсіндердің тақырыбын қорытындылау;
Үйсiндердiң басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы, мәдениеті
Үйсiндердiң басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы, мәдениеті
Үйсiндердiң басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы, мәдениеті.
Үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер
Үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №28 жалпы білім беру орта мектебі тарих пәні мұғалімі Изтурганова Гульнара Темирбековна
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Үйсіндер
Үйсіндер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
А.С. Пушкин атындағы №20 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Каленова А.Х.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×