Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құдіретті төрт Ана

30 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Құдіретті төрт Ана
Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – Ана. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан – жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат ананы мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп, мұзды бесік таянған – ана, баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап, аяғынан тік тұрғызады. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі - Ана тілі деп аталады. Ана сөзімен байланысты Жер - Ана, Ана тілі деген сияқты тіркестер бар. Осы тіркестердің мағынасы мен байланысын іздестіре отырып, Мен, Мұхтар Шахановтың « Құдіретті төрт Ана» өлеңіндегі төрт ана туралы не білемін? Адамға қаншалықты қажет дүние деген ойға келдім.

Шынында да әр адамның өзінің тағдыры бар. Өз анасынан басқа да құдіретті төрт Ана деп туған жерін, ана тілін, дәстүр мен салт - санасын, тарихын атап отыр. Кіндік қанымыз тамған туған жерімізді Айбын, ана тілімізді сатылмайтын Байлық, салт - дәстүрімізді Тірек деп айтуының өзі әр адамға терең ой тастайды. Олай болса, баласын мәпелеген Анадай неге адам баласы осы құдіретті төрт ананы қастерлемейді.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен қалыптаспай ма. Қазақ халқының атадан балаға қалдырған мұрасы туған жерді үлкен жауапкершілікпен қорғау адамзат парызы деп білемін. Өйткені көшпелі өмір ата – бабамызды табиғатпен етене байланыстырған.

Ал, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттың болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай халық. Өкінішке орай қазіргі таңда салт - дәстүріміз ұмытылып бара жатыр. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші, ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік салт – дәстүрді түзетуден басталады. Салт - дәстүрді біле отырып тарихты танимыз, ал тарихты білу Отанды тану.

Искакова Гауһар Нәдірханқызы
Құдіретті төрт Ана. жүктеу
21 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құдіретті төрт Ана
Құдіретті төрт Ана
Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – Ана. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан – жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат ананы мәңгі ардақтап, аялай
Аялайық ананы!
Аялайық ананы!
СҚО, Айыртау ауданы, Бірлестік ОМ - нің бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Баршын Жылқайдарқызы
Ардақты анашым
Ардақты анашым
Сабақтың мақсаты: дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ананы қадірлеп сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу, аналар мерекесіне орай құрмет көрсету.
Бала жанының әдемілігін түсін, Ана!
Бала жанының әдемілігін түсін, Ана!
Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Ойынды бірінші отырған адам бастайды. Кейінгілер осы бірінші ойыншының атын шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау.
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Ана - ұлт тәрбиешісі
Ана - ұлт тәрбиешісі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №2 Арал кәсіптік лицейінің физика және информатика пәні оқытушысы Гүлден Жансүгірова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×