Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы мен жаман ертегісі

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Жақсы мен жаман
Адам атызға бір Гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен - күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп - мөлдір суды да, тап - таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, құмарлана қарайтын. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеп отырғызған адамға да өте риза еді. Бір күні:
- Әй, сен көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз шөп басын қылтитып тұр екен.
Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте - бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі бар Гүлге басын сүйеді.
- Жабырқама, сабыр ет! – деп жұбатты ол. – Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Өз құлқынынан басқаны ойламайтын жауыз шөптен әлі - ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз - жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды.
Әлгі Гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады.
Гүл қайтадан құлпырып өсе бастады. Алайда көп нәрсені ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен - ау.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
12 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тышқанның өсиеті
Тышқанның өсиеті
Тышқан баласына оңашада үйретіпті: «Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, оны жеймін деп барсаң қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме», - деп.
Шал мен кемпір ертегі
Шал мен кемпір ертегі
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты, олардың күйеуге бермеген үш қызы бар екен.
Жылы жүрек – жақсы тілек
Жылы жүрек – жақсы тілек
Мейірімділік, жақсы тілек, ізгілік, адамгершілік. Оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру және құндылық ретінде мәнін ашу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының меңгерушісі Достанова Әсел Жангелдіқызы
Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін
Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін
Өлеңнің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×