Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш торай ертегісі

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Үш торай ертегісі
Баяғыда ағайынды үш торай болыпты. Үшеуінің бойлары да, түрлері де, доп - домалақ, құйрықтарына шейін бірдей екен. Аттарының өзі ұқсас: Ниф - Ниф, Нуф - Нуф, Наф - Наф. Жаз бойы жасыл шөпте аунап, күнге қыздырынып, шалшықта рахаттаныпты.
Жаз өтіп күз келеді. Күннің көзі бұрынғыдай қыздырмайды, сары орманнның үстіне сұр бұлттар жиі үйіріле бастады.
- Қыстың жайын ойлану керек,— деді бірде ерте оянған Наф - Наф ағаларына.
- Мен суықтан қалтырап тұрмын. Біз ауырып қалуымыз мүмкін. Бірлесіп үй салып бірге қыстайық
Бірақ ағалары жұмысты бастағылары келмеді, жер қазып, тас тасығанша, одан да күздің соңғы жылы күндері аунап - қунап, асыр салып қалғылары келді.
- Үлгіреміз! Қысқа шейін әлі уақыт бар, ойнай тұрайық одан да — деп Ниф - Ниф секіре жөнелді.
- Керек кезінде мен өзіме үй салып алам, — деді де Нуф - Нуф жерге жата кетті.
- Мен де, — деп қостады Ниф - Ниф.
- Өздерің біліңдер, мен сендерді күтпей өзіме үй сала беремін — деді Наф - Наф. Күн суыта бастады. Ниф - Ниф пен Нуф - Нуф асығатын емес.
Олар жұмыс жайлы ойлағылары да келмеді. Олар таңертеңнен кешке шейін ештеме істемей, секірді, аунады. Күнде ертеңмен уақыт өткізді. Жол жиегіндегі шалшықтың бетіне мұз қата бастағанда ғана олар жұмысқа кірісті. Ниф - Ниф ешкіммен ақылдаспастан, бір кеште өзіне сабаннан үй тұрғызып алды. Ниф - Нифке өзінің үйі ұнағаны сонша ол әндете жөнелді:
Жарты әлемді шарласаң да
Мұндай үйді таппассың – деп жақын маңда бұтақтардан, жіңішке шыбықтардан үй тұрғызып жатқан Нуф - Нуфке келді. Оның да үйі тез арада дайын болды, қуанған Нуф - Нуф былай деп әндетті:
Менің үйім жап - жақсы, жап - жақсы
Қорқынышты емес найзағай мен тамшы
- Міне сенің де үйің даяр болды, енді екеуміздің қолымыз бос жүр, Наф - Нафқа барайық, оны көптен көрген жоқпыз – деді Ниф - Ниф Нуф - Нуфке.
Наф - Наф болса тастарды тасыды, балшық езді, сөйтіп ол өзіне жаңбырдан, желден қорғанатын жылы, мықты үй салып алды. Үйдің есігін еменнен жасады, есікке тиек жасады, қасқыр кіре алмасын деп. Ниф - Ниф пен Нуф - Нуф ағаларын көріп айғай салысты:
- Сен не істеп жатырсың, үй ме, әлде бекініс пе?
- Торайдың үйі өзіне бекініс болуы керек – деді Наф - Наф.
- Сен кіммен шайқаспақшысың? - деп келемеждеді олар оны.
Ал Наф - Наф болса жұмысын әрі жалғастыра берді.
Мен бәріңнен ақылдымын
Үйді тастан қаладым
Ешбір аң, ешбір аң
Үйге кіре алмайды
- Бұл қандай аңды айтып тұр? Ниф - Ниф Нуф - Нуфтан сұрады..
- Мен қасқырды айтамын – деді Наф - Наф.
- Бұл қасқырдан қорқады, ал біз ешкімнен де қорықпаймыз - деп кете барды. Олардың шуынан ағаш түбінде ұйқтап жатқан аш қасқыр оянды.
- Бұл не шу?- деп қасқыр торайлар жүрген жаққа қарай жорта жөнелді.
