Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарматтар. Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы

11 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Сарматтар. Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Батыс Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі өмір сүрген Сармат тайпаларының тарихы мен орналасуы және қоғамдық құрылысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өздігінен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасауға, қосымша деректермен таныстыра отырып, олардың дүниетанымын, тарихи ойын дамыту.
Тәрбиелік: Елжанды, ұлжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірмелі - баяндау, сатылай кешенді талдау, сәйкестендіру тесті, сұрақ - жауап, сандар сөйлейді. Көрнекілігі: Карта, плакат, тірек - сызбалар, слайдтар. Техникалық құралы: Интерактивті тақта

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) Оқушылар дайындығын қадағалау.
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау: «Көкпар» ойыны (30 40 20)
30/1Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?(полихромдық стиль) 30/2 Ғұндарда елді кім биледі? (Шаньюй)
20/1 Көшпенділер тұрмысқа қажетті затты көбіне неден жасады?
(былғары)
20/2 Ғұндардың баспанасы...(киіз үй)
40/1 Аттила (Еділ) шамамен қай кезеңде өмір сүрді? (400 - 453)
40/2 Ғұн сарайлары неден жасалды? (бөренеден)
III. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Кім алғыр» тесті.
1. Ғұндар ыдыс - аяқ жасауға төменгі материалдардың қайсысын пайдаланған?
а) Ағаш;
ә) Металл;
б) Тері;
в) Балшық;
2. Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?
а) Безендіру;
ә) Полихромдық стиль;
б) Зерлеу;
в) Бояу;
3. Ғұндардың негізгі шаруашылығын ата?
а) Аң аулау;
ә) Мал шаруашылығы;
б) Егіншілік;
в) Зергерлік;
4. Ғұндарда әлеуметтік теңсіздік қалыптасқаны неден байқалады?
а) Мал мен жерге жеке меншік шықты;
ә) Шенеуніктер қалыптасты;
б) Құқықтық жүйе пайда болды;
в) Әміршілер сайланды;
5. Ғұндардың Еуропаға жорығын басқарған кім?
а) Бумын
ә) Мөде
б) У - Ди
в) Чжи Чжи
г) Еділ
Ой қозғау:
Картамен жұмыс: Оқушылардан өткен тақырыптар бойынша Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндардың мекендеген жерлерін картадан көрсетеді.
Ендеше жаңа сабағымыз Сармат тайпаларының мекендеген жерлері, шектесетін аймақтары, жорық жасаған аймақтары туралы көрсетейік.
Мұғалім сөзі:
Қазақстан аумағында б. з. б. 3 ғасыр мен б. з. дың 5 ғасыр аралығында үйсін, қаңлы, ғұн, сармат мемлекеттік бірлестіктері қалыптасты.
Біз олардың үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларымен таныстық. Ендігі танысатын тайпамыз Сарматтар екен.(жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарларын дәптерге жазғызу)

IV. Жаңа сабақ. Сармат тайпаларының орналасуы. Сармат қоғамы
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сарматтардың орналасқан жері.
2. Савроматтар.
3. Арал - Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар.
4. Қоғамдық құрылысы.

Cарматтар

«Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. III ғасырдан бастап кездеседі.
Тарихи деректерде алғашқы кезеңде б. з. б. VIII ғ. «савроматтар» деп аталған.
Арал - Каспий аралығында оңтүстікке қарай дах (дай, даг) тайпалары тіршілік еткен.
Каспий теңізін Гиркан теңізі деп атаған, соған байланысты каспийліктерді кейде гирканилер дейтін.
Еліміздің батыс аумағын б. з. б. VIII ғ. мен б. з.- дың V ғ. мекендеген.

Cарматтар жөнінде жазған тарихшылар

Дидор
Үлкен Плиний
Полибий
Герадот

Грек тарихшысы ГЕРАДОТ Б. з. б 490/480 - 425 ж. ш.
Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған. Савроматтар дах - массагеттер - мен, исседондармен туыстас келген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 969
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы Конспект Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О. Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы
Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы Конспект Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару -
Сармат тайпаларының орналасуы
Сармат тайпаларының орналасуы
Сармат тайпаларының орналасуы Конспект “Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Сарматтарды тарихи деректерде б. з. б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі және олардың шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
Сарматтар тарауы
Сарматтар тарауы
Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша: • Савроматтар ------------ өте жақын тілде сөйлеген; • Қауымдағы ------------------------ тең саналған; • Савроматтар ------------------------------------ туыстас келген;
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол Қосаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×