Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңіліңе астамшылық алма

29 мам 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Көңіліңе астамшылық алма
Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады. Сонсоң «мен өзім бірсыпыра елді билеп тұрмын, білімім артық, маған не кемшілік бар» дейді. Сөйтіп отырғанда көшеден айқай шығады.

Бір уәзір келеді де: «Бір нәрсе көрдім, не екенін білмеймін, соны, патшам, сізге көрсетуге келе жатырмын», - дейді. Патша далаға шығып қараса, заулап жанып бір от бара жатқанын көреді. Уәзірге: «Менің дүлдүлімді әкел», - дейді. Уәзір дүлдүлді әкелді. Оған мінеді де тура қуады. Қуады да шаһардан екі шақырым шыққаннан кейін жетеді. Жетіп келіп қараса, жүні сусылдаған алтын киік. Әлгі жарқыраған сол киік болып шыққан.

Киік бір батпаққа қабырғасынан батып жатқан. Патша: «енді бұған барсам ат жығылады, киімім былғанады» деп, барша киімін сыпырып тастап жаяу, жалаңаш киікті ұстауға қасына келеді. Патша қасына келгенде санынан батпаққа батады. Киік сілкініп-сілкініп қойып еді, айдары беліне түскен ақ жігіт болды. Сонсоң патшаның киімін киіп, атын (дүлдүлін) мініп, «қош, патша» деп, шаһарға қарай жүріп кетеді. Хан (патша) батпақтан бір мезгілге шығып шаһарға келіп еді, балалар тас лақтырып қуып шаһарға жуытпай тастайды, «жалаңаш жүрген жынды кісісің» деп, сонан кейін «бүйтіп тірі жүргенше, суға ағып өлейін» деп өзен шетіне келсе, судың жағасында бір кемпір - шал отырады. Патша келісімен «суға түсіп өлемін» дейді. Шал «өлме» дейді. «Өлмей қайтем, киімім жоқ, тамақ жоқ». Сонсоң кемпір - шал бір ескі көйлегі мен кішкене нан береді. Шал: «Сен бүйтіп жүрме, қалаға барып қайыр тіле», - дейді.

Мойнына бір дорба салып алады да шаһарға келеді. Садақа сұрап төрт - бес күндік тамақ тауып алады. Патша бір мезгілде «үйіме барып көрейін, шын бар ма екен, әйел - балаларымды, уәзірлерді көрейін, мені таныр ма екен» деп келеді. Келіп ханға «ассалаумағалейкүм!» деп, «қайыр - садақа» деп, уәзірлерді қағып тастап, тура ентелеп ханның алдына барады. «Сен кімсің, қай жердің кісісісің», - дейді хан. Сонда «осы шаһардікімін» дейді. Шаһардікі болсаң қай рудан таралдың, атың-жөнің бәрін шапшаң айт», - деп сұрады. Көрген-білгенін тегіс баян етеді. Сонсоң бір уәзірін шақырады да: «Мынаны жеті қайта боз биенің сүтіне шомылдырып алып келіп бер», - дейді. Жеті қайта шомылдырып, ханның алдына әкеліп бергеннен кейін, мүсәпірдің қолынан ұстайды. «Кітаптың бетін ашқаның рас па?» - деді. Ол «рас» деп жауап қайырады. «Бұдан былай көңіліңе астамшылық ойлама!» - дейді де: «Міне тағың, міне жұртың, міне уәзірің, міне елің, мен Жәбірейіл періштемін», - деп, тағын өзіне беріп жоқ болады. (Қиял - ғажайып ертегілер)
1 868
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық пен жамандық
Жақсылық пен жамандық
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті.
Шал мен кемпір ертегі
Шал мен кемпір ертегі
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты, олардың күйеуге бермеген үш қызы бар екен.
Бұлбұл. Андерсеннiң ертегiсi
Бұлбұл. Андерсеннiң ертегiсi
Ерте, ерте, ертеде, баяғы өткен заманда Қытай жеріндегі патшаның сарайы дүние жүзіндегі ең әдемі, ең ғажайып сарай деген атақ алыпты. Нәзік, жұқа фарфордан тұрғызылған сарайға, тіпті, жақын дауға да, оған қол тигізуге де адам баласы бата алмайды
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Аяулы күз, алтын күз
Аяулы күз, алтын күз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы ұйымдастырушы педагогы Қоханова Алия Елеубергеновна
Жаңа жылдағы жаңа ертегі
Жаңа жылдағы жаңа ертегі
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Ажибаева Гүлназ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×