- Қайдағы қасқыр, біз оны тұмсығынан ұстап аламыз - деп батырсынды торайлар, олар қасқырды тек суреттен ғана көрген болатын. Олар ағаштың тасасында тұрған тірі қасқырды көріп қорқып кетті. Қасқыр енді ұмтыла бергенде бұлар шыңғырып қаша жөнелді. Әрқайсысы өз үйлеріне қарай жүгірді. Ниф - Ниф үйіне жетіп есігін жауып алды.
- Есігіңді аш, әйтпесе сындырамын – деді қасқыр.
- Жоқ - деді Ниф - Ниф, - ашпаймын!
Қасқыр: -"Ф - ф - ф - y - y - y"- деп үш рет үрлегенде оның үйінен дым қалмады. Ниф - Ниф жанұшыра қаша жөнелді.
Тез арада Нуф - Нуфтың үйінің алдында болды. Екі ағайынды есікті жауып үлгіргендері сол еді, қасқырдың:
- Мен сендерді жеймін – деген дауысы естілді.
- Мен шаршадым, үйге кеттім – деген қасқыр торайларды алдап тығылып қалды.
Сен естідің бе, ол үйіне кетті – деп олар қайтадан асыр салып ойнай бастады. Ал қасқыр болса қойдың терісін жамылып, есікті қақты.
- Мен кішкентай тоқтымын, табыннан адасып қалдым, мені үйге кіргізіңдерші - деп жалынды.
- Қойды кіргізсек кіргізейік – деп, есікті аша бергенде, тісі ақсиған қасқырды көріп, есікті күштеп жауып алды. Ашуланған қасқыр бар күшін салып бес рет үрлегенде бұл үй дің де быт - шыты шықты. Торайлар Наф - Нафтың үйіне қарай қаша жөнелді. Ағасы есік ашып кіргізді. Екеуі ештеме айтуға шамалары келместен төсектің астына тығылды. Наф - Наф бәрін айтпастан түсінді. Есікті бекітіп, әндетіп орындыққа жайғасты.
Есік қағылды.
- Бұл кім?
- Көп сөйлемей, аш есікті - деді қасқыр.
- Ашпаймыз!
- Ах, солай ма? Онда үшеуіңді де жеймін.
- Жеп көр! - деді Наф - Наф.
Қасқыр аузын ауаға толтырып қанша үрлесе де үй орнынан қозғалмады. Ашуға булыққан қасқыр есікті жұлқылай бастады, есік те ашылмады. Ызаға булыққан қасқыр тасты тістерімен қыршыды, қабырғаны тырнады, түк шықпады, тек тісін ауыртып, тырнағын майыстырды.
Басын көтеріп жоғары қарап еді, пештің мұржасын көрді.
- Мұржа арқылы үйге кіретін болдым - деп қуанды қасқыр. Ол ақырын мұржаның бойымен ішке түсе бастады. Ақылды Наф - Наф пеште қайнап тұрған қазанның қақпағын аша қойды.
- Хош келдің! - деді Наф - Наф. Күйеге ып қарап тұрды. Қасқыр қайнап тұрған суға күмп етті. Қасқырдың жүні үрпиіп, көзі бақырайып, бақырған күйі келген ізімен кейін орманға қаша жөнелді. Үш ағайынды оның артынан мәз болып қарап тұрды. Содан бері ағайынды үшеуі Наф - Наф, Ниф - Ниф, Нуф - Нуф тату - тәтті бір шатырдың астында өмір сүріпті.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
39 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нан қайдан шығады?
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.
Маша мен аю
Маша мен аю
Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.
Отан
Отан
Кеудесінде қайрат - күші бұлқынып, Болашақ деп шырқай түскен ұранын. Өзі де сол болашаққа ұмтылып, "Отан" десіп өсіп келеді ұланың.
Әскербектің әтеші
Әскербектің әтеші
Әскербектің әдемі қауырсынды әтеші бар. Ол өзінің басқалардан әлдеқайда артықтығын сезінетін тәрізді, өте маңғаз. Оның үстіне үш мезгіл шақырған даусы да ерекше. Ауылдағылардың көбі Әскербектің әтешін даусынан таниды.
Не деу керек?
Не деу керек?
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Ақылды қыз (Ертегі)
Ақылды қыз (Ертегі)
Байқоңыр қаласы, Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы №14 бастауыш мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Мұхамедқалиева Сымбат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×