Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл - айтыскер ақын

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Тақырыбы: Жамбыл - айтыскер ақын
Жамбылдың алғашқы ақындық ортасы бір ғана Сүйінбай болып қоймаған. Ол жас кезінен - ақ Алатау, Қаратау атырабындағы көптеген ақындармен кездескен, олармен тұздас - дәмдес болған.
Іле бойындағы топардан шыққан Қуандық ақын (1831 - 1919) Жамбылдан бір мүшелдей үлкен екен. Екеуі талай кездесіп, бірінің өлеңін бірі айтып, әзіл - қалжыңдасып жүрсе керек. Сол Қуандық қасқарау ақыны Сарбаспен (Тілеулі Майкөтұлы) кезек - кезек айтысып, бірін - бірі жеңісе алмай жүреді.
Бір жиында Қуандық губернатор, болыстарды: «Түйедегі нарымсың, маңдайдағы барымсың, арыстаным, арланым, жылқыдағы тарланым», - деп, мақтай жөнеледі. Сол тойда отырған Сарбас ақын шыдай алмастан оған былай деп килігіпті:
- Ау, Қуандық, Қуандық, болыстар мен оязды «Түйедегі нарым» деп, мұрнын тесіп үстіне жүк артқалы жүрсің - ау, «Арыстаным» деп оларды соғып алмақсың - ау, «тарланым» деп, мініп алайын деп жүрсің - ау...
- Ояз, офицерлер қасындағы тілмаштан:
- Бұл екі ақын не деп жатыр? – дегенде, тілмаш: «анау ақын былай деді, мынау ақын солай деді» деп түсіндіреді. Ояз, бек, төрелер Қуандықты сабап, үйден қуып шығыпты да, Сарбастың арқасынан қағып «жарайсың» депті. Жамбыл осы екі ақынның әлгі айтысын қызықтап, оны соңғы кезге дейін айтып жүрген.
Жамбыл мен Тоқтағұл
Қырғыз елінің ақын, жыршы, манасшыларымен талай кездесіп, сұқбаттасып жүрген Жамбыл өмірінің соңғы күндеріне дейін Мұратәлімен дос болған. Осы екі өнерпаздың достығы жөнінде қырғыз зерттеушісі Б. Алагүшевтің кітапшасында Мұртаәлінің Ыстықкөл жағасында Жамбылмен талай кездесіп, күй шертісіп, жыр айтысқаны жазылыпты. Сонда Мұратәлі «... қазақтың атақты ақыны Жамбылмен дос болған. Одан қазақ елінің талай өлеңдері мен күйлерін үйреніп екі шекті домбыраны шебер шерте білген. Бір туған қазақ ауылдарына досы Жамбылмен бірге барып қырғыздың күйлерін шертіп берген. Қазақ елінің әдет - ғұрып, салтымен танысқан, елінің тілін үйреніп өлеңдерін, күйлерін домбырада сандуғашша сайратқан». Бір бұл емес, Жамбыл ертеректе Тыныбектен «Манасты» тыңдаған. Әсіресе қырғыз халқының ұлы ақыны Тоқтағұлмен сырлас, мұңдас болып өткен. Кеңес тұсында Тоғолақ, Қалық, Әлімқұл, Оспанқұл сияқты ыршы, қобызшылармен жиі кездескен.
Қырғыз ССР ғылым академиясының қолжазбалар қорындағы сақталған материалдарда Тоқтаұлдың 1910 жылы Сібір тұтқынынан қашып шығып, қазақ еліне қалай жеткенін, Жетісуда Жамбыл ауылына келіп, онымен танысып, айлап бірге жүргені жазылған.
Біз білмейді екенбіз, Тоқтағұл Сібір түрмесінен қашып, орманды аралап жүре беріпті. Сөйтіп, қазақ жерінің шетіне ілігіпті. Ауыл аралап, өлең айтыпты, жарасы жазылып, есін жинапты. Семейді жағалап, Аягөз асып, Жетісуға жетіпті. Қаракестекте Жамбылмен кездесіпті. Жәкең жарықтық Тоқтағұлдың тау суындай тасқындап, төгілген жырына, бай, манаптарға бетің бар, жүзің бар демей батыл айтқан сөзіне тәнті болып, оны өзі ертіп жүріпті. Қастек, Қаскелең, Майтөбе, суықтөбені аралатыпты. Екеуі Құлансаздағы тойда болыпты. Содан Қордай асыпты. Кебекпай, Ноғайбай ауылдарын ән мен жырға бөлепті. Берегіректе Жәкеңнің қасында көбірек жүрдік қой. Сонда Жәкең әсіресе Мұратәлі мен Тоқтағұлды аузынан тастамайтын. Қырғыз достарына Тоқтағұлдың жырларын айтқызып, Мұратәлінің күйлерін шерткізетін. Жаздың тамылжып тұрған бір күнінде Ыстықкөл жағасындағы бір қырғыздың үйінде аялдап отырғанымызда ол Тоқтағұл туралы біраз әңгіме айтып еді. Сондағы Жәкеңнің:
- Айдауды көрген Тоқтағұл,
Байлауды көрген Тоқтағұл,
Зынданды көрген Тоқтағұл,
Мұң, зарды көрген Тоқтағұл,
Қол - аяғы кісенмен
Қинауды көрген Тоқтағұл,
Қайда екен сол Тоқтағұл? – деген терме сөзі әлі есімде...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 243
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі
Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі
Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі
Айтыс шебері – Жамбыл
Айтыс шебері – Жамбыл
"Сам орта мектебі" ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Чопанова Гулжайнар Аскарбаевна
Жамбыл Жабаевтың "Алғадай туралы әрбір ой" өлеңі
Жамбыл Жабаевтың "Алғадай туралы әрбір ой" өлеңі
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Қуандық Шаңғытбаев. Сабалақ
Қуандық Шаңғытбаев. Сабалақ
Сабақтың тақырыбы: Қуандық Шаңғытбаев (1925 - 2001) Сабалақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×