Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түлкі мен ешкі

28 сәуір 2019, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
17 740
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арыстан мен түлкі
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: - Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты. - Тырна, маған қонақ болып кет.
Қолғап
Қолғап
Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»- депті.
Түлкі мен ешкі ертегісі
Түлкі мен ешкі ертегісі
Балалар ертегінің астарлы мәнін ұғады, орман аңы мен үй жануары туралы білімдері кеңейеді, жаңа технологияның маңызын ұғады.
Мәтін
Мәтін
Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көптілеуова Гүлнар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×