Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сармат тайпаларының орналасуы

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Сармат тайпаларының орналасуы
Конспект
“Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Сарматтарды тарихи деректерде б. з. б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары Диодор, үлкен Плиний, Полибий жазған. Геродот жазбаларында савроматтарды скиф тілінде сөйлеген дейді.
Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында, негізінен Жайық пен Елек, Жем өзендерінің бойында кездеседі.
Савромат - сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Босфор мемлекетімен байланыс орнатқан. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жорықтар жасаған.
Үстіртте зерттелген Бәйте, Терең ескерткіштерінде жерлеу орындарымен қоса, аруақтарға арнап ас беруге және мінажат жасауға арналған ғибадатханалар кездеседі. Ғибадатханаларда құрбандық шалатын тас үстелдер және саны 30 - 40 - қа жететін діңгек тастар орнатылған. Бұл жерден от жағылған орындардың белгісі жиі ұшырасады. Осыған қарағанда дай - массагеттерде отқа табыну рәсімі болған.
Геродот пен парсы патшасы Ксеркс өз жазбаларында Арал - Каспий теңіздерінің аралығында б. з. б. 1 - мыңж. ортасында өмір сүрген тайпалар туралы жазған. Бұл тайпаларды дах (дай, даг), сақ - массагет деп атайды.
Дайлар бірнеше ру - тайпадан тұрған. Б. з. б. 248 - 24 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның бір бөлігін және Гирканияның шеткі аймақтарын басып алды. Олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған.
Атырау облысының оңтүстік - шығысындағы Сарықамыс - Құлсары аралығында саз топырақты төбешіктер табылды.
Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойындағы обалар негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген.
Сарматтар еліміздің батыс аумағын б. з. б. 8 ғасыр мен б. з. 5 ғасырында мекендеген. Сарматтарды тарихи деректерде б. з. б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Ал б. з. б. 3 ғасырда сарматтар күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған.

Конспект сұрақтар
1. Сарматтардың өмір сүрген мерзімі:
2. Сарықамыс - Құлсары обалары табылды:
3. Апарн тайпасының билеушісі:
4. Дах, сақ - массагет тайпалары қоныстанған өңір:
5. Сарматтардың Үстіртте табылған ескерткіштері:
6. Сармат тайпалары байланыс орнатқан мемлекет:
7. Сармат ескерткіштері кездесетін аймақ:
8. Көне дәуір авторларының еңбектерінде“сармат” атауының кездесетін уақыты:
9. Сармат тайпасы жайлы деректер қай ғасырдан бастап кездеседі:
10. Сармат қоғамында ерлер мен әйелдердің құқығы қандай болды:
Тақырыптың тесті

Сармат тайпаларының орналасуы. жүктеу
7 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы Конспект Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар). Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы. Мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті Қазақстан жеріндегі ескерткіштері туралы мәлімет беру.
Сарматтар тарауы
Сарматтар тарауы
Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша: • Савроматтар ------------ өте жақын тілде сөйлеген; • Қауымдағы ------------------------ тең саналған; • Савроматтар ------------------------------------ туыстас келген;
Сарматтар. Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
Сарматтар. Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Рахмет Айтолхын
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол Қосаевич
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қарашбаева Тамара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×