Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қожанасыр жайлы әзіл-әңгімелер

27 мам 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қожанасыр жайлы әзіл-әңгімелер

АҚ КӨЙЛЕК
Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма - жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады. Ертеңінде тұрып түндегі атқан нәрсесін қараса, ол өзінің жуып, жайып қойған көйлегі екен, мылтықтың оғы шұрық - тесік қып кетіпті. Қожа көйлегін әрі - бері айналдырып көріп тұрып: «Қатын, қатын, апырай, көйлегімнің ішінде өзімнің болмағаныма шүкір, егерде өзім болсам не болар едім?» - депті.

***
Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден:
— Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? — деп сұрапты.
Әпенді ойланбастан:
— Осы көлдей шелек тапсаң, бір - ақ шелек шығады, — деген екен.

***
— Теңіздің суы неге ащы? — деп сұрапты біреу Қожанасырдан.
— Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой, — депті Қожанасыр.

***
— Соңғы күндері сені әлдебір ой меңдеп алған тәрізді. Нендей ой екенін маған да айтсаңшы, бәлкім жәрдемім тиер,- депті Қожаға кемпірі. Сонда жарықтық терең күрсініп:
— Жаман айтпай жақсы жоқ. Қатын, әбден қартайыпсың. Екеуміз отау құрғанымызға да қырық жылдан асыпты. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген. Танысып қоялықшы, осы сенің атың кім? — деген екен.

***
Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп - кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
— Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді.
Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
— Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
— Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.
— Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр.

***
Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады.
Біреу аптыға жүгіріп келіп:
— Мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті.
— Мен хат танымаймын.
— Ендеше неге басыңызға сәлде орайсыз?
— Е, мәселе сәлде де болса, мә, басыңы ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең.
1 692
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еріккен хан
Еріккен хан
Еріккен хан бір күні халықты жинап ап: «Кімде - кім жалтыр мұздың үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік алтын беремін. Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады», - деп жариялайды.
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Қолғап
Қолғап
Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»- депті.
Алдар көсе мен Қожанасыр
Алдар көсе мен Қожанасыр
Алдар көсе мен шайтан бірлесіп бидай егеді. Егін піскен соң орып, бастырып, бидайын бір бөлек, саламын бір бөлек қойыпты да, шайтанға көрсетіп айтыпты:«Көбін аласың ба? Азын аласың ба?» – деп, шайтан: «Көбін аламын!» – депті. Көбі мынау деп, саламды
Шал мен кемпір ертегі
Шал мен кемпір ертегі
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты, олардың күйеуге бермеген үш қызы бар екен.
Тіл дамытуға арналған мәтіндер
Тіл дамытуға арналған мәтіндер
Үш аңшы аңға шығыпты. Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×