Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?

03 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?

Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері. Олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма оқушылар!
Біз өзіміздің думанымызды бастаймыз. Бүгінгі біздің бағдарламамызға тарих, социология, биология, медицина, химия саласының мамандары қатысып отыр және біздің құрметті көрермендеріміз сіздер қатысып отырсыздар. Біздің той-думанымыз қызықты, проблемалы және әсерлі болуы сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты.
Думанның тақырыбын хабарламас бұрын мына әнге құлақ салсаңыздар деймін. («Шашбаулым» әніне салып екі оқушы шығады, бір оқушы орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетіп отырады)
Бұл отырған шылымқор,
Сорады кеп шылымды ол.
Қанша айтсаң да алмайды,
«Тартпа»деген тіліңді ол
Қой, десең де қоймайды
Көк түтінге тоймайды,
Сора-сора уыты, өн бойыңды жайлайды.
Жөтел қысып, жатпайды
Бірақ, шылым сорғанда
Аузы тыным таппайды
Шылымсыз тек жүрмейді
Жоқ боп қалса тілдейді,
Бірақ оның зиянын, білсе дағы білмейді.

Жүргізуші:
Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Яғни, думанымыздың тақырыбы: «Темекі шегу: сәнге берілу ме, әдет пе, ауру ма?» Осы тақырып туралы ой-пікірімізді ортаға саламыз.
Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қана қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті жараспаған. Кісі өліміне апаратын жаман әдет бізге қайдан келді?

1-оқушы:
Темекі адамзатқа ерте кезден белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған.
1942 жылы Христофор Колумбтың әйгілі «Тинта» кемесінің матросы Родриго Гриана
«Алда жер көрінеді!» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлайды. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «петуш» деген шөптің кептірілген жапырақтары ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен.
Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері, балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «Өмір түтігін», яғни темекі шеккен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,
Шылым шегудің адам ағзасына зияны
Шылым шегудің адам ағзасына зияны
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М - С. Бабажанов атындағы ЖОББМ Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сансызбаева Ақгүл Тілегенқызы
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Көк түтінге тұңшыққан ұрпақ
Көк түтінге тұңшыққан ұрпақ
Қостанай облысы, Қостанай ауданы Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Искакова Айнұр Хасенқызы
Жат қылықтан жирен
Жат қылықтан жирен
Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